169
– Сынау тҥрін және техникалық қҧралдарды таңдау;
– Параметрлік және функционалдық тоқтау негізгі тҥрлерін анықтау;
– Оперативті сынау режимдерін және
әдістерін таңдау;
– Берілген уақытқа байланысты жҧмыс істеп тҧрған факторлар мен
ҥлгілер санын анықтау мақсатында сынау жоспарын қҧру;
– Бақылаудың тоқтауы әдістері мен қҧралдарын, нәтижелерді ӛңдеу
әдістерін таңдау.
Объектінің тоқтауына әкеліп соғатын, әсіресе, процестің интенсивті
жҧмыс істететін режим бойынша жҥрістің бос
және іркілісті толық жоятын
немесе қысқартуымен қортындыланылатын жағдайда оперативті сынау әдісі
уақыттың тығыздығына байланысты жеделдетуге негізделген.
Жеделдетуге келесі жолдармен жетеді:
– Объектіге әсер ететін жҥктемені ҥстемелеу арқылы;
–
Ортадағы
агрессивті
немесе
абразивті
элементтердің
концентрацияларды ҥстемелеу арқылы жылдамдық қоғалысын арттыру;
– Электрлік тӛзімділікке сынау кезінде электрлік кернеуді ҥстемелеу
арқылы;
– Температураны,
ылғалдылықты, қысымды, сәулеленің интенсивтілігін
және т.с.с. ҥстемелеу арқылы.
2) Климаттық сынаулар. Қиын климаттық полярлық, тропикалық,
шӛлейттік және т.с.с. жағдайларда кӛптеген объектілер қалыпты жҧмыс жасау
қажет. Оларға
климаттық әсерлер температура, ылғалдылық, ауаның қысымы
және т.б. әсер етеді.
Климаттық сынаулар:
– Температураның циклдік ӛзгеруі, ол қоршаған ортаның температурасы
ӛте тӛменгіден ӛте жоғары температураға тез ӛзгеруі;
– Ылғалдылықтың ӛзгеруіне байланысты температураның ӛзгеруі;
– Атмосфералық концентрлік қонулар (шық және қырау);
– Атмосфералық тҥсетін жауын-шашындар (жауын);
– Тҧздық (теңіздік) тҧман және басқа агрессивті орта;
– Суға және шаңға қорғанушылығы сияқты әсерлер бойынша жҥргізіледі.
Сынауды екі топқа бӛлуге болады.
Бірінші топ – әсер ететін факторлардың шекті
мәні кезіндегі пайдалану
параметрлерінің тҧрақтылығына сынау. Екінші топ – әсер ететін факторлардың
жіберілетін шекті мәні кезіндегі сапа кӛрсеткіштерінің тҧрақтылығына сынау.
Бірінші жағдайда, бҧйымды пайдалану кезінде параметрлер берілген мәндер
шегінде болуы тиіс, екінші жағдайда сынау біткеннен
кейін де пайдалану
параметрі, сыртқы тҥрі және басқа кӛрсеткіштері ӛзгеріссіз қалу тиіс.
Қоршаған ортаның температурасы 200°С қыздырылған немесе –100°С
тӛмен тҥсіре алатын термостатты немесе креостатты арнайы камераға сынау
объектісін орналастырып, температураның ӛте жоғарылауына немесе ӛте
тӛмендеуіне сынау жҥргізеді. Техникалық шартта температураны ӛзгерту
жылдамдығы, ҧстап тҧру уақыты және т.с.с. сынау режимдері кӛрсетіледі.
Мысалы оптикалық қҧралдардың бір бӛлігін +37°С температураға дейін
170
қыздырса, келесі бір бӛлігін –40°С температураға
дейін суыту арқылы
температураның ауытқуына сынау жҥргізеді.
Температураны 25°С дейін, ауаның ылғалдылығын 98% дейін кӛтеріп,
буландыру
жолы
арқылы
гидростат
камерасында
ылғалдылықтың
жоғарылауына немесе тӛмендеуіне сынау жҥргізуге болады. Сынау
объектісінің ішінде бір уақытта ылғалдылықтың және температураның тҥсуі
ішкі және сыртқы беттерге шықтың немесе қыраудың тҥсуіне әкеліп
соқтырады.
Судан қорғанушылыққа сынауды жаңбырлатқыш камераларда әртҥрлі
бҧрыштан суды жіберу арқылы жҥзеге асады.Объекті су шашқыштан 1,5-2 м
қашықтықта орналасады. Су шашу 30минуттан кем уақыт аралығында болады.
Тҧздық (теңіздік) тҧманмен сынау объектісін сәйкес ерітіндімен
бҥріккіштерден шашу арқылы іске асады.
Шаң және қҧмның әсеріне тӛтеп беру тҧрақтылығына сынау. Камерада
белгілі бір шамада болатын шаңның шамасы
бақыланып отыратын қажетті
шаңтозаңдық орта тудырады. Сынау статикалық немесе динамикалық болуы да
мҥмкін. Динамикалық сынау болған жағдайда объектіні қҧрамында тас, қҧм
және саз бар ауа ағынын қысыммен береді. Ҧшырылып отырған бӛлшектердің
ӛлшемі 50 мкм-ден кем болмауы тиіс. Сынау процесі барысында ауа
бағытының қысымы мен бӛлшектер мӛлшерін бақыланып отырады. Сынау
біткен соң оъектінің ішіне тҥскен шаңның, ішкі және сыртқы бҧзылуын,
жҧмысқа қабілеттілігін, жалпы объектінің ішін және сыртын мҧқият
бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: