Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет153/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

9.3. Сапа жҥйесін енгізу 


215 
Сапа жҥйесін табысты енгізудің бірінші және негізгі шарты жоғары 
басшылықтың ҥнемі қатысуы арқылы, жеке қызығушылығы арқылы ғана әсерлі 
сапа жҥйесін қҧруға болатынын тҥсінуі болып табылады. Әсерлі сапа жҥйесіне 
қол жеткізу сапа жҥйесі бойынша оқытусыз жҥзеге асырылуы мҥмкін емес. 
Бірақ жоғары басшылықтың тығыз жҧмысына байланысты оқыту курсы қысқа 
болу керек.
Екінші маңызды шарты – ӛз кәсіпорынындағы қызметкерлерін сапа 
жҥйесі бойынша дайындау. Себебі кеңесшілік фирмалар кәсіпорынның барлық 
ерекшеліктерін біле алмайды. Сапа жҥйесі бойынша оқытылған ӛз мамандары 
қолда бар қҧжаттарды талдап, қайта жасап, толықтырып, қайта қарай алады. Ал 
кеңесшілер барлығын қайта жасауды ҧсынады. Мҧндай жағдайда қҧжаттар 
жҧмыс істемейді. Олардың «процестерді идентификациялау», «сапа 
критерийлері» деген сияқты ҧсыныстары әрине дҧрыс, бірақ қатардағы 
орындаушылар ҥшін бҧл ҥйреншікті емес, яғни, сапа жҥйесін енгізу процесінде 
кеңесшілерді тартудың қажеті жоқ, олар тек бағыттаушы рӛл атқаруы тиіс, ал 
жҧмыстың барлығын жҧмыскерлер істеуі тиіс. Егер директор ӛз 
қызметкерлерінің пікірін барлық уақытта қҧптамаса, онда кәсіпорын басшысы 
кеңесшілердің кӛмегін қажет етеді. Сондай-ақ кәсіпорын жҧмысы ҥшін жаңа 
адамның пікірі маңызды болып табылады.
Сапа жҥйесін дайындауды ең алдымен, «Сапа бойынша жалпы 
жетекшілікті» жазудан бастаған дҧрыс, яғни жҥйе қҧрылымын «жоғарыдан» 
бастау керек. Ол ҥшін «біздің кәсіпорында ИСО-9001 талаптарының әрқайсысы 
қалай орындалып жатыр?» деген сҧраққа жауап беру керек. ИСО бойынша 
талап етілген әрбір бағыттағы жҧмыстардың орындалуын сипаттау кезінде 
қолда бар қҧжаттарға немесе дайындалатын қҧжаттарға сілтеме жасау қажет
яғни, сапа жҥйесінің келесі деңгейінде қажетті қҧжаттар мен процестер 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет