Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет155/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

9.4. Сапа жӛніндегі басшылық 
 
Сапа жҥйесін енгізу сапа жӛніндегі басшылықты енгізуден басталады.
Сапа жӛніндегі басшылықтың негізгі тағайындалуы сапа жҥйесін және 
оны қҧраушы жҥйелерін жалпы сипаттау (сапаны жоспарлау, сапаны басқару, 
сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту) болып табылады.
Сапа жӛніндегі басшылық – бҧл негізгі мазмҧны мекеме туралы 
мәлімдеме беретін басты концептуалдық қҧжат, оның визит карточкасы болып 
табылады. Сапа жӛніндегі басшылық сапа жҥйесін енгізу кезінде, оны жҧмыс 
және жетілдірілген кҥйінде ҧстау кезінде тҧрақты тҥсініктеме материал 


220 
функциясын атқарады. Ірі кәсіпорындарда сапа жӛніндегі басшылықтың 
иерархиясы болуы мҥмкін:
– сапа бойынша жалпы басшылық;
– әртҥрлі ӛндіріске арналған сапа бойынша басшылық (ӛнім тҥрлері 
бойынша);
– әртҥрлі бӛлімшелерге арналған сапа бойынша басшылық;
– ӛндірістің және онымен байланысты жобалау, материалды-техникалық 
жабдықтау функцияларының әртҥрлі сатыларына арналған сапа бойынша 
басшылық.
ИСО 9001 стандартына сәйкес, сапа жҥйесі келесі элементтерден тҧрады. 
Олардың әрқайсысы Сапа жӛніндегі басшылықтың сәйкес бӛлімінде 
сипатталады:
1. БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
2. РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТ 
3. ӚМІРЛІК ЦИКЛ ПРОЦЕСТЕРІ 
4. ӚЛШЕМДЕР, АНАЛИЗ, ЖАҚСАРТУЛАР 
2000 жылғы нҧсқасында 1994 жылғы нҧсқада бар 20 пункт алынып 
тасталған. Бірақ олар қосымша 4 ҧсынылған бағыттарға кіреді. 20 пункт туралы 
нақты мәліметті процестік әрекеттің ҥздіксіздігін кӛрсету ҥшін алып тасталды.
Бірақ сапа жӛніндегі басшылықты қҧрудың ыңғайлылығы ҥшін (әсіресе, бҧл, 
автордың пікірі бойынша, бірінші рет жасалып жатса) бҧл пункттерді 
басшылықтың кӛмекші моменттері ретінде енгізген дҧрыс.
1.  БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
1. 1 Басшылықтың міндеттері
Стандарт мынадай сҧрақтардың нақты жауаптарын талап етеді: ӛнім 
немесе қызмет орындалу сапасы мен мерзімі бойынша белгіленген талаптарға 
сәйкес келу кепілдігіне кім жауапты және мекемедегі сапаны басқару жҥйесінің 
әсерлілігіне кім кепілдік береді?
Берілген бӛлім бірнеше бӛлімшелерден тҧрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет