Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров



Pdf көрінісі
бет150/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

 AS 9100 – бҧл американдық аэроғарыштық сапа тобы мен EN 9000-1 
еуропалық стандарт жобасының бірлесуі арқылы жасап шығарылған 
стандарттар жҥйесі. Қазіргі кезде Дженерал электрик, Хоувэлл, Ройлс-Ройс 
компаниялары ӛздерінің аэроғарыштық жеткізушілерінен AS 9100 
стандарттарына сәйкестікті талап етеді. 
QS 9000 – бҧл автомобильдік компаниялар жасап шығарған стандарттар 
жҥйесі. Қазіргі уақытта әлемдегі 13 мыңға жуық компаниялар QS 9000 
стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификатын алған (оның 6 мыңға 
жуығы АҚШ-та).
IRIS – бҧл теміржол кӛліктерінің сапа менеджменті саласында қҧрылған 
стандарт, 2006 жылы жасап шығарылған (International Railway Industry 
Standart). Ол теміржол кәсіпорындары ҥшін теміржол техникасын ӛндірушілер 
мен ӛнімді жеткізушілерге базалық жҥйені анықтайтын халықаралық стандарт 
болып табылады. 
ISO 14000 – бҧл қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі стандарттар жҥйесі. 
Осы стандарт талаптарына сәйкестік сертификаттарының саны 111мыңға 
жуық. Дженерал моторс және Форд компаниялары ӛз жеткізушілерінен 
олардың ӛнімдері ISO 14000 стандартының талаптарына сәйкес болуын талап 
ететінін жариялады. 
ИСО 9000 сериялы стандарттарының азық-тҥлік саласына бағытталуы 
ҥшін 2001 жылдың қараша айынан ИСО 15161-2001 «ИСО 9001:2000 
стандартын азық-тҥлік ӛнеркәсібі мен сусындар ӛндірісінде пайдалану 
бойынша жетекші нҧсқаулар» стандарты енгізілді. Ӛндірістің бҧл саласында 
қазіргі уақытта «Тәуекелділіктер мен критикалық нҥктелер талдауы – ХАССП
(НАССР- Hazard analysis and critical control points)» салалық сапа бағдарламасы 
енгізіліп жатыр, ол АҚШ-та жасап шығарылған. Бҧл бағдарлама сапа жҥйесінің 
ИСО 9000 стандарттары негізінде ары қарай дамуы болып табылады. Содан 
кейін ХАССП талаптарына сәйкес келетін азық-тҥліктік кәсіпорындар 
сертификаттау бойынша ИСО 22000:2005 стандарты қабылданды.
2002 жылы ИСО комитеттері ИСО 19011 «Сапа менеджменті жҥйесі 
мен қоршаған орта аудиті бойынша жетекші нҧсқаулар» стандартын 
дайындады және енгізді. Бҧл стандарт сапа тҥсінігінің болашақтағы 
гуманизациясына бағытталған. Сапа мен экологиялық қауіпсіздік бірыңғай 
ҧғымдарға айналды және осы екі критерий бойынша сертификаттау бірдей 
уақытта жҥргізіледі.
2006 жылдың аяғына қарай ИСО 9000 сериялы стандарт талаптарына 
сапа жҥйесінің сәйкестік сертификатын Қытайда 162 мыңға жуық, 
Ҧлыбританияда 46 мыңға жуық, Италияда 105 мыңға жуық, Германияда 46 
мыңға жуық, АҚШ-та 45 мыңға жуық, Жапонияда 80 мыңға жуық, Франция 


211 
мен Оңтҥстік Кореяда 25 мыңға жуық мекемелер мен фирмалар алды. 2009 
жылы бҥкіл әлемде барлығы 175 елге 1 млн-ға жуық сертификат берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет