44
Алға қойылған мақсат максималды тиімділікпен орындалатын, ӛзара
байланыста жҧмыс жасайтын элементтер жиынтығын жҥйе деп тҥсінеміз.
Жҥйеге кіретін ӛзара байланыстағы элементтер жиынтығы тҥрлі деңгейде
иерархиялық тәуелділікті қҧруға мҥмкіндік беретін қҧрылымды қҧрайды.
Жоғар сапалы ӛнім
алуға жағдай жасауға, сапаны қалыптастыратын барлық
кезеңді қамтитын (жобалау, ӛндіру және дайын бҧйымды пайдалану)
рационалды стандарттар жҥйесі керек.
Кәсіпорындардың кеңінен тараған сала аралық байланысында
стандарттар жҥйесі шикізат,
материалдар, дайындама және дайын бҧйым мен
орам стандарттарын қамтуға тиіс. Бҧл принципті машиналарды, жабдықтарды,
аспаптарды және т.б. кешенді және озық стандарттауда, сапаны кешендік
басқару жҥйесін енгізу кезінде кеңінен қолданады. Стандарттар ӛнімді шығару
процесін тҥгел, шикізат алудан орауға дейін және тҧтынушыға жіберуді қамтуы
тиіс. Сонда ғана ӛнімнің жоғары сапасы және оның тҧтынушыға
қауіпсіздігі
нәтижесіне қол жеткізуге болады.
Кешендік стандарттау – нақты мәселенің оңтайлы шешімін қамтамасыз
ету мақсатымен, объектіге әсер етуші басқада материалдық және материалдық
емес факторларға, стандарттау объектісінің ӛзіне
және оның негізгі
бӛлшектеріне бағытты және жоспарлы тҥрде ӛзара байланысты талаптар
жҥйесін тағайындау мен қолдануды жҥзеге асыратын стандарттау.
2. Стандарттың озықтық және оңтайлы принциптері
Стандартпен тағайындалған кӛрсеткіштер, нормалар,
сипаттамалар, талаптар
ғылым, техника және ӛндірістің әлемдік деңгейіне сәйкес болуы керек. Олар
даму тенденциясын ескеруі, ӛнімнің жаңа
сапасының тиімділігін жасауы,
материал және пайдалану шығындарын ескеретін сапаның экономикалық
оңтайлы кӛрсеткіштерін тағайындауы тиіс. Аз шығынмен жоғары тиімділікке
қол жеткізу керек.
Уақыт ӛте стандарт талаптарын қатайту жағына қарай қайта қарау қажет,
ӛйткені бҥгін оңтайлы экономикалық шығынмен
қол жеткізген параметрлер,
ертең кҥнделікті болып қалады. Мысалы, азаматтық ҧшақтар мен
автомобильдердің
шу
деңгейі
немесе
теледидар
мен
компьютер
мониторларының сәулелену
деңгейі стандарттары. Стандарттарды қайта
қарастыру ӛнім ӛндірушілерді ӛз ӛнімдері
мен олардың сапасын әрдайым
жақсартып отыруға мәжбҥр етеді. Бҧл принцип озық стандарттауда
қолданылады.
Озық стандарттау дегеніміз – болжауға сәйкес,
жақын болашақта
оңтайлы болатын, стандарттау объектілеріне тәжірибе жҥзінде қол жеткізген
жоғары деңгейдегі нормалар мен талаптарды тағайындайтын стандарттау.
Достарыңызбен бөлісу: