Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі т. М. Мендебаев, Е. С. Асқаров


Ӛнімді жасау және ӛндіріске қою жҥйесіне



Pdf көрінісі
бет32/200
Дата16.11.2023
өлшемі3.11 Mb.
#483479
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200
mendebaev-stand-metr-sertif

Ӛнімді жасау және ӛндіріске қою жҥйесіне: 
- ҚР СТ 4.2-93. Халық тҧтынатын азықтық емес тауарлар
- ҚР СТ 4.3-2002. Жеңіл ӛнеркәсіп ӛнімдері. Негізгі ережелер; 
- ҚР СТ 4.4-94. Тамақ және ауылшаруашылық ӛнеркәсібі ӛнімдері. Негізгі 
ережелер; 
- ҚР СТ 4.5-2003. Шетел фирмаларының қҧжаттамалары бойынша ӛнімді 
ӛндіріске қою. Негізгі ережелер жатады. 


40 
Қазақстан Республикасы аккредиттеу жҥйесіне: 
- ҚР СТ 7.0-2004. Негізгі ережелер; 
- ҚР СТ 7.2-2000. Сертификаттау жӛніндегі органдарға қойылатын жалпы 
талаптар;
- ҚР СТ 7.3-2002. Сынау зертханаларына (орталықтарына) қойылатын жалпы 
талаптар кіреді. 
1.12. Стандарттау және Қазақстанның Дҥниежҥзілік сауда 
ҧйымына (ДСҦ) мҥше болуы 
Қазақстан Республикасы ӛз дамуында жасайтын ҥлкен қадамдарының 
бірі Дҥниежҥзілік сауда ҧйымына (ДСҦ) кіру. Қазіргі уақытта әлемдегі сауда 
айналымының 95 пайызы ДСҦ мҥше елдерінің қанжығасында, Қазақстанның 
50 пайыздан аса сауда айналымы ДСҦ мҥше-мемлекеттеріне келеді, ал бҧл 
ҧйымға Украина мен Ресей Федерациясы кіргеннен соң, сауда айналымы 90 
пайызға жетеді деуге болады. Бҥгінгі кҥні әлемнің 151 мемлекеті – ДСҦ 
мҥшесі. ТМД елдерінен Қырғыз Республикасы, Грузия және Украина ДСҦ 
мҥшесі. 
Еліміз ҥшін ДСҦ мҥше болу дегеніміз, бҧл әлемдік ӛнеркәсіп, сауда, 
білім және ғылым кеңістігіне кіру. Осы кеңістіктен сырт, дамыған елдерге 
қосалқы болып қалмау ҥшін кӛптеген істер қолға алынуда. Стандарттау, білім, 
сапаны басқару саласында реформалар енгізілуде, ғылымды жан-жақты 
дамытуға ҥлес қосатын ӛндеу технологиялары және ӛндірістері ҥшін 
инновациялық даму бағдарламалары жасалуда.
1996 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасы Дҥниежҥзілік 
сауда ҧйымына кіру туралы ӛтініш жасады. Қазақстан Республикасының 
территориясында жасалып және енгізіліп жатқан стандарттардың барлығы 
халықаралық талаптар мен нормаларға сәйкес, «Техникалық реттеу туралы» 
жаңа заң қабылданды. 
Білім және ғылым жҥйесі Болон конвенциясының (ДСҦ кіру 
шарттарының бірі) талаптарына сәйкестендірілуде – орта мектепте 12 жылдық 
білім беру, жоғары мектепте ҥш деңгейлік – бакалавриат, магистратура және 
докторантура, біліктілігі жоғары ғылыми қызметкерлердің деңгейін бағалау 
жҥйесі ӛзгертілді, білім бағалауда тестілеу жҥйесі жаппай енгізілуде және 
жоғарғы оқу орындарында кредиттік оқу жҥйесі, 2004 жылдың 9 шілдесінде 
Патенттік заңға халықаралық талаптарға сәйкестендіру ҥшін ӛзгертулер 
енгізілді және т.б. 
Тактикалық жоспар бойынша ДСҦ мҥше болу Қазақстанға не береді: 
- Қазақстан ашық нарықты экономикасы бар, дамуына кӛмектесетін әлемдік 
шаруашылық пен қҧрылымға кіреді, барлық ДСҦ мҥше-мемлекеттерімен 
жақсы қарым-қатынас режиміне енеді; 
- Қазақстан ӛзінің тауарларына қосымша және пайдалы транзиттік жолдар 
ашады. Бҧл Қазақстанның отандық ӛңдеу ӛнеркәсіп тауарларымен сыртқы 
сауданы дамытуға ҥлесін қосады; 


41 
- Елімізге болашақта ӛңдеу ӛндірістері мен жоғары технологияларды дамыту 
жағынан инвестицияларды тартуға әкеледі; 
- Қазақстан ҥшін сауда дамуында, әсіресе, қазақстандық экспорт тауарларға 
қатысты антидемпингтік талқылауда ДСҦ процедураларымен қарастырылған 
сауда-саясаттық таласта ДСҦ режимі әділеттілік негізінде жҥргізіледі деген 
сенім береді; 
- Қазақстан әлемдік сауданы реттеуге арналған нормаларды жасауда ҧлт 
мҥддесін қорғауға қҧқық алады; 
- Тиімді сауда саясатын жҥргізуге кӛмек беретін ДСҦ мҥше мемлекеттерінің 
сыртқы экономикалық саясаты және ӛкіметтерінің емеуріндерін білуге 
болатын ақпараттарды алуға мҥмкіндік туады; 
- Халықаралық сапа стандарттарын енгізу және алдыңғы қатардағы 
технологиялар, тауар, қызмет және инвестицияларды ішкі нарыққа тарту, 
ҧлттық ӛнімдердің сапасын кӛтеру және бәсекелестікке қабылетін арттыру 
шараларын жҥргізеді; 
- Импорттың кӛбеюі арқылы тҧтынушы тауарды тӛмен бағаға және кең 
ауқымды тҥрлерін алуға мҥмкіндік алады. 
Осы артықшылықтарды іске асыруда мына мақсаттарға қол жеткіземіз: 
1. 
Экономикамыздың бәсекелестігін көтеру. Шикізатқа бағытталған 
ӛндірістен ӛнім ӛндіру ҥлесін жоғарылатуға кӛшу. Экономиканың ӛңдеу 
секторларында шетел инвесторларымен ҧзақ уақыттық қарым-қатынасты 
жолға қою. 
2. 
Алдыңғы қатардағы әлемдік деңгейге сәйкес өндіріс пен қызмет көрсету 
саласының нормативтік базасын құру. ДСҦ мҥше болу тілегі Қазақстанды 
прогрессивтік экономикалық заңдарды қабылдауға жетеледі. Біріншіден, бҧл 
«Техникалық реттеу туралы» заң, патенттік заңға енгізілген ӛзгерістер, салық 
кодексі, « Теміржол кӛлігі туралы», «Білім туралы» заңдар, ИСО 9000 сапа 
жҥйесін сертификаттау, ИСО 14000 экологиялық, OHSAS 18001 денсаулықты 
қорғау және еңбек қауіпсіздігі халықаралық стандарттарын енгізу. Қазақстан 
сырттан әкелінген ӛнімдер мен кәсіпорындарға қойылатын экологиялық 
талаптарды қатайтты. Мысалы, ӛндірілген жанармай сапасын кӛтеру, 
автомобильдер ҥшін қатаң ережелер- Euro 2, 4, 5. 
3. 
Білім және ғылым деңгейін көтеру. ДСҦ кіру шарттарының бірі біздің 
білім жҥйесін Болон конвенциясының талаптарына сәйкестендіру. Орта 
мектепте 12 жылдық білім беру, жоғары оқу орындарында ҥш деңгейлік білім 
беру, ғылыми кадрларды аттестаттаудың жаңа жҥйесін енгізу. Мамандарды 
даярлау жақсартылады және замануи талаптарға сәйкес жҥргізіледі, ғылым мен 
техникадағы шетел жетістіктерін тез игереміз. Білім саласында Қазақстан 
Болон конвенциясына қосылды. 
4. 
Әлемдік шаруашылық жүйесіне қосылу. ДСҦ мҥше-мемлекеттеріне 
азаматтарымыздың кӛшіп-қонуы жеңілдейді. 
5. 
ДСҰ қаржылық, салықтық есеп беру талаптарын қабылдау біздің 
экономиканың тиімділігін арттырады және жемқорлықтың деңгейін 
тӛмендетеді. 


42 
Қазақстан Республикасына ДСҦ-ға Ресеймен бірге кіру қажет. Мҧндай 
қадам екі жаққа да тиімді, ӛйткені біздің елдер арасындағы экономикалық 
байланыс Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕураАзЭС) аумағында 
бҧрыннан бар. Біздің елдер ДСҦ аумағының бірінші кезеңінде ӛздеріне біраз 
жеңілдіктерге иек артады, атап айтсақ, энергия тасымалдаушыларға ӛз бағасын 
қою және елінің ауылшаруашылық ӛндірушілерін қорғау. 2009 жылдың 
маусым айында Қазақстан, Белорусь және Ресей Федерациясы арасында 
Кедендік Одақ қҧрылды, осы жағдайда біздің мемлекеттер ДСҦ мҥшелігіне 
бірге ӛтуге мҥдделі.
ДСҦ мҥше болу отандық ӛндіріске, ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлерге 
нағыз емтихан болмақ. ДСҦ мҥшелігі барлық мемлекеттерге басқа 
мемлекеттердің тауарлары мен қызметтеріне ӛз территориясында қандайда 
болмасын кедергі тудырмауын жҥктейді. Кедендік, салықтық капиталдың 
жылжуына және басқада кедергілерді қоюға рҧқсат етпейді. Демпингпен 
айналысуға, тауарды тӛмендетілген бағамен сатуға болмайды.
Экономикалық дамудың замануи доктринасы отандық ӛнім ӛндірушілерге 
ерекше жағдай жасауды қаламайды, теңдей және адал бәсекелестік болуы 
қажет. Бҧл кҥрестің негізгі биі  тҧтынушы, кімнің тауары немесе қызметі оны 
қанағаттандырса, ол соны таңдайды. Бірақ бір айта кететін жағдай, ДСҦ 
мҥшесі болу ережесінде ӛз ӛнім ӛндірушілерін қолдаудың шаралары мен 
ережелері қарастырылған, нақты бір ӛнім нарқында отандық ӛндірушілер ҥлесі 
нормативтік тҥрде анықталады, кейбір тауар және қызмет бойынша жағдайлар 
әрбір ДСҦ мҥше-мемлекетпен жеке анықталынады. Бҧл ҥлес нормативтік 
шамадан тҥссе, ДСҦ ҥлес мәнін нормативтік шамаға дейін кӛтеруге шара 
қолданады.
Республикамыздың ДСҦ кіру жҧмыстарын орындау ҥшін 1997 ж. 7 
тамызындағы № 1229 «Стандарттардың Мемлекеттік қорын қалыптастыру 
және дамыту туралы концепциясы» ҚР Ӛкіметі Қаулысы, 1998 ж. 2 
қазанындағы № 991 «1998-2000 жылдары ҚР мемлекеттік стандарттау және 
сертификаттау жҥйесін жетілдіру бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Ӛкіметі 
Қаулысы және «ДСҦ саудасындағы техникалық кедергілер бойынша 
келісімнің» 10 бабына сәйкес, Стандарттау, метрология және сертификаттау 
комитетімен «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» 
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын негізінде ДСҦ-мен ӛзара байланыс 
Орталығы қҧрылды.
ДСҦ ынтымақтастығы ақпараттық Орталығы техникалық реттеу және 
метрология бойынша Комитеттің базалық торабы болып келеді және ӛзінің іс-
әрекетін Мемлекеттік стандарттар қорымен байланыстырады. Ақпараттық 
орталықтың ДСҦ қарым-қатынас байланысы Қазақстанның ДСҦ кірудегі 
саудадағы техникалық кедергілер бойынша Келісімі (ТБТ) мен санитарлық 
және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша Келісімі (СФС) 
талаптарын толық кӛлемде орындауға бағытталған.
ДСҦ ынтымақтастығы орталығы, ДСҦ Секретариаты және қатысушы 
мемлекеттер ҧлттық ақпараттық орталықтары саудадағы техникалық 
кедергілер бойынша, Келісім мен санитарлық және фитосанитарлық 


43 
шараларды қолдану бойынша Келісімдермен анықталған процедуралары 
аумағында ақпаратты бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет