1.13. Стандарттарды жасау әдістемесінің негізгі ережелері
Әрбір стандартты жасаудың мақсаты ӛнеркәсіп қажеттілігі мен кҥтілген
экономикалық және техникалық тиімділікке негізделеді. Бҧл ҥшін алдын ала
теориялық және ӛндірістік мәліметтер, шетел тәжірибесі талданады,
ӛнеркәсіптің даму тенденциялары және болашақ қажеттіліктері бекітіледі.
Мемлекеттік стандарттау жҥйесі стандарттарды жасаудың 6 кезеңін
белгілейді:
1 кезең. Техникалық тапсырманы қҧру және стандартты жасауды ҧйымдастыру.
Бҧл кезеңде стандарт шығарушылар шығармашылық тобы қҧрылады. Топқа
берілген техника немесе ӛндіріс саласының мамандары, стандарттау және
метрология қызметтерінің қызметкерлері кіреді. Топ стандартқа енетін
техникалық тапсырмадағы стандарттау ӛніміне қойылатын талаптарды
қалыптастырады. Мысалы, жаңа буын тҧрмыстық радиоаспаптарына стандарт
жасалып жатыр делік. Топқа радиоэлектроника, акустика саласы мамандары,
стандарттау және медицина қызметкерлері кіреді. Техникалық тапсырмада
техниканың габаритіне, салмағына, дыбыс шығару параметрлеріне,
эргономикалық кӛрсеткіштеріне, пайдалану қауіпсіздігіне және т.б. қойылатын
талаптарды қалыптастыру қажет.
2 кезең. Стандарт жобасын (бірінші редакциясы) жасау және оны пікір
берушілерге жіберу. Топ стандарттың бірінші нҧсқасын жасайды да,
конструктивтік сын және ескертулер алу мақсатымен оны тәуелсіз
сарапшыларға таратады. Сарапшылар ретінде радиоаспаптар саласы
мамандары, медицина қызметкерлері және потенциалды тҧтынушылар
саналады.
3 кезең. Пікірлерді талдау және стандарт жобасының соңғы (екінші және
келесі) редакцияларын жасау. Сарапшылардан алынған пікірді талдаудан кейін,
талдау негізі мен ескертулерді ескере отырып, топ стандарттың соңғы мәтінін
жасайды.
4 кезең. Стандартты дайындау, келістіру және оны бекіту. Бҧл кезеңде жаңа
стандарттың жобасын дайындау және барлық мҥдделі жақтармен келісу
жҥргізіледі. Бҧл денсаулық сақтау, индустрия және жаңа технологиялар
министрліктері, нақты ӛнеркәсіп кәсіпорындары және т.б. болуы мҥмкін.
Келісуден соң стандарт Мемстандартқа бекітуге жіберіледі.
5 кезең. Стандарты қарастыру, бекіту және тіркеу. Стандарт Мемстандартта
қарастырылады, бекітіледі және тіркеледі.
6 кезең. Стандарттың шығарылуы. Мемстандарт тапсырысымен баспада
баслып шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |