Негізгі әдебиеттер:
1.С. Желдербаева. “Мәнерлеп оқу” Алматы, 1992.
2.Х. Қожақметов. “Мәнерлеп оқу” Алматы, 1998.
Қосымша әдебиеттер:
3.С. Тілешова. “Әдебиет сабағында оқушыларды қалыптастыру”
4.М. Балақаев, М. Серғалиев. “Тіл мәдениеті”
5.Б. Әнесова. “ Мәнерлеп оқуға арналған мәтіндер жинағы”Тараз , 2005
Практикалық сабақ №15
Монолог және диалог
1 Монолог
2 Диалог
Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды.
Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық.
Осылайша сөйлесу:
ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.
Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу - өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ.
Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады.
Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды...
Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет». Күнделікті өмір барысындағы әр жағдаяттардағы әңгіме барысын үнтаспаға жазып, тыңдату тиімді. Әңгімені айтқан балаға сол әңгімесін қағазға түсіріп қайта оқытса екеуі екі бөлек дүние болуы мүмкін. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін қағаз бетіне түсіргенде сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалуы мүмкін. Сөйлеу мен оқудың байланысын түсініп, салыстыра отырып, жаттығуларды жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы көрініп-ақ тұрады. Оқытушы мәнерлеп оқуға баулу, үйрету барысында күйтабаққа, таспаға жазылған көркемсөз шеберлерінің сөздерін тыңдата отырып, көркем оқу, шешендік өнердің не екенін ұқтырғаны жөн.
Жас ұстаздар оқушылар жазушы не ақынның шығармаларын таныстырар кезде алдымен өзі мәнерлеп оқып беруі шарт. Сонда ғана оқушы әрбір көркем шығармадан ләззат алады. Онсыз оқудың құны да, бағасы да болмайды.
Оқудың, сөйлеудің құлаққа мәнерлі күйінде естілуі үшін еркін дем алу абзал.Еркін дем алмаған тұста сөйлеген сөз нәрсіз естіледі. Дем алу тұғыры 2 түрге бөлінеді: а) ерікті дем алу ә) еріксіз дем алу
Ерікті дем алу дегеніміз-дем алғанда өкпеге түскен ауаның әсерінен көкірек пен қабырғаның үстіңгі бөлігі көтеріліп, қабырғаның төменгі жиегіндегі бүлкілдек еттердің қозғалысқа түсуі. Қайтушы ауа мұрын қуысы арқылы сыртқа шығады.
Еріксіз дем алу дегеніміз-асығыс жүріп келе жатқанда сөйлеу процесінің күйзеліске түсуі. Еріксіз дем алу барысында оқылған шығарма өзінің табиғи әсерін сақтай алмайды. Осы үшін сөйлеу техникасын дұрыс қалыптастыру үшін жаттығулар жасаған абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |