Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.



бет11/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.85 Mb.
#133789
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Қабылдау -сыртқы ортадан келген ақпарат-информацияны талдау және бағалау процестерінен тұратын күрделі процес.

Информация қабылдауда ми қыртыстарының әртүрлі аудандары қатысып, қабылдайды, талдайды, өңдеп, қабылдаған информацияны бағалайды. Ми қыртыстарының бастапқы проекциялық бөліктерінде информация қабылданып, сигналдар талқыланады. Екінші проекциялық аймақтарда әртүрлі аналаизаторлардан түскен информациялар күрделі сенсор комплекстерінде бағаланады (синтезделеді ). Анализатор аймақтары айқасқан жерде –ми қыртыстарының ассоциативті аймақтарында әртүрлі анализаторлардан түскен тітіркеністер интеграциясы жүреді. Олар бұрынғы тәжірибелерінен, тіршілік сабақтарынан алған эталонмен салыстырады. Осы ми қыртысы аймағында түскен информация комплексті бағаланады. Сөйтіп не істеу керектігі жөнінде шешім қабылданады. Стимульмен танысылып, оның маңызы анықталады.



Назардың нейрофизиологиялық механизмі мен оның жасна орай қалыптасуы.

Назар – дегеніміз оқу- тәрбие жұшмыстарындағы ең маңызды психофизиологиялық қызметтерге жатады. Қабылдау, назар өте күрделі актылар жүйесі. Оған мидың көтеген бөліктері қатысады. Назар ми қыртыстарының активтілік деңгейін көтереді. Оған ми қыртыстарын генерал активтендіретін орта мидың ретикулярлы формациясы, локалды( белгілі бір жерді ғана активтендіретін ) активтендіретін лимбикалық жүйе мен реттеуші жоғарғы ми қыртыстары орталықтары және бақылау жасаушы ми қыртыстарының маңдай бөліктері жатады. Генералды активтендіру еріксіз назардан сақтандырады. Локальды активтендіру механизмімен ерікті, ниетпен назар аудару процесі жүреді. Назар мен қабылдау арасында екіжақты тығыз байланыс орнаған. Бір жағынан назар ми қыртыстарын активтендірсе, қабылдауды оптималдайды, әртүрлі ми қыртыстары бөліктерін таңдап, талдап қабылдау процесіне жұмылдырып отырады. Ал екінші жағынан, назар барлық түскен информацияны талдаумен өңдеуге негізделеді . Сондықтанда назар аудару процесі жас келген сайын мидың активтендіру жүйесінің, сондай-ақ информацияны талдау мен өңдеуге қатысатын қыртыс құрылымдарының құрылым – функциональ жетілуімен сипатталады.

Мотивация дегеніміз эмоция, олардың мінез –құлық қалыптасуындағы маңызы.



Мотивация дегеніміз ми құрылымдарының организмнің белгілі бір сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған активті жағдайы. Мотивция организмнің биологиялық талаптарына байланысты да, білуге құштарлығы жағынан да пайда болуы мүмкін. Қандай да болмасын информация –ақпарат мінез –құлық қалыптаспастан алдын сол моменттегі бар мотивациямен салыстырады. Мысалы, қарны тоқ жануарға тамаққа шартты рефлекс жасау қиын, себебі оның қоректік мотивациясы жоқ. Мотивациямен эмоция тығыз байланысты. Мақсатқа жету мен талаптардың қанағаттануы оң, көтеріңкі эмоция тудырады. Оған жетпеу көңіл –күйін эмоцияны төмендетеді. Адамзаттың басты сұранысының бірі ақпаратқа- информацияға сұранысы. Осы оң эмоция адамда өмір бойы таусылмайды.

Эмоция барлық организм ждағдайына әсер етеді. Теріс эмоция денсаулыққа кері әсерін тигізеді, адамды езіп тастайды, жабырқатады: адам селсоқ, алаңғасар, енжар күй кешеді. Теріс эмоцияның шегі жылау. Оң көтеріңкі эмоцияны жымию, күлу арқалы білдіреді. Әрине оң эмоциялар адамның жұмыс қабілетін арттырады. Интеллектуаль жағы жақсарып, қоршаған орта әсерлері жақсы қабылданады, есте ұстау қабілеті жоғарлайды. Эмоцияның рөлі балалық шақта әсіресе жоғары. Балалар жаңалыққа өте құштар болып келеді. Осы сұраныстарын қанағаттандыру оң эмоциямен қабат жүреді. Эмоция орталық нерв жүйесі жұмысын жақсартады. ОНЖ жетіле түсуі бастапқы мектеп жастарында танып білу сұраныстарын қалыптастырып эмоциясын реттеуі жетіле түсуіне себеп болады.

Балалар эмоциясы ОНЖ бақылауының әлсіздігіне байланысты тұрақсыздау болып келеді. Оны олардың ұстамсыздығынан аңғаруға болады. Балалар оңай жылап, артынан көп өтпей –ақ күле салады. Қуанғаннан қатты күліп, айқайлап кетеді. Жасы өскен сайын олардың ұстамдылығы арта бастайды. Әрине оның қалыптасуында тәрбиенің орны ерекше. Ұстамды балалар ересектерден үйренеді. Әрине мұндайда ересектердің өзі үлгі болғаны жөн.

Тәжірибелі оқытушылар сабақты эмоциямен өткізу оқушылар назарын сабаққа аударудың кепілі екенін біледі. Біздің әрқайсысымыз көңіл –күйіміздің жақсы болса жұмыстыңда өнімді болатынын жақсы білеміз .



Ұйқы мен ояулықтың нейрофифзиологиялық механизмі. Адам организмі қалыпты тіршілік жасауының кепілі – ұйқы мен ояулықтың алмасып отыруы.

Ұйқы -организмнің қоршаған ортамен байланысының айтарлықтай үзілу жағдайы. Ұйқы организм қабілеттерінің қайта қалпына келтіру болып табылады. Ондайда зат алмасу қарқыны баяулайды, бұлшық ет тонусы, жүрек жиырылуы бәсеңдейді. Ол ақыл-ой жұмысының қалыпты жүруіне де керек. Ұзақ уақыт ұйқы азайса адамдардың ақыл-ой жұмысы нашарлап , ашуланшақ, тітіркенгіш бола бастайды. Психикасынан да ауытқулар байқауға болады.

Ұйқы мен ішкі тежеу табиғаты бір процестер. Ішкі тежелу ояу кезде тек бірқатар клеткаларды ғана қамтыса, ұйқы кезінде ми қыртыстары мен одан төмен орналасқан ми бөліктерінде де болады. Ол клеткалардың тынығып қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Қызмет ауысуы мидың әртүрлі құрылымдарының әсерлесуі арқылы жүзеге асады.
Коллоквиум
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 21.

ОБСӨЖ тақырыбы: Шартты рефлекстердің тежелуі. Қан жүйесінің жүйкелі және гуморальды реттелуі.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Динамикалық стериотип, үйрену және қоршаған ортаға бейімделудің алғы шарты.

2. Мативация және эмоцияның физиологиялық механизмі

3. Бала организмінің вегетативтік қызметтерінің жас ерекшеліктері

4.Баланың қан жүйесінің морфо - физиологиялық ерекшеліктері.

5. Қанның қүрамы мен қасиеттері.

6. Қанның мөлшері мен қүрамының жасқа байланысты өзгерістері.
ОБСӨЖ мақсаты: Шартты рефлекстердің тежелуінің маңыздылығына және ерекшеліктеріне. Қан жүйесінің жүйкелі және гуморальды реттелуінің маңыздылығы мен ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Бала организмінің вегетативтік қызметтерінің жас ерекшеліктері.

Организм қызметінің жағдайы оның күллі физиологиялық жүйелерінің жүмысына байланысты. Адам организміне өсер ететін түрлі тітіркендіргіштер жүйке жүйесі мен эндокриңцік жүйенің қатысуымен көптеген мүшелер мен үлпалардың жүмысын және жағдайын өзгертеді. Әсіресе бала организмі нәзік жене өсерленгіш келеді. Тіпті ересек адамның денесіне онша ықпалы болмайтын қысқа мерзім әсер ететін өте әлсіз сөл ғана тітіркендіргіштердің өзі бала организміңце айтарлықтай өзгерістер тудыра алады, ал олар үзақ әсер еткенде оның физиологиялық жүйелерінің үйлесімді қызметін бүзып, баланың өсуі мен дамуын тежейді.

Болашақ педагогтер мен тәрбиешілердің, ата-аналардың бала организмінің вегетативтік қызметтері жайында түсініктері болуы тиіс. Олардың қан және қан айналыс жүйелері, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару жүйелерінің ерекшеліктерін және зат пен қуаттың алмасуы туралы білімдері болуы керек. Мүндай білім болашақта оларға балалардың мектептегі оқу-тәрбие жүмысын, үйдегі еңбегін, тамақтануы мен демалуын дүрыс үйымдастыру үшін өте қажет.

Вегетативтік функцияларға қан, жүрек-қан тамырлар, ас қорыту, тыныс алу, зәр түзу мен шығару, зат пен қуаттың алмасу қызметтері жатады.



  1. Баланың қан жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшеліктері

Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ қүрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нөтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар т. с. с. улы заттар пайда болады.

Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мүның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның үлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мүнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы "тіршілік өзені" деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше қүрылысы мен қасиеттеріне байланысты.

Адамның денесіндегі қан — организмнің сүйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бүл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағаңда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.

Қан өндіру ұрықтық кезенде басталады. Бұл кезде қан сары денеде, бауырда, көк бауырда жөне сүйектің кемігінде өндіріледі. Үрықтың мүшелері кезектесіп, яғни бірінің қан өндіру қызметі төмендегенде екіншісінің қызметі басталады да, қанның үнемі өндірілуін қамтамасыз етеді. Қан үрықтың 2-3 апталық кезеңіңде сары денеде алғаш өндіріле бастайды. Сары дене семіп, азайып, кішірейе бастағанда, қан өндіру қызметі бауырға ауысады.

Б а у ы р үрықтың 3-4 апталық өміріңде пайда бола бастайды. Жаңа туған сәбидің бауыры оның қүрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Туғаннан кейін алғашқы айлардан бастап бауырдың аумағы кішірейеді де, 3-4 жаста бауырдың аумағы ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің бауырының салмағы жалпы денесінің 4,33 %-ына тең болса, ересек адамда ол 2,85 %-ға тең. 8-10 айда бауырдың салмағы 2 есе, 2-3 жаста 3 есе артады.

Бауырдың атқаратын қызметі өте көп. Ол барлық зат алмасуға қатысады, қорғаныс және усыздандыру қызметтерін атқарады. Үрықтық кезде бауырдың қан өндіретін мүше ретіндегі маңызы күшті болады. Үрықтың 5 апталық өмірінде ол қан өндірісінің орталығына айналады, ал бала туарда бауырдың бүл қызметі тоқталады. Дегенмен бала туғаннан кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі өлсіз болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жалғасады.

Ұрықтың 14 апталық өміріңде көк бауырда қан өндіру" басталады. Үрықтың көк бауырында қан клеткаларының бәрі де өндіріледі. Жаңа туған сәбидің көк бауырының салмағы баланың денесінің жалпы салмағы мен ұзындығына байланысты болады. Баланың денесі өсе келе, көк бауырының салмағы да артады. 5 айда оның салмағы жаңа туған кезіндегі салмағынан 2 есе, 1 жаста 3 есе, 10 жаста 10 есе артады.

Сүйектің қызыл кемігі үрықтықмерзімнің 4-ші айыңда қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек "майына" толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады.

Лимфа түйіндері үрықтық кезеңнің 2-ші айында қан тамырлары жолының бойында пайда бола бастайды да, кейбіреулері бала туғаннан кейін түзіледі.|4-8 жас арасында лимфа түйіндерінің ретикуло-эңдотелиалдық жүйелері күшті дамып, 8-12 жас аралығында лимфа түйіні мүше ретінде толық жетіледі.гЛимфа түйіндерінің қүрылысы баланың денесінің барлық жерінде біркелкі емес, олардың қүрылысы түрған орнына байланысты: терең орналасқан лимфа түйіндерінен горі тері астындағы лимфа түйіндерінде трабекулалар кобірек болады: Дененің түла бойындағы және аяқ-қолдардағы түйіндердің милы қабаты күштірек дамиды, ал кеуде қуысы мен қүрсақтағы түйіндердің милы заттары кобірек болады. "Лимфа түйіндерінің аумағы баланың жасы ұлғая келе өседі.

2. Қанның қүрамы және оның физикалық, химиялық қасиеттері

Қанның қүрамы мен қасиеттері. Қанның қүрамы өте күрделі. Қан пішінді элементтер, яғни қан клеткаларынан және сүйық плазмадан түрады. Қанның пішінді элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл пластинкалары тромбоциттер жатады./ Қанның бүл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын қүрады. Қан плазмасының қүрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның қүрамында белок 0,3-0,6%, май жөне липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% кемірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, а, (3, үглобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады.

Қанның белсенді реакциясы оның қүрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының түрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, бүл әлсіз сілтінің реакциясы.

Қанның белсенді реакциясының түрақтылығына қанның б у ф е р л і к жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындьглар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосьглыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шүғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бүлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік жөне карбонаттық буферлік жүйелер.

Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кг/м3. Жаңа туған нөрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кг/м3. Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кг/м3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта котеріліп ересек адамдікіндей болып, омір бойы сол мелшерде сақталады.

Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның т ү т -қ ы р л ы ғ ы. Қанның тұтқырлығын судың түтқырлығымен салыстырады. Судың түтқырлығы 1-ге теңдеп алынса, жаңа туған сәбидің қанының түтқырлығы алғашқы күндері 10,0-14,8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4,8 дейін төмендеп шамамен түрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4,6, 1-3 жасқа дейін 4,57, 3-15 жас арасында 4,61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның түтқырлығы айтарлықтай 2,9-дан 5,5-ке дейін (орта шамамен 3,9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның түтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4,6, ал қыз балаларда 4,58-ге тең болады.

Қан плазмасының түтқырлығы оның жалпы түтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.

Сонымен, қанның қүрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда түрақты болуы тиіс. Бүл түрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.

Адамның қанының температурасы түрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36,6-37°С шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені - денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамның "өлі қүриды", яғни әлсіздік байқалады. Қан бауырда жөне бүлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.

Қанның қүрамы мен қасиетіндегі өзгерістер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді(8-кесте).

Қанның мөлшері мен қүрамының жасқа байланысты өзгерістері. Жаңа туған сөбидің қанынның молшері дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағүрлым коп (9-кесте). Қанның молшері туралы айтьшғанда денедегі қан айналымындағы мөлшерін айтады.

Қанның жалпы түтқырлығы алғашқы күндері жоғары болып, 1-ші айдың соңыңда темеңдейді де, осы мөлшерде шамамен түрақталады, бірақ қан қүрамындағы клеткалардың санына байланысты өзгермелі келеді. Ал қанның плазмасының түтқырлығы 4 жасқа дейін төмеңдеп, содан кейін ғана түрақтанады 9-кесте). Қанның қүрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді. Мысалы, кальций жетіспеген жағдайда балалар бор, көмір, үйдің қабырғасындағы өкті, балшықты жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы тартады.

Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген ба-лаларда "биіктік ауруы" пайда болады: өлсіздік байқа-лады, басы жиі ауырады, үйқы "басады" (үйқышыл болады). Ал егер оттегенің жетіспеушілігі үзаққа созылса, балада селқостық күшейіп, өмірге қызығудан айырылады, есінен танған адам сияқты жүреді, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Жалпы алғанда қанның химиялық қүрамы түрақты болады. Оның қүрамыңдағы белоктың мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 5,8%, ал мезгілінен ерте туған нәрестеде сөл аздау - шамамен 4,44-4,48 %. Есейе келе белоктың мөлшері көбейеді (9-кесте). Дегенмен алғашқы 3-4 жылда белоктың мөлшері біршама өзгеріп ауытқып түрады. Ол кездегі ауытқу шамасы 7-8%. Жалпы алғанда адамның жасына байланысты қанның қүрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың мөлшерін зерттеушілер әртүрлі етіп береді. Бірақ айырмашылық онша көп бола қоймайды.

Минерал түздарының жалпы мелшері ересек адамда 0,90-0,95%. Мүның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, титан, марганец, темір т. б. көптеген элементтер бар. 3 жасқа дейін калий, кальций, натрий түздарының мелшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін тұрақталады.

Қанның қүрамыңда ферменттер көп болады. Амилаза, каталаза, липаза, трансаминаза сияқты қан ферменттерінің белсеңцілігі туғаннан кейін алғашқы күндері аздап артады. Бүған баланы тамақтаңдыру түрі, өмірінің жағдайы т. б. өсер етеді. Ферменттің мөлшерін 1 мл қандағы шартты санмен (шс/мл) өлшейді. Сүйектің пайда болуына әсер ететін сілтілі фосфатаза ферменті жаңа туған нәрестеде 44,6 шс/мл, 1 жаста 70,3 шс/мл, 3 жаста 62,7 шс/мл, 13 жаста 48 шс/мл, 16 жаста 41,7 шс/мл, 18 жаста қан ферменттері ересек адамдағыдай 22 шс/мл болады, яғни оның молшері баланың осуі күшті кезіңде жоғары болып, жас үлғая келе, сүйектерінің осуі аяқталғанда түрақталады.



Қанның ұюы. Тромбоциттердің басты қызметі - қанның үюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда өдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады. БіразДан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мүндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам өлсіреп, тіпті өліп те кетер еді. Қанның үюы күрделі ферментативті қүбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1 - қаңда және үлпада тромбопластиннің пайда болуы; 2 -тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3-тромбиннің өсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н жіпшелеріне айналып, жараның бетіңде тор қүруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер түрып қалады да т р о м б пайда болады. Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып қатып, жараланған тамыр бүтінделеді.

Организмдегі қан корлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде кокбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бүлшық еттер жүмыс істей бастағанда қан көкбауырдан жүмыс істеп жатқан бүлшық еттерге тасымалданады. Ағылшын физиологы Баркрофт тамаша төжірибе жасап, кокбауырдың қан жиналатын орын екенін алғаш дөлелдеді. Ол иттің кокбауырын абайлап, қан тамырларын үзбей, қүрсақ қуысынан шығарып алып, тәжірибедегі иттің терісінің астына орналастырған. Кокбауыр көрінетіндей етіп теріге өйнек ретінде молдір целлулоид пластинкасын тігіп, мүшенің жағдайын байқап отыратын терезе жасаған. Жануар операциядан айыққаннан кейін сол терезе арқьглы кокбауырды түрлі жағдайларда байқаған. Ит қозғалып жүрген кезде көкбауырдағы қан азайып, ол тынышталып демалғанда қайтадан кобейген. Иттің қимылына сай көкбауырдағы қанның қоры азайып отырған. Баркрофт озінің осы итін 1926 жылы физиолог-тардың съезіңде корсеткен. Кейіннен кокбауырдың қанның қоры жиналатын мүше екені, сонымен қатар, қанның кейбір клеткалары осы көкбауырда дамып жетілетіні толық анықталды.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 22.

ОБСӨЖ тақырыбы: ЖЖҚ –ң типтері. Қан және оның жас ерекшеліктері. Қан жүйесі.

ОБСӨЖ жоспары:

1. Сыртқы тежелудің маңызы.

2. Ішкі тежелудің маңызы

3.Қан жүйесі

4.Қан жүйесінің негізгі қызметтері.

5. Қан және лимфа, олардың организмде өмір процестерін қамтамасыз ету.

6. Қанның құрамы мен мөлшері.
ОБСӨЖ мақсаты: ЖЖҚ –ң типтеріне олардың жас ерекшеліктеріне. Қан және оның жас ерекшеліктеріне. Қан жүйесінің айырмашылықтарына толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқа ортадан өзіне қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал адам мен жоғары сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды, ал торшалы сыртқы ортамен тікелей жанаспайды, арнаулы ішкі ортамен қоршалады. Ішкі ортаға қан, торшааралық (ұлпалық) сұйық және лимфа (сөл) жатады. Торша өзіне қажетті заттарды осы ортадан сіңіріп, қажетсіз заттарды сол ортаға бөледі. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, торшалармен тікелей жанаспайды. Организм торшалы қан құрамынан пайда болатын торшааралық сұйықпен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпааралық сұйықты шын мәнісіндегі ішкі орта деп санайды.

Қан қызыл түсті, мезодермадан түзілетін сұйық ұлпа. Ол ұлпалық сұйық, лимфамен бірігіп, организмнің ішкі ортасын құрайды, денеде көп қырлы қызмет атқарады, солардың арасында бастылары:



  • Қорғаныстық қызмет. Қанның ақ түйіршіктері фагоциттік белсенділік көрсетеді және лимфоциттер бөлген антиденелер бөгде заттарды жойып отырады;

  • Жылу реттеуші қызмет. Толассыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді;

  • Байланыстырушы (коррелятивтік) қызмет. Әртүрлі мүшелер мен торшалар әрекеті кезінде түзілген өнімдер мен ішкі секреция бездері бөлген гормондарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын мүшелерін өзара байланыстырады.

Қан әртүрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат – плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан): қызыл түйіршіктерден (эритроциттерден), ақ түйіршіктерден (лейкоциттерден) және қан табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60 процентін плазма, 40-50 процентін қан торшалары құрайды.

Дененің жалпы массасының шамамен 6-8 пайызы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,6-6 л қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде, еркек және буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда –азырақ болады.

Плазманың құрамында 90-92 % су, 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8% белоктардан тұрады. Плазма белогтары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммияк сияқты белок алмасуының қалдық өнімдері болады. Бұл қосылыстарда қалдық азот деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқынына, организмнің физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді.

Плазма құрамында көмірсулар (глюкоза), липидтер және минералды заттар болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер (амилаза, липаза, сілтілі фосфатаза, трансаминаза) де жатады. Пропердин вирус белоктарымен байланысып, оларды залалсыздандырад, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болып саналады.

Қанға ұйытпайтын зат қосып тұндырғанда бөлініп шыққан сары түсті сұйықты қан плазмасы деп атайды. Ал қан ұйығаннан кейін бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды.

Плазма белоктары әртүрлі маңызды қызмет атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның рН-ын тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға тұтқырлық қасиет беріп артериялардағы қысымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олар онкостық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа арасындағы судың алмасуын реттейді. Альбуминдер әртүрлі дәрі-дәрмек препараттарын, дәрмендәрілерді, гормондарды бояғыш заттарды (пигменттерді) тасымалдауға зор рөл атқарады. Глобулиндерден түрлі қорғағыш денелер түзіледі, сондықтан олар организм иммунитетін қалыптастырады. Фибриноген қанның ұю процесіне қатысады. Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Плазма белоктары ұлпа белоктарын құрау үшін пайдаланылады.

Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе көп болады. Альбуминдердің глобулинге қатынасын белок коэфициенті деп атайды.Альбуминдер мен фибриноген бауыр торшаларында,ал глобулиндер – тек бауырда ғана емес,көк бауырда,сүйек кемігінде,лимфа түйіндерінде түзіледі.

Қан түйіршіктерідеп қан құрамында кездесетін торшаларды айтады.Қанның құрамында үш түрлі торшалар болады.Олар эритроциттер (қызыл түйіршіктер), лейкоциттер (ақ түйіршіктер) және трмбоциттер (қан табақшалары).

Эритроциттер адам мен сүт қоректі жануарларда ядросыз, екі бүйірі қысыңқы, дөңгелек табақша пішіндес торшалар. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамасыз ету.Эритроциттердің негізгі қызметіолардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішін ерекшеліктерімен байланысты.

Адам қанының 1мм3 мөлшерінде 4,5-5 млн. Эритроциттер, ал мал қанының осындай мөлшерінде түлік түрінде байланысты олардың саны 6-9,5 млн.шамасында болады. Жеке эритроцит беткейінің ауданы 88-90 мкм2 болса, денедегі барлық эритроциттердің жалпы беткейінің ауданы адамда 3мың м2, сиырда – 13,5 мың, жылқыда – 15,0 мың, шошқада 4,3 мың м2.

Лейкоциттер – ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. Олардың қандағы жалпы саны эритроциттер санынан 600-800 есе кем болады да, организмнің физиологиялық күйіне байланысты көп шамада айытқып отырады. Қабыну процесі, жұқпалы аурулар лейкоциттер санын көбейтеді.

Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып екі топқа бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге – моноцит және лимфоцит жатады.

Организмге лейкоциттер қорғағыш қызмет атқарады. Оларға фагоцитоз құбылысы тән және лейкоциттер әртүрлі қорғағыш денелер (антиденелер) түзуге, организмде бөгде белоктарды залалсыздандыруға қатысады.

Түйіршікті лейкоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Моноциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде және дәнекер ұлпаларда түзіледі. Лимфоциттер бастау торшалары сүйек кемігінде түзіліп, олардың бір тобы өзінгің даму процесін тимуста (Т-лимфоциттер), ал екінші тобы – лимфа тйіндерінде, Пейер шытырмасында, тұйық өсіндіде аяқтайды. Лимфоциттердің тіршілігі 20 және одан да көп жылдарға созылады, ал лейкоциттердің –басқа түрлерінің тіршілігі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.

Тромбоциттер – ядросыз, майда, нәзік, өте тез бұзылатын торшалар.Қанның 1мм3 мөлшеріндегі олардың саны – 200-400 мың, тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн. Олар сүйек кемігінде түзіліп, көк бауырда бұзылады. Бұл торшалар қанның ұю процесіне қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет