Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.



бет10/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.85 Mb.
#133789
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Қабылдау -сыртқы ортадан келген ақпарат-информацияны талдау және бағалау процестерінен тұратын күрделі процес.

Информация қабылдауда ми қыртыстарының әртүрлі аудандары қатысып, қабылдайды, талдайды, өңдеп, қабылдаған информацияны бағалайды. Ми қыртыстарының бастапқы проекциялық бөліктерінде информация қабылданып, сигналдар талқыланады. Екінші проекциялық аймақтарда әртүрлі аналаизаторлардан түскен информациялар күрделі сенсор комплекстерінде бағаланады (синтезделеді ). Анализатор аймақтары айқасқан жерде –ми қыртыстарының ассоциативті аймақтарында әртүрлі анализаторлардан түскен тітіркеністер интеграциясы жүреді. Олар бұрынғы тәжірибелерінен, тіршілік сабақтарынан алған эталонмен салыстырады. Осы ми қыртысы аймағында түскен информация комплексті бағаланады. Сөйтіп не істеу керектігі жөнінде шешім қабылданады. Стимульмен танысылып, оның маңызы анықталады.



Назардың нейрофизиологиялық механизмі мен оның жасна орай қалыптасуы.

Назар – дегеніміз оқу- тәрбие жұшмыстарындағы ең маңызды психофизиологиялық қызметтерге жатады. Қабылдау, назар өте күрделі актылар жүйесі. Оған мидың көтеген бөліктері қатысады. Назар ми қыртыстарының активтілік деңгейін көтереді. Оған ми қыртыстарын генерал активтендіретін орта мидың ретикулярлы формациясы, локалды( белгілі бір жерді ғана активтендіретін ) активтендіретін лимбикалық жүйе мен реттеуші жоғарғы ми қыртыстары орталықтары және бақылау жасаушы ми қыртыстарының маңдай бөліктері жатады. Генералды активтендіру еріксіз назардан сақтандырады. Локальды активтендіру механизмімен ерікті, ниетпен назар аудару процесі жүреді. Назар мен қабылдау арасында екіжақты тығыз байланыс орнаған. Бір жағынан назар ми қыртыстарын активтендірсе, қабылдауды оптималдайды, әртүрлі ми қыртыстары бөліктерін таңдап, талдап қабылдау процесіне жұмылдырып отырады. Ал екінші жағынан, назар барлық түскен информацияны талдаумен өңдеуге негізделеді . Сондықтанда назар аудару процесі жас келген сайын мидың активтендіру жүйесінің, сондай-ақ информацияны талдау мен өңдеуге қатысатын қыртыс құрылымдарының құрылым – функциональ жетілуімен сипатталады.

Мотивация дегеніміз эмоция, олардың мінез –құлық қалыптасуындағы маңызы.



Мотивация дегеніміз ми құрылымдарының организмнің белгілі бір сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған активті жағдайы. Мотивция организмнің биологиялық талаптарына байланысты да, білуге құштарлығы жағынан да пайда болуы мүмкін. Қандай да болмасын информация –ақпарат мінез –құлық қалыптаспастан алдын сол моменттегі бар мотивациямен салыстырады. Мысалы, қарны тоқ жануарға тамаққа шартты рефлекс жасау қиын, себебі оның қоректік мотивациясы жоқ. Мотивациямен эмоция тығыз байланысты. Мақсатқа жету мен талаптардың қанағаттануы оң, көтеріңкі эмоция тудырады. Оған жетпеу көңіл –күйін эмоцияны төмендетеді. Адамзаттың басты сұранысының бірі ақпаратқа- информацияға сұранысы. Осы оң эмоция адамда өмір бойы таусылмайды.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.

ОБСӨЖ № 18.

ОБСӨЖ тақырыбы: Қимыл талдағыштары. ЖЖҚ –ң типтері, сыртқы тежелудің балаларды дұрыс тәрбиелеудегі маңызы. Орталық нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің морфологиялық және физиялогиялық ерекшеліктері.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Қимыл талдағыштарының ми қыртысындағы деңгейі

2. Қимылды басқарудағы кері байланыстың маңызы.

3.Орталық нерв жүйесі

4. Бас миы және бөлімдері.
ОБСӨЖ мақсаты: Қимыл талдағыштарының маңыздылығына. ЖЖҚ –ң типтеріне, сыртқы тежелудің балаларды дұрыс тәрбиелеудегі маңыздылығына. Орталық нерв жүйесінің жеке бөлімдерінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Орталық нерв жүйесі жұлын ми мидан тұрады. Жұлын филогендік тұрғыдан орталық нерв жүйесінің ең ерте пайда болғн көне бөлімі. Ол омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда 45 см, салмағы 34­-38г, ми салмағының 2% түзеді.

Жұлын жоғары жағынан сопақша мимен жалғасады, ал төменгі жағы екінші бел омыртқа тұсында соңғы жіпше деп аталатын бөліміне ауысады да жұлын құйымшақ омыртқасына бекиді.

Жұлыннның екі жерінде нерв клеткаларының шоғырлануынан пайда болған жұлын буылтығы бар. Оның жоғарғы VI мойын омыртқа тұсында орналасқан бөлігін жұлынның мойын буылтығы, ал екінші бел буылтығы деп аталады. Осы буылықтар тұсынан қол мен аяқты нервтермен толық жабдықтайтын өте ірі және ұзын көптеген жүйкелер басталады.

Жұлынның алдыңғы және артқы беттері бар, оның алдыңғы бетінде орталық саңылау, ал артқы бетінде артқы орталық сайы орналасқан. Саңлаумен сай арқылы жұлын екі тең бөлікке бөлінеді де, оң және сол бөліктері деп аталады.

Жұлынның көлденең қиындысында ақ және сұр зат байқалады. Зұр зат пішіні көбелектің қос қанатына ұқсайды сұр заттың денесінен созылған алдыңғы, артқы, бүйір ( жұп ) мүйіздері болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр заттың алдыңғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанаға ( алдыңғы, артқы және екі бүйір ) бөледі.

Жұлынның алдыңғы түбі эфференттік аксондарынан құрылған, артқы түбірі афференттік нейрондардан орталыққа өтткізгріш өсінділерінен түзілген.

Жалпы жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе, оған сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс қызметі толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршоілес сегменттің енйрондары орындайды. Түбірлердің физиологиялық маңызын ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Г.Белла мен Ф.Мажанди анықтаған. Олар тәжірибе жүзінде үстіңгі түбірді қиып тастағанда сезімталдықтың жойылатынын, ал астыңғы түбірді қииғанда қимыл әрекетінің бұзылатынын анықтаған.

Адамның жұлынын да13,5 млн-дай нейрондар болады. олардың 97% сезгіш және аралық 3% қозғалтқыш нейрондар. Қозғалттқыш нейрондардың альфа және гамма екі түрі сұр заттың алдыңғы мүйізінде орналасады.

Вегетативттік нерв жүйесінің нейрондары ерекше клетткалар тобын құрайды. Симпатиткалық нейрондардың денесі жұлынның бүйір мүйізінде орналасады. Бұл нейрондар қан тамырларының, ішкі ағзалар қаббырғасының бірыңғай слалы еттерінің, бездерінің қызметін реттеуге қатысады.

Парасимпатикалық нейрондар денесі жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасады.

Жұлын рефлексттік және өтткізгіштік қызмет атқарады. Тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болған қозуларға жауап береді және қотзуды ми қыртысында орналасқан орталыққа дейгін жеткізеді және осы орталықтан барлық мүшелерге жауап алып келеді(жұлынның өтткізгіш жолдары ).

Бас миы және бөлімдері. Ми орталық нерв жүйесінің алдыңғы және ең маңызды бөлігі. Ол бас сүйек қуысында ми сауытында орналасады. Жаңа туған балада мидың салмағы 400 г шамасында болса, ересек адамдарда 1200-2000 г дейін барады. Адамның ойлау қабілеті, ақылдылығы мен даналық қасиеттері мидың салмағына байланысты емес. Мысалы белгілі орыс жазушысы А. Франстың миының салмағы 1000г шамасында. Сонымен қатар медицина практикасында есі кем (идиот) баланың миының салмағы 3000г болған.

Қазіргі кезде белгілі болғандай адамның миының салмағы 900г аз болса интеллект төмендейді дейді.

Ми ең жақсы дамыған, атқаратын қызметі өте күрделі бөлімі, ол мидың жарты шар тәрізді оң және сол жақтағы сыңарлары. Ми қыртысының қызметі, адамның жоғары дәрежелі нерв қызметін құрайды. Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілім өте күрделі, маңызды, психофизиологиялық негізі. Сондықтан Ж.Д.Н.Қ туралы сұрақты жеке қараған жөн.

Ми бьес бөлімнен тұрады: үлкен (соңғы ) ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми болып аталады.

Адамның іс -әрекетін, қимылын, реттеуде орталық нерв жүйесі күрделі роль атқарады. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу, асқорыту т.б. рефлекстер орналасады. Қаңқа бұлшық ет тонусын реттеуде сопақша мидағы Дейтерс торшаларының маңызы зор. Егер Дейтерс клеткалары бұзылса ет сіресіп қалады. Дененің жазғыш еттері рецепторларынан келген импульстер Дейтерс клеткаларының қозғыштығын күшейтеді. Сол себепті жазғыш еттерге новокаин ерітіндісін ексе еттерінің сіресуі тиылады. Сонымен қатар сопақша ми тонустық рефлекстерді реттей отырып, организмнің қимыл әрекетін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарды.

Мишықтың ең басты қызметі адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл - әрекеттерді үйлестіріп отыру. Қандай да болсын қимыл - әрекеттің дәлме дәл орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты екенін айтқан жөн.



Ортаңғы ми күрделі қимыл- қозғалыс және бағдарлау рефлекстерін реттеуге қатысады.

Аралық ми құрамына таламус, эпиталамусжәне гипоталамус кіреді.



Таламус ядроларында жанасу проприо – термо-ауырсыну, дәм сезу рецепторларынан импульстер тоғысады. Егер таламус зақымдалса рецепция бұзылады.

Гипорталамус организмнің вегетативтік орталықтарының ең жоғарғы бөлігі. Гипорталамус вегетативтік, соматикалық және эндокриндік қызметті реттейді.

Алдыңғы ми құрамына үлкен ми жартышарлары және қыртысасты түйіндер кіреді. Ми қыртысында 12-18 млрд. жуық нейрондар бар. Ересек адамдардың ми жартышарларының массаы жалпы мидың 80 процентін құрайды. Жалпы ми қыртысының ауданы ересек адамдарда 2200-2600см2. Қыртысастында үлкен ми жарты шарларының ақ заты орналасады. Бұлар ассоциативтік, коммисуралдық және проекциялық талшықтар, жартышарлар бөлімдерін байланыстырады. Ми қыртысында сезімтал, қозғағыш және жалғастырғыш аймақтарды ажыратады.

Тест тапсырмалары:

1. Буйрек устi безiнiнкыртысты кабаттары.

А кыртысты, милы.

Б миокард, эндокард, эпикард.

В Алдынгы, ортангы , арткы.

С сырткы,аралык,iшкi

Д эпидерма,дерма

2 . Суйек жасушалары?


  1. Остеобластар

  2. Эритроциттер

  3. Лейкоциттер

  4. Тромбоциттер

  5. Колбалар жане таякшалар

3. Қанның жасушалары?

  1. Остеобластар

  2. Эритроциттер

  3. Лейкоциттер

  4. Тромбоциттер

  5. Колбалар және таякшалар

4. Қанның кызыл жасушалары?

  1. Эритроциттер

  2. Лейкоциттер

  3. Тромбоциттер

  4. Колбалар және таякшалар

5. Қаннын пластинкасы?

  1. Тромбоциттер

  2. Коз жасушалары

  3. Колбалар жане таякшалар

  4. Эритроциттер санынын коп болуы

  5. Эритроцитоз

6. Эритроциттер санынын коп болуы?

  1. Эритроцитоз

  2. Лейкоциттер санынынкоп болуы.

  3. Лейкоцитоз

  4. Эритроциттер санынын аз болуы

  5. Эритроцитопения

7. Эритроциттер санының көп болуы?

  1. Эритроцитоз

  2. Лейкоцитоз

  3. Лейкоциттер

  4. Эритроциттер

  5. Санының көп болуы


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1.Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

2.Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.



  1. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  2. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  3. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  4. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  5. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  6. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  7. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 19.

ОБСӨЖ тақырыбы: ЖЖҚ – і туралы түсінікті анықтау. Ерікті қимылдар және оның жас ерекшеліктері.

ОБСӨЖ жоспары:

1. И.М. Сеченовтың ерікті қимылдар және психика табиғаты туралы еңбегі.

2. И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі.
ОБСӨЖ мақсаты: ЖЖҚ – і туралы түсінікті анықтау жолдарымен таныстыру. Ерікті қимылдардың түрлерімен және оның жас ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.

ОБСӨЖ мәтіні: Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы.Нерв (жүйке) жүйесі — ақпаратгы жылдам жеткізетін және баскаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан өрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі — нерв клеткасы — нейрон.

Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратьн жоғары ұйымдасқан биологиялық супержүйе болып есептеледі. Осы күрделі қүрылымда ерекше ролді орталық нерв жүйесі — ми мен жұлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, ұлпаларды, мүшелерді, бұлардың жүйелерін өзара байланыстырып, функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы барлық мүшелер мен ұлпаларда болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферентті (орталыкқа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі мушелердің әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардыңтонусын сақтауға көмектесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке организмнің қоршаған ортаға бейімделуін, оның барлык қызметтерінің ең жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескен түрде іске асуын қамтамасыз етеді.

Мидың осындай бүкіл организмдегі тіршілік процестерін ең жоғаргы және нәзік интеграциялаушы мүше ретіндегі көзқарастың қалыптасуында көптеген физиологтардың, олардың ішінде И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың атқарған рөлдері айрықша.

И. М. Сеченов (Павлов оны "орыс физиологиясының атасы" деп атаған) организмнің қоршаған ортамен байланысы, оның түрлі әсерлерге қайтаратын барлық жауап реакциялары (рефлекстер) нерв жүйесі арқылы іске асатынын 1862 жылы "Ми рефлекстері" деп аталатын еңбегінде дәлелдеді. Осы жөне басқа еңбектерінде ол рефлекстің орталық буынындағы, яғни орталық нерв жүйесіндегі құбылыстар мен процестерді білу керек деген ғылыми идея ұсыңды.

И. П. Павлов И. М. Сеченовтың осы идеясын басшылыққа ала отырып, ми қызметін зерттеудің обьективтік өдісін (шартты рефлекстер әдісін) тауып, ғылымға ендірді. Әрі оны кеңінен қолдана отырып, жоғары нерв әрекетінің физиологиясьш жасап шықты. Түрлі мүшелердің шартты рефлекторлық реакцияларын бақылай, анализдей отырып, ол мидағы, оның ішіңде ми қыртысындағы нерв процестерінің (қозу мен тежелудің) ерекшеліктері, динамикасы, өзара әрекеттесуі туралы ғылыми нақты тұжырымдар жасады. Ми жұмысының принциптері мен заңдылықтарын анықтады.

Жоғары сатылы организмдерде осьшшама аса үлкен рөлі бар нерв жүйесі ұзақ уақыттық тарихи дамудың жемісі. Эволюциялық дамудың ең ертедегі алғашқы этаптарында — бірклеткалы организмдерде нерв жүйесі болған жоқ. Оларда клетка ішіндегі өр түрлі процестерді реттейтін арнайы гуморальдық (сүйықтықтык) механизмдер ғана болады. Қарапайым көпклеткалыларда да клеткаішілік реттеу механизмдері сақталады және сонымен қатар химиялық заттар көмегімен іске асатын клеткааралық гуморальдық взара әрекеттесу қалыптасады. Бұл заттар - жеке клеткалардағы метаболизм процестерінің өнімдері. Олар клеткааралық кеңістіктерге өтеді де, басқа клеткалар мембранасының маманданған учаскелеріне әсер етіп, олардың (жарғақшасының) өткізгіштігін өзгертеді, клетка ішілік алмасу процестерін тиісті бағытқа реттейді.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 20.

ОБСӨЖ тақырыбы: Шартты рефлекстердің сипаттамасы.

Ерікті қимылдарды басқарудың негізгі принциптері.


ОБСӨЖ жоспары:

1. Шартсыз рефлекстерден айырмашылығы

2. Бейімделу маңызы.
ОБСӨЖ мақсаты: Шартты рефлекстердің сипаттамасына. Ерікті қимылдарды басқарудың негізгі принциптеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Жоғарғы нерв жүйесі қызметі және оның жасына байланысты ерекшеліктері. Организмнің қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтамасыз ететін үлкен ми шарлары қыртыстары мен оған жақын орналасқан құрылымдар күрделі қызметтерінің жиынтығын жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі деп атайды( ЖЖЖҚ).

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі туралы түсінік. Шартты рефлекстік қызмет жүйке жүрйесінің жеке қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің жеке қызметі әрбір адпның ата-анасынан берілетін нәсілдік қасиеттеріне және оның жеке дамуы кезінде пайда болған, өмірден түйген тәжірибесіне байланысты. Осы қасиеттерінің жиынтығы – жоғарғы жүйке жүйесінің типі болып табылады.

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің иілімділігі. Жүйке жүйесінің тума қасиеттері негізінен тұрақты болады. Бірақ жүйке жүйесінің иілімділігі арқасында ғана тәрбиенің нәтижесінде олай да, былай да ауытқып, өзгеруі мүмкін. ЖЖЖҚ –нің типі тұқымдық қасиеттері мен адамнеың тәрбиесі нәтижесінде қалыптасады.

Жоғарғы жүйке жүйеснің қызметінің иілімділігі аса маңызды педагогикалық фактор болып табылады. Жүйке жүйесінің қызметі мен икемділігі шынығуға, тәрбиелеуге көнеді. Ұшқалақ типтегі балаларды салмақтылыққа тәрбиелеуге болады. Жүйкесі жұқа типтегі балаларды ұзақ мазасыздау олардың шектен шығып кетуіне әкеп соқтырады. Оларда невроз пайда болады. Ондай балалар жаңа тәртіпке қиындау үйренеді, арнайы назар аударуды талап етеді.



Шартты рефлекстердің жастық ерекшеліктері. Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері. Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді. Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады. Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.

Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.

Бірқатар шартты –рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер шауланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүүргізу керек.

Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері. Красногорский балалардың жоғарғы жүйке жүйесін зерттей оттырып, балалық шақта оның 4 типі болатынын анықтады:

1.Күшті, салмақты, елгезектігі орташа, жылдам тип. Бұл типтегі балалар тәрбиеге оңай көнеді, алғыр болып келеді. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызметімен жақсы бақылауға қойылған. Бұл типтегі балалар жақсы сөйлейді, сөз қоры да жетерлік болады.

2.Күшті, салмақты, баяулау тип. Мұндай балалардың шартты байланыстары баяулау орнығады. Ұмытылған рефлекстерде баяулау қалпына келеді. Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келеді. Олар сөйлеуге оңай үйренгенмен, алдыңғыларымен салыстырғанда баяулау сөйлейді. Күрделі тапсырмаларды орындағанда активті, және шыдамды.

3. Күшті, ұшқалақ, елгезектігі жоғары, тежелуі қиын тип. Олардың тежелу процесі жеткіліксіз. Қыртысасты қызметі жоғары, ми қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. Мұндай балаларда шартты рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары тұрақсыз. Бұндай типті балалар ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қалт жібермейді, бірден араласып кетеді. Олар жылдам, кейде қатты сөйлегенін де байқамай қалады.

4. Әлсіз тип, елгезектігі төмен. Шартты рефлекстер баяу қалыптасады, тұрақсыз, көбіне баяу сөйлейді. Жеңіл тежелуші тип. Сырт тежелуі оңай болғанмен ішкі тежелуі әлсіз болады. Оны мұндай типтегі балалардың жаңа жағдайға қиын үйренуінен байқауға болады. Мұндай типтегі балалар күшті, ұзақ тітіркеністерге шыдамайды, тез шаршап қалады.

Жоғарыда айтылғандай балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке –жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павлов та: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.

Тақырып 5. Импульс қабылдаудың нейрофизиологилық механизмі мен жасқа байланысты ерекшеліктері.

Қоршаған ортамен қатынаста, оны танып білуде импульс қабылдау аса маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет