Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет14/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.85 Mb.
#133789
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 28.

ОБСӨЖ тақырыбы: Қан жүйесінің жүйкелі және гуморальді реттелуі.

Жүрек. Жүрек бұлшық етінің қызметтік ерекшеліктері.


ОБСӨЖ жоспары

  1. Жүрек қызметі

  2. Жүрек бұлшық еттеріне сипаттама

  3. Қан ағысының үздіксіздігі, жылдамдығы

4. Бұлшық ет қызметі кезіндегі қан өзгерістері.

5. Қан жасушаларының түзілуі.


ОБСӨЖ мақсаты: Қан жүйесінің жүйкелі және гуморальді реттелуінің маңыздылығына және рекшеліктеріне. Жүрек оның құрылысының күрделілігіне. Жүрек бұлшық етінің қызметтік ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.

ОБСӨЖ мәтіні: Жүрек - өзінің жиырлуы кезінде қанды белгілі бір күшпен итереді. Яғни оған тамырларымен қозғалуы үшін біраз энергия береді. Бірақ бұл энергия қан қозғалғанда оны элементтік бөлшектердің бірнеше тамырлар қабығының қанға тигізетін кедергілерінің арқасында азаяды. Сонымен қанның тамырлар қабырғасына түсетін қызметі біртіндеп төмендей береді. Артерия ортаңғы қан қысымы сынап тбағанасы болса (Нg) 140-120 мм болса, ірі артерияларды 125-110, майда артерияда 60-40 мм, капилярда 40-20 мм, веналарда 10-5 мм, ірі веналарда теріс мәнге дейін төлеуді.

Тамырлардың түрлі органикалығы қан қысымының арасындағы айырмашылығы қанның тамырлар арқылы қозғалысының негізгі себебі болады. Қан қысымына организмдерде қарыншалардың цистоласы кезінде көтеріледі, дистоласы кезінде төмендеді. Оның деңгейі системалық қан көлемі көбейгенде немесе жүректің соғуы жылдамдаған кезде көбейіп отырады. Қан қысымының шамсына қан тамырларының жалпы теңдігі әсер етеді тамырларының көлденеңін кішірейген сайын қан қысымы көбейеді ол кеңейсе азаяды кейбір жағдайда жарахаттанғанда капляр тез құйылып кетуіде қанның үдіретке келуі азаяды сонан қан қысымы төмендейді. Қанның ағу жылдамдығы тамырлар жүйесі барлық бөлімдерде қан ламинарлық сипатта қозғалады. Яғни тамырлар осымен полярлы түрде қабат 2 болып бөлінеді. Тамырлар қабырғасының жанасқан қабаты іс жүзінде қозғалмайды деуге болады оның беткейімен соғып екінші қабаты ол оның беткеймен үшінші қабатына тұтастай қан қабаттары қозғалады қан ағатын жерде ламиналықтан басқа турбиленттік қозғалыс болады бұл жағдайда бөлшектеніп қан тамырлары полярлы түрде ғана емес оған серпендикулярлы түрде орын ауыстырады.

Сұйықтардың ішкі үйкелісі өтеді. Жүрек қанды қан тамырларының белгілі бір үзілістермен шығады. Бірақ қан тамырлардығы қанның ағысы әр уақытта үзіліссіз болады. Оныгң себебі бірінші қан тамырларының қабырғалалры серпінді созылғыш келеді. Екінші қан тамырларының ағысы әлсіреттетін кедергілер болады. Осы кедергінің арқасында қан тез атериалды немесе өте кете алмайды да ондлағы қан тамырлары көтеріңкі келеді. Сондықтан атериал қабырғасы олардың иіші кеңейеді одан қалып құяды. Қан қысымының атериаларымен капилларлы аырма шоқтары қан үздіксіз қозғалуына себебші болып табылады. Атерия қысымының тербеліс көрсеттетін қисықтан әртүрлі толқындар байқалады.

Пусыктық жеке тербелісін талдау үшін арнайы құрал пикмография көмегімен оның қисық сызығына жауап алады. Қисық сызықтағы көтерілуі анакрота жүректі санды итеріп шығару кезінде алынады. Бұдан артериядағы қысымы көбейіп, оның қабырғасы екінші рет біраз созылады соңғы немесе дикроттық көтерілу байқалады. Омыртқалы жануарларда қан айналу тұйық тамырлар жүйесінде жүреді. Қан айналудың орталық органы-жүрек. Сүтқоректілерде қан жүретін тамырларбір-бірімен тек жүрек арқылы ғана байланысатын 2 тұйық қан айналу шеңберін жасайды-үлкен және кіші.

ҚАН АҒЫСЫНЫҢ ҮЗДІКСІЗДІГІ

Жүрек қанды тамырларына белгілі бір үзілістермен шығарады. Бірақ қан тамырларындағы қанның ағысы әруақытта үздіксіз болады. Оның себебі:



  1. Қан тамырларының қабырғалары серпімді, созылғыш келеді.

  2. Қан тамырларында қан ағысын әлсірететін кедергі болады.

Осы кедергінің арқасында қан аортадан тез артериялар мен артериолдарға өтіп кете алмайды, ондағы қан қысымы шұғыл көтеріліп кетеді. Сондықтан артериялар қабырғасы созылып олардың іші кеңиді, онда біраз қан қалып қояды. Диастола басталған кезде қанның артериялар қабырғасына ететін қысымы төмендеп, аортаның көлемі кішірейіп, ондағы қанды қысады, дистола кезінде қанның жүруіне көмектеседі. Одан әрі жүректің келесі жиырылуы жүреді, түрде осы 2 фактр бірі екіншісінің қызметін жалғастырады.

Қан қысымының артериялармен капиллярлардағы айырмашылықтары қанның үздіксіз қозғалуының себепшісі болып табылады.

Арптерия қысымының тербелісін көрсететін қисықтан әртүрлі толқындар байқалады: бірінші қатардағы (жүрек жиырылуының жиілігі мен күшіне тәуелді), екінші қатардағы (тыныс толқындары), ал кейде (сосуд қозғағыш орталықтың тонусы периодтыөзгергенде, оттегі жетіспесе, қан жоғалтқанда, кейбір улар әсерінен) бірнеше тыныс толқындарын қамтитын олардан баяутербелістер (қысымның жоғарылауы мен төмендеуі) үшінші қатардағы толқындарды көруге болады.

АРТЕРИЯЛЫҚ ПУЛЬС (СФИГМОГРАММА)

Қан тамырларының қабырғаларының созылғыштығы арқасында, жүректің систоласы кезінде қолқаға түскен қан оның қабырғасын созады. Ал, диастола кезінде ол серпіліп бұрынғы қалпына қайта түседі. Осындай қолқа қабырғасының тербелуі бүкіл шеткі артерияларды байлап секундына 6-10 м. жылдамдықпен жүретін толқын түрінде тарайды.

Осыны артериялық пульс деп атайды.

Пульстің жеке тербелісін талдау үшін арнайы құрал-сфигмограф көмегімен оның қисық сызығын жазып алады. Қолқа мен ірі артериялар пульстік қисығында (сфигмограммада) екі бөлімді: көтерілуі және төмен түсуі айырады.Қисық сызықтағы көтерілу (анакрота) жүректен қанды итеріп шығару кезінде алынады. Өиткені ол кезде артериядағы қан мөлшерінің күрт көбеюі ондағы қысым жоғарылауын тудырады. Осыдан тамыр қабырғасы созылады. Қарыншалар сиатоласы аяқталар кезде, ондағы қысым төмендей бастағанда пульстік қисық сызық төмен түседі (катокрота). Қарынша диаспорасының барысында оның ішіндегі қысым қолқадағы қысымнан төмен болып қалады. Осы кезде қолқа қабырғасының серпілуі нәтижесінде ондағы артерияға өтіп үлгермеген қан айшық клапандарға қарай ығысады артериялардағы қысым күрт төмендейді: бұл қисық сызықтар едәуір ерекше ойыс (инцизура) түрінде көрінеді. Қарыфншаларға қарай ығысқан қан жолында жабылған айшық клапандар болатындықтан, олармен соқтығысудан кері серпіледі. Бұдан артериядағы қысым көбейіп, оның қабырғасы екінші ретбіраз созылады (соңғы,н/е дикроттық көтерілу байқалады).



ВЕНАЛАРДАҒЫ ҚАН ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШІЛІГІ.

Веналар арқылы қан жүрекке қарай қозғалады.

Бұларға көмектесетіндері:

1 . Қан жоғары қысымды ауданнан төменгі қысымды ауданға қарай жүр ден еді. Вена жүйесінің капиллярлардан -шыға берісіндегі қысым 10 -15 мм Нд н/е 60-200 мм су бағанындай жүректен алыс жататын ірі веналарда қалыпты жағдайларда қысым 60-120 мм, су бағанына тең.

Вена жүйесінің бас кезіндегі оң қысым жүрек қызметінің нәтижесінде берілген қозғалтқыш күштің қалдығы болып табылады н/е итеру күші д.а.

2. Қанның жүрекке құюын жеңілдететін 2-ші фактор ол жұқа қан тамырларының қабырғалары арқылыберілетінкеуде қуысындағы веналардағы қысым атмосферадағы қысымнан демалған кезде 4-7 мм, ал дем шығарғанда 3-5 мм Нд төмен болады.



  1. 3-ші фактор , қаңқа еттерінің қызметі. Олар жиырылған кезде веналарды қысады, ал веналардағы клапондар қанды кейін капилярға жібермейтін болғандықтан, қан жүрекке қарай жүруге мәжбүр болады. (мұны "ет насосы" н/е "веноздық помка" д.а.).

  2. Веналарда қан қозғалысына демалу негізіндегі диафрагманың құрсақ қуысындағы органдарға ететін қысымы мүмкіндік туғызады. Ішке дем алғанда диафрагма төмен қарай біраз түседі, құрсақ қуысындағы органдарды қысады. Осы кезде қан құрсақ қуысындағы органдардан қақпа венасына, одан әрі қуыс веналарға өтуге мәжбүр болады.

  3. Денеде тік орналасқан қан тамырларындағы канның жоғары шыға алмай, төенде үйіліп қалуына тамырлар қабырғаларының еттерінің жиырылғыштығы мүмкіндік бермейді. Қан бағанының салмағына байланысты кедергіні гидростатикалық фактор деп атайды.

Венадағы қысымның 200-250 мм. су бағанына дейін көтерілуі капиллярлардағы қысымды да көтереді, одан барып әртүрлі органдардың сарсып ісуі п.б.
Тест тапсырмалары:

1. Эритроциттер санының аз болуы?



  1. Эритроцитопения

  2. Лейкоциттер саныныназ болуы

  3. Лейкоцитопения

  4. Лейкоциттердiн микроорганизмдердi жутуы

  5. Фагоцитоз

2. Лейкоциттер санының аз болуы?

    1. Лейкоцитопения

    2. Лейкоциттердiн микроорганизмдердi жутуы

    3. Фагоцитоз

    4. Муцин белогы

    5. Эритроцит

3. Лизоцим белогы.?

А) Бактериоцидтiк кызмет аткарады.

В) Птиалин

Д) Полисахаридтi дисахаридке айналдырады.

С) Амилаза

Е) Дисахаридтi моносахаридке айналдырады.

4. Амилаза?


  1. Дисахаридтi моносахаридке айналдырады.

  2. Гомеостаз

  3. Iшкi ортанынтурактылыгы

  4. Ауыз куысында болiнетiн Ферменттер

  5. Птиалин

5. Ауыз қуысында бөлінетін ферментер?

  1. Птиалин, Амилаза

  2. Муцин, лизоцим.

  3. Сабиде болiнетiн Фермент

  4. Химозин

6. Ауыз куысында болiнетiн белоктар?

  1. Муцин, лизоцим.

  2. бөлiнетiн фермент

  3. Химозин

  4. пепсин, трипсин

Е Липаза

7. Сабиде бөлінетін фермент?



  1. Химозин

  2. қарында бөлiнетiн фермент

  3. Пепсин, трипсин.

  4. фермент

  5. Липаза


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1.Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  1. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  2. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  3. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  4. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  5. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  6. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  7. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  8. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.


Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 29.

ОБСӨЖ тақырыбы: Қан айналымының маңызы.

Тыныс алу және оның жас ерекшеліктері.


ОБСӨЖ жоспары:

1. Жүрек тамыр жүйесінің қызметтік құрылымы.

2.жүректің дамуы.

3.Тыныс алу жүйесі түралы жалпы түсінік

4. Өкпеде тыныс алу түрлері

5.Тыныс алу рефлексі


ОБСӨЖ мақсаты: Қан айналымының маңызы. Қан жүйесінің жүйкелі және гуморальді реттелуінің айрмашылықтарымен маңыздылығына. Тыныс алу және оның жас ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, озінен комір қьппқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиьш-тығы. Демеқ,. тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар қүрамыңцағы энергияны био-логиялық қүнды түрге айнадцырып, денеде пайда болған комір қыш-қыл газды бөліп шығаруда.

Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезенде атқарылацы: 1) сыртқы орта мен өкпе аль-веолалары арасыңцағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) окпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдарцың қанмен тасымалқануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен үлпа жөне мүше торшалары арасындағы газ алмасу — ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды болуі, немесе торшалар митохондрияларьшдағы биологиялық тотьпу.Тыныс алу жүйесі деп организмді оттегімен қанықтырып, кемір қышқыл газдың денеден белінуін жөне организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың (энергияның) бөлінуін қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда ол сыртқы тыныс мүшелеріңен, газдардың қанмен тасымалдануын қам-тамасыз ететін тетіктерден, үлпалық тъшысты қамтамасыз ететін орга-неллалардан, осы жүйе жүмысын реттейтін және ондағы ықпалдас-тықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен қүралацы. Ты-ныс аппараты цеп организмнің тыныс алуын қамтамасыз ететін мүше-лер жиынтығын айтады.

Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппараты жоғарғы (мүрын қуысы, аңқа, комекей) және төменгі (кеңірдек, ауа тамыр-лар - бронхылар мен бронхиолалар) тыныс жолдары мен газ алмасу мүшесі - оңжәне сол өкпеден түрады. Дем алынған кезде ауа жоғар-ғы тыныс жолдарына түсіп, онда шаң-тозаңнан тазарады, жьглына-ды, дымқылданады да, төменгі тыныс жолдарына өтеді.

Дем алынған кезце жүтылған ауаның 30 пайызы тыныс жолца-рынца қалацы ца, ол газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы себепті мүрын қуысынан өкпе копіршіктеріне (альевеолаларға) дейінгі жол-цы "пайдасыз кеңістік "деп атайды. Бүл тек шартты атау, шын мөнінде тыныс жолдарының маңызды қызмет атқаратынын жоғарыда баян-дап өттік. Сонымен қатар мүрын қусының кілегейлі қабығында ты-ныс ауасының сапасын анықтауға мүмкіңдік беретін иіс рецепторла-ры орын тебеді. Тыныс жолдарында түрлі қорғаныс рефлекстерін (жетелу, түшкіру) тудыратын сезімтал нерв үштары да орналасады.

Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта откізетін түтік төрізді мүшені кеңірдек дейці. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, ортаңғы - шеміршекті жөне сыртқы-сірлі қабаттарқан түра-цы. Ортаңғы қабат түйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақина-ларынан түзілеці, сондықтан кеңірдек қуысы өрдайым ашылып түрады. Кеңірдек сақиналарыньщ саны мойынның үзьщдығьша байланысты. Жүректің жоғарғы түсыңца кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифуркациясын) түзеді.

Адам мен жануарлардың газ алмасу мүшесі - екпе, - қүрылысы жағынан түтікшелі - кепіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жол-дарынан жөне газ алмасу бөлімінен түрады. Тыныс жолдарын брон-хы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - көпіршік (альевеола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып, жылы-нып, дымқылданып, ионданып, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс жолының түйықталған соңғы бөлігі. Олардың қабырғасы ора-лымды мембранаға бекіген жүқа бір қабат жалпақ эпителий торша-ларынан түзіледі. Әр альвеола сырт жағынан тығыз орналасқан ка-пиллярлар торымен қоршалады. Окпе капиллярлары кең (диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) түзақ торлар қүрайцы. Кең түзақ капиллярларынан қан толассыз ағацы жөне ол альвеолалар кеңістігінің кеп мөлшерін қамтицы. Бүл капиллярлар түзағы бір-бірімен жалғаса келіп альвеолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы қалындығы бар болғаны 0,004 мм, сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына айтарлық-тай кедергі болмайды.

Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныс-тық аумағы өте үлкен. Өкпе альвеолаларының саны 350 млн. жетеді де, олардыңжалпы беткейі 100-120 м2 қүрайды, демекдене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады.Тыныс алу жүйесі жануарлар дүниесінің даму жолында әр түрлі өзгерістерден өтеді. Бүл өзгерістер тіршілік ортасының жағдайлары-мен байланысты болады. Суда тіршілік ететін қарапайым организм-дерде (бір торшалы және төменгі сатыдағы көп торшалы) арнаулы тыныс мүшелері болмайды. Суда еріген оттегіні олар денесін қапта-ған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мүңдай түрін диффу-зиялы тыныс алу деп атайды.

Жануарлар организмінің күрделенуімен байланысты олардың жүтқыншақ қуысы қабырғаларында желбезек саңлаулары пайда бо-лады да, желбезекпен тыныс'алу түрі қалыптасады. Ауыз қуысынан жүтылған су осы желбезек санлаулары арқылы жүтқыншақтан сырт-қа өтіп, тыныс алу аппараты - желбезекпен жанасады. Суда еріген оттегі желбезектің жүқа қабыргаларыңдағы қан тамырлары арқылы сіңеді, ал қан қүрамындағы көмір қышқыл газы, керісінше, суға бөлінеді. Желбезекте қарсы ағын принципі (балықтарда) орын ала-ды, сондықтан судағы оттегі тиімді пайдаланылады.

Тіршіліктің қүрлыққа ауысуына байланысты атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделген газ алмасудың бірнеше түрі қалыптасады. Мысалы, омыртқасыздарда - кеңірдек, хордальгларда - өкпе, кейбір қүрттар мен насеком личинкаларыңда - дене жабыны, жүмыр қүртгар-да - ішек арқылы тыныс алу механизмдері дамиды. Кейбір жағдайда дене жабыны (тері) арқьглы тыныстау механизмі арнаулы тыныс алу мүшелері пайда болған жануарларда да сақталады. Мысалы, жел-безек аппараты дамыған жылан балықтар өздеріне қажет оттегінің 60 пайызын, ал өкпе пайда болған бақалар - 50 пайызын тері арқы-лы қабылдайды.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 30.

ОБСӨЖ тақырыбы: Жүрек.
ОБСӨЖ жоспары:

1. Жүрек бұлшық етінің қызметтік ерекшеліктері.



2. Жүрек автоматизмі және өткізгіштік жүйесі.
ОБСӨЖ мақсаты: Жүрек бұлшық етінің қызметтік ерекшеліктерінің маңыздылығына. Жүрек автоматизмінің реттелуі және өткізгіштік жүйесіне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Жүрек басқа тамырлар жүйесі сияқты ұрықтық мезодерманың мезенхимиясынан өте ерте пайда болып, шамамен үшінші аптада созылып, жиырылып қызметке кіріседі. Жүрек алғашкы эмбриондық дамуда эндодерма мен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады. Осы екі түтік ұрық ішегінің бас бөлімінің алдыңғы жағына ығысып, екеуі бірігіп сыңар түтікке айналады. Оның ішкі қабырғасы (эндокард) — мезенхимадан тұрады (мезодермадан шамалы қалыңдау), нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты (эпикард пен үлпершегі — перикард) пайда болады.Жүректің түтік тәрізді бастамасының ұшына қараған (каудольды) жағы кеңейіп, веналық қойнау (sinus venosis), ал бассүйекке караган үшы тармакталып артериялык бағана (truncus аrtеrіоrиs) түзеді. Олардың веналык қойнауы денесіндегі веналық қанды қабылдайды. Жүректің түтігі эмбрионалдық даму кезінде тез ұзарып, оның веналық және артериялық бөлімдерінің арасы жіңішкереді. Осы жіңішкерген жерден келешек жүректің жақтаулы қақпақшасы пайда болады. Веналық бөлімдері екі құлақ өсіндісі бар құлақшаға; ал артериялық бөлімі құлақшаның екі жағын қапталдай екі артериялық бағана түзіп, жүректің қарыншасына айналады. Осылай веналық қойнауы, құлақша жақтаулы қақпақшасы (құлақша мен қарынша аралығында), қарыншасы және артериялық бағаналардан түзілген екі бөлімді ұрықтық жүрек пайда болады. Бұл балықтардың жүрегіне ұқсап, қызмет атқара бастайды.Жүректің ішкі жағында бұдан былайғы эмбриондық дамуы нәтижесінде біртіндеп үш перде (septum intertriale) пайда бола бастайды. Олардың бірінші пердесі тез өсіп, құлақшаны екіге бөледі. Бірақ бұл
перде толық жабылмайды. Құрсақтағы нәрестеде сақталатын оң жақ құлақша мен сол жақ құлақшаны қосып тұратын сопақша тесік (foramenovale) қалады. Демек, құлақшадағы қан бір-біріне араласып тұрады. Екінші перде (sерtит аоrtісориlтапаlе) екі артериялық бағана аралығында пайда болып, оларды қолка және өкпе бағана тамырларына бөледі. Үшінші перде қарыншаны екіге бөліп, төменнен жоғары қарай өседі. Бұл бірінші және екінші пердеге келіп қосылады. Оны қарынша пердесі (sерtит іпtеr vепtісиlаrе) деп атайды. Осылай үш перделер бір-бірімен, бірігіп, жүректі оң және сол жақ бөлімге бөледі. Сонда сол жақ қарынша қолқа тамырына жалғасып, оң жақ қарыншаның созындысы өкпенің қантамырына айналады.Жүректің оң жағындағы құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы қақпақша және сол жағындағы құлақша мен қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша түзіледі. Веналық қойнаулар жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларының және жүрек веналарының тесіктеріне айналады. Жоғарыдағы айтқанымыздай, ұрықтың дамуы кезінде жүрек мүрделі өзгерістерге ұшырап, ақырында төрт бөлікке бөлінеді. Міне, осы төрт бөлімді жүрек алғашқыда ұрықтың мойын бөлігінде дамып, кейіннен көкірек қуысына қарай ығыса бастайды. Ұрықтың жүректегі қанайналымының ерекшеліктеріне байланысты оның кейбір бөліктерінің және қантамырларының қызметі "Ұрықтың қанайналымы" деген тақырыпта айтылады.

ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРЕКТІҢ СЫРТҚЫ БІТІМІ

Жүрек-сүйір, іші қуыс, бұлшықетті мүше (200-201-суреттер). Оның артқы жоғарғы жағын негізгі (bаsіs соrdіs), ал алдыңғы төменгі жағын жүректің ұшы (арехсоrdіs) деп атайды.Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүректің көкетке дейінгі төменгі жағы көкеттік беті (fасіеs diарhrаgmatісі), ал алдыңғы, жоғарғы тос-қабырғалық жағы жүректің төс-қабыртқалык беті (fасіеs stеrпосоstаlіs) деп аталады. Жүрек көкіректің дәл ортасында емес, үштен екі бөлігі дененің орта сызығынан — солға, ал үштен бірі оңға ауып орналасқан. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкен болады да жүрек сол жақ өкпеге сұғынып жатады. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сылды. Жүректің салмағы еркектерде — 300 г, ал әйелдерде — 250 г, орташа ұзындығы — 13 см, ені — 10,5 см, қалыңдығы — 7 см.Көкіректің сыртынан есептегенде жүрек сол жақтағы емшектің тұсында, ұзындығы II қабыртқа мен V қабыртқаның арақашықтығындай болады. Жүректің сыртындағы қабы үлпершек деп аталады.Жүрек үлпершегі (реricаrdium) — екі қабаттан түзілген сір қапшық. Оның сыртқысын — талшықты үлпершек (реriсardium fibrosum), ал ішкісін сір үлпершек (реriсardium serosит) дейді. Үлпершектің сыртқы талшықты қабаты алдыңғы жағындағы дәнекер ұлпалармен қосылып төсүлпершек байламын (ligamentum sternopericardiaca) түзеді. Ол байлам арқылы жүрек үлпершегі алдыңғы жағымен төстің ішкі бетіне бекиді. Жүрек үлпіршегі төменгі жағымен көкектің орталық күмбезді сіңіріне бірігеді, жоғарғы жағымен ереме қолқаны, өкпе күретамырын және жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларды орайды. Сондай-ақ жүрек үлпершегі өкпе аралығындағы, олардың аралык үлпершектерімен бірігіп байланады.Жүрек үлпершегінің ішкі сір қабаты да екі жапырақшасын: сыртқы тақташа (laminaparietalis) үлпершектің ішкі астарын және ішкі тақташа (laminaparietalis) — жүректің сыртын орап жатқан эпикардын түзеді. Бұл екі жапырақшалар жүректің қолқа, күретамырлар жағында бір-бірімен бірігіп, ал қалған бөлігі жүректің ұшына қарай бір-бірімен бірікпей саңылау түзіп, қалталанып жатады. Оны жүректің үлпершек саңылауы (сavitas pericardialis) дейді. Саңылаудың ішінде азырақ сір сұйықтығы (сavitas pericardialis) болады. Құрылысы осындай болғандықтан үлпершек жүректің қимылына кедергі келтірмейді. Жүрек үлпіршегін жүректен сыпырып алуға болады. Жүректі осылай аршығанда денесі жалтырап көрінеді. Жүрек денесінің бірнеше жүлгелермен тілімденгенін көреміз. Олар мыналар: қарынша мен құлақшалар аралығында жүректің таж немесе көлденең жүлгесі (sulcus coronarius); алдыңғы және жоғарғы қарынша бетінде — алдыңғы жүлге (sulcus interventricularis); ал артқы және төменгі қарынша бетінде—артқы қарынша аралық жүлге (sиlсиs іпtеrvепtrісиtаrіs anterior). Бұл жүлгелерде жүректің артериялары мен веналары жатады. Сондай-ақ жүректің оң және сол жақ құлақтары (аиrісиlае dехtrа еt sіпіstra) да анық көрінеді.Жүректің ішкі көрінісі. Сонымен жүрек терт қуысты болады. Олар: оң және сол жақ құлақша (аtrіит dехtеr еt sіпіstеs), оң және сол жақ қарынша (vепtrісиlі dexter et sіпіstеs) деп аталады. (202-сурет).Жүректің қуыстарына толған қанды перделер мен әр түрлі қақпақшалар ретімен жіберіп тұрады. Жүректің оң жағы, сол жағынан тұтас перде арқылы бөлінген. Оң жақтағы құлақша мен қарыншаның арасында үш жақтаулы қақпақша (valva tricuspidalis), ал сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша (valva dicuspidalis) бар. Жүректен қанды алып кететін қолқа жөне окпе күретамырларының басталар жерінде үш жарты ай төрізді қақпақшалар, ал жүрекке қанды әкелетін вена күретамырлардың және өкпе веналардың қүйылар жерінде де жарты ай төрізді қақпақшалар болады. Енді жүректің ішкі құрылысын одан әрі тексеріп қарайық.Оң жақ құлақшаға (аtrіит dехіеr) үстіңгі жақтан жоғарғы вена күретамыры (v.саvа sиреrіоr), астыңғы жақтан төменгі вена күретамыры (v.саvа іпfеrіоr) құйылады. Сонымен бірге оң жақ құлақшаға жүректің жалпы веналық тамырлары мен веналық қойнауы (sіпиs vепаrит согопаrіі) ашылады. Жүректің құлағы (аиrісиlаe) құлақшалардың бір белігі болып табылады; олар сүйірленіп қолқа түбін жауып жатады. Оң жақ құлақшаның ішкі бетінде вена күретамырлардың ашылар жерлеріндегі аралықта вена аралық дөңес (tиdеr-сиlит епtеrоепоsит) болады. Оң және сол жақ құлақшаларды бөлетін пердеде сопақша тыртық (fоssа оvаlіs) бар. Ол жүректің эмбриондык даму кезіндегі екі құлақшаның өзары қатынасып тұрған тесігінің бітелген орны болып есептеледі.Төменгі қуысты вена күретамыр ашылар жерінің астында көлденең жарты ай төрізді қақпақша valvuia vеnае саvаe іnfеrіоrіs бар. Оның ішкі шеті сопақша тыртыққа жетіп тұрады. Эмбрионның дамуы кезінде ол төменгі қуысты вена күретамырдан қанды сол жақ қүлақшаға бағыттап тұрады. Жүректің веналық койнауының тесігі қойнау қатпарымен жабылады. Оң жақ құлақша мен оң жақ қарыншаның арасында тесік (оstіит аtrіоvепtrісиlаrе dехtrит), қарынша жирылғанда үш жақтаулы қақпақша арқылы жабылады.Оң жақ қарынша (vепtrісиlиs dехtеr) — сүйірлеу пішінді қуыс. Айтылған үш жақтаулы қақпақша осы оң жақ қарынша жағына қарай ашылады. Бұл қақпақшаның жиектері мен жақтауының төменгі шеттерінде сіңірлі жіпшелер қарынша ішіндегі емізік тәрізді бұлшықеттің ұшына бекиді. Негізінен оң жақ карыншада бір ғана ірі емізік тәрізді бұлшықет (тиsсиlі раріllаrеs), ал қалғаны майда бұлшықеттер болады. Бұл бұлшықеттер үш жақтаулы қақпақшаның құлақшадағы қуысқа қарай йілуіне кедергі жасап, қақпақшаларды парашюттың жібіндей керіп, тартып тұрады. Қарыншаның бұлшықет талшықтарынан буда түзіліп, ішкі қабырғасында бұлшықетті белдеулер құралады.Оң жақ қарыншаның алдыңғы сол бөлігінде артериялық қойнау пайда болып, өкпе бағанасы басталатын тесік (оstіит trипсі риlтопаlіs) түзеді. Бұл тесікте үш жарты ай тәрізді қақпақшалар болатынын жоғарыда сөз еткенбіз.Солжақ құлақша (аtrіит sіпіstrит)— пішімі қисықтау төрт бұрышты болып келеді. Оның алдыңғы қабырғасында жүректің сол жақ құлағы (аиrісиlа sіпtsіrа) орналасады. Сол жақ құлақ-шаның ішкі қабырғасы оң жақ құлақшаға қарағанда тегіс болып келеді. Сол жақ құлақшаға төрт өкпе венасы (vv.pulmonlis) ашылады. Сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында тесігі (оstіит аtrіо vепtrtсиlаrе sіпіsіrит) болады. Бұл тесікте екі жактаулы қақпақша болатыны жоғарыда айтылды.Сол жақ қарынша (vепtrісиіиs sіпіstеr) — сопақша келген бір ұшы сүйірленген қуыс. Оның ұшы жүрек ұшына сөйкес келеді. Қарыншаның ішкі қабырғасында екі үлкен емізік тәрізді бұлшықет бар. Осы бұлшықеттердің ұшынан екі жақтаулы қақпақшаның төменгі шетіне, әсіресе жиектеріне сіңірлі жіпшелек тартылып, бекіп жатады. Бұлшықеттің белдеулер оң жақ қарыншаға қарағанда сол жак қарыншада күшті жетілген.Сол жақ қарыншаның негізіңде өкпе күретамырының тесігінде түспа-тұс, аралық перденің жанынан қолқа тамырының тесігі (оstіит аоrtа) ашылады. Одан қолқа басталады. (Мұнда да үш жарты ай тәрізді қақпақ-шалардың болатынын да жоғарыда айтқанбыз).Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: эпикард (сыртқы), миокард (ортаңғы) және эндокард (ішкі) қабаттардан түзілген. Бірақ жүректің қабырғасының қалыңдығы оның барлық жерінде бірдей емес. Ол жүрек бөлімдерінің қызметіне байланысты. Мысалы, екі құлақшалар, қабырғасының қалыңдығы — 2,3 мм, оң жақ қарынша—6мм, ал сол жақ қарынша— 15 мм, яғни оң жақ қарыншаның өзінен 2,5 есе қалың екен. Бұл сол жақ қарыншаның жұмысты өте күшті істейтінін білдіреді.Эпикард (ерісаrdіит) — жүректің сыртқы қабаты. Үлпершек пен эпикард арасындағы саңылауда (20 см3) сүйықтық бар. Жүректің сыртқы қабығы эпикард деп аталады. Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатады.Миокард (туосаrdiит) — жүректің ең күшті жетілген құрышетті қабаты. Оның қалыңдығы жүректің өр бөлігінде әр түрлі. Ең жұқа жері — құлақша, ең қалыңы — сол жақ қарыншаның қабырғасы. Өйткені сол жақ қарынша қанайналымының үлкен шеңбері арқылы қанды бүкіл денеге айдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет