Ќосымша:
-
Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.
-
Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.
-
Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.
-
В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.
-
Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.
-
Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.
-
Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.
ОБСӨЖ № 25.
ОБСӨЖ тақырыбы: Қимылдарды сөзбен реттеу. Қан айналымы және оның жас ерекшеліктері.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Балалардың денесі және психикасы дамуындағы қимылдардың маңызы.
2. Әртүрлі жас кезеңдердегі қимылдардың мәні.
3. Қан айналу маңызы .
4. Қанның қан тамырдағы қозғалысы.
5. Қан қысымы.
6. Қанның ағу жылдамдығы.
ОБСӨЖ мақсаты: Қимылдарды сөзбен реттеудің маңыздылығына. Қан айналымы және оның жас ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Омыртқалы жануарда қан айналу тұйық тамырлар жүйесінде жүреді. Қан айналудың орталық оганы жүрек. Сүтқоректілерде жүректің тамырлар 1-1 мен тек жүрек арқылы ғана байланыстың 2 тұйық қан айналу шеңберін жасайды. Үлкен және кіші. Қан айналымның үлкен шеңбері болса қан жүректің жүректің сол жақтағы қарыншасынан қолқа арқылы шығып дененің өкпеден басқа барлық органдарына таралып одан соң төменгі және тағы қуыс венералар арқылы оң қарыншаға түседі. Одан әрі қан кіші қан айналу шеңберіне өтеді. Буа былайша қан оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы шығып өкпеге барады. Өкпе капиаларынан өтіп қан 4 өкпе венералары арқылы сол жүрекшеге құяды. Одан соң қарыншаға түсіп қайта қан айналу үлкен шеңберіне өтеді. Жүректің шығатын қан тамырларының барлығын артерия деп аталады.
Сүтқоректілерде және құстарда қан жүретін жүйенің құрлысы адамдікіндей болады. Төменгі сатылы омыртқасыздардан қан және қан жүретін тамырлары жоқ. Қоршаған ортамен органдарды жасушының арасындағы зат алмасу оларда су өттегі және тамақ заттардың тікелей ұлпа сұйықтығына өту арқылы жүріп отырады. Буа заттар жасуша аралық жолдарда және жылжып жүреді.
Филогентикалық даму барысында ұлпа сұйықтығы жүретін жолдар біраз кейеді. Бірақ қан жүретін жүйе өзінің қабырғалары бар ерекше тамыр пайда болғанда ғана айтуға болады. Омыртқасыздарды мұндай тамыр жүйесі сұйық емес.
Буынтық құрттарда алғаш рет тұйыққа жүру пайда болған жүйесі. Бұл қан алып жүретін аппараттың эволюциясы дүние тамырының тұйық жүйесінің дамуындағы ерекше өзінің жиырлу арқылы тамырлардың толтырылып тұрған сұйықтардың қозғалуын тудыратын арнайы ретті органның прогративті жекеленіп күрделенуі. Құрттарда және ланцентивте жүрек. Оларда тек етті қабырғасы бар соғып тұратын арқа тамырлары ғана болады. Алғашқы кезде жүрек бөлінбеген 1 тұтас түрде болған. Одан соң балықтарда 2 камералы жүрек, қосмекенділерде 3 камералы жүрек 2 жүрекше және қарынша бауырмен жорғалаушыларды толық бөлінбеген 3 камералы жүрек. Яғни 2 жүрекше және толық бөлінбеген қарынша. Құстармен сүт қоректілер 4 камералы сүтқоректілер қатар тортары сатылы бауырымен жорғалаушыларда крокодилдер 4 камералы. Бірақ ол суық денені. Бұл негізінде беретін биоцинтездің процестерінде болатын болып келеді. Яғни сакраз плазмалық римикулумндағы оксин және миозин жүйкелерінің іс-әрекетіне байланысты.
Қан айналудың үлкен және кіші шеңберлерін құрайтын тамырларды олардың қабырғаларының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай диаметріне және функцияларды рөліне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
-
Қаңқаны және ірі артерияларды 7 ластикалық тани серпілімді және амортицацияланушы қан тамырлануға жатқызады. Оның қабырғалылардың ортаңғы қабатында эластикалық элементтер көп болады. Осылардың арасында қарыншалардың ырғақтығы систоларды кезінде созылған немесе кеңейген тамырлар чистоло кезеңінде серпіліп бұрынғы қалпына келе алады.
-
Орташа және майда диаметірлі артериядағы етті тамырлар дағы.
-
Диаметрі 15-70-ке дейін микро мм-дей болатын мета артиолдар Артерия веналық анастамоздар. Преканалярлық синтездер. Редистипті немесе педергілі тамырлар деп аталады.
-
Капиляцияларды алмасу тамырларына жатқызады.
-
Сиымдылық тамырлар. Бұған постикапилярлық венулалар, вендулалар, веналалар, және әрі венералар жатады. Құрлысының жағынан веналар артериясы ұқсас. Бірақ олардың қабырғасының ортаңғы қабаты жұқа болады. Оларға қанның кері ағуына мүмкіндік бермейтін клапондары болады.
Қан тамырлармен қозғалуының ерекшеліктерін анықтауын заңдыңдарын геродинамикалық заңдар. Оларға қан қысымы қанның ағу жылдамдығы қан айналу уақытына болады.
3. Жүрек-өзінің жиырлуы кезінде қанды белгілі бір күшпен итереді. Яғни оған тамырларымен қозғалуы үшін біраз энергия береді. Бірақ бұл энергия қан қозғалғанда оны элементтік бөлшектердің бірнеше тамырлар қабығының қанға тигізетін кедергілерінің арқасында азаяды. Сонымен қанның тамырлар қабырғасына түсетін қызметі біртіндеп төмендей береді. Артерия ортаңғы қан қысымы сынап тбағанасы болса (Нg) 140-120 мм болса, ірі артерияларды 125-110, майда артерияда 60-40 мм, капилярда 40-20 мм, веналарда 10-5 мм, ірі веналарда теріс мәнге дейін төлеуді.
Қанның қан тамырларындағы қозғалысы. (гемодинамика).
Қан айналудың үлкен және кіші шеңберін құрайтын тамырларды, олардың қабырғаларының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай ,диаметрлеріне және функционалды рөлдеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді. 1) Қолқаны және ірі артерияларды эластикакалық (серпінді, амортизациялаушы) тамырларға жатқызады. Бұлардың қабырғасының ортаңғы қабатында эластикалық элементтер көп болады. Осылардың арқасында қарыншалардың ырғақты систоласы кезінде созылған (кеңейген) тамырлар дистола кезінде серпіліп, бұрынғы қалпына келе алады. 2). Орташа және майда диаметрлі артерияларды етті тамырлар дейді. 3). Диаметрі 15-70 млм-дей болатын артериолдар, метаартериолдар, артерия- веналық анастомаздар, прекапилярлық ефинктерлер-резисивті (кедергілі) тамырлар д.а. Қан ағысына кедергі күш негізінен артериолдар туады. 4). Капиллиярларда алмасу тамырларына жатқызады. Жұқа қабырғалары арқылы қан және ұлпа сұйықтығы арасында түрлі заттар мен газдардың алмасуы жүреді. Капилярлар қабырғасының жиырылғыштық қабілеті жоқ, кеңеюі-тарылуы резистивті тамырлардағы қысымға байланысты. 5). Сиымдық тамырлар- посткапиллярлық венулалар, венулалар, веналар және ірі веналар жатады. Құрылысы жағынан веналар артерияларға ұқсас, бірақ олардың қабаты жұқа болады. Оларда қанның кері ағуына мүмкіндік бермейтін клапандар бар.
ҚАННЫҢ АҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ.
Тамырлар жүйесінің барлық бөлімдерінде қан ламинарлық сипаттама қозғалады (ағады), яғни, тамыр осіне параллель түрде қабат-қабат болып ағады. Тамыр қабырғасына жанасқан қабат іс жүзінде қозғалмайды деуге де болады. Оның беткейімен сығып екінші қабат, ал мұның беткейімен үшінші қабат, т.с.с. болып қан қабаттары қозғалады.
Қанның түйіршіктері (пішінді элементтері) орталық (осьтік) ағысты құрайды. Плазма тамыр қабырғасына таяу қозғалады. Олай болса, тамыр диаметрі неғұрлым кіші болса, соғұрлым канның орталық қабаттары тамыр қабырғасына жақындай түседі. Және осыдан оның ағу жылдамдығы азаяды. Себебі тұтқырлығы жоғары қабат пен тамыр қабырғасы арасындағы өзара әрекеттесу өседі. Жалпы алғанда ұсақ тамырларда ірілерге қарағанда қанның жылжуы баяу болатындығы осы құбылысқа байланысты. Бірақ қанның тұтқырлығы тұрақты шама емес. Диаметрі 1 мм-ден кем капиллярлар арқылы қан өткенде оның тұтқырлығы азаяды. Капиллиярлар диаметрі бұданда кіші болса, ондағы қан тұтқырлығы да кеми түседі. Мұны гемодинамикалық парадокс деп есептейді. Қанның орталық ағысын құрайтын эритроциттер майда тамырлар қабырғасына жанасып ағатын тұтқырлығы төмен плазма беткейі арқылы жеңіл сырғып қозғала алады, яғни қан қозғалуына кероек жағдай жақсарады. Қан қысымы айырмашылықтары азаяды. Осы арқылы майда артерияда байқалатын қан тұтқырлығының жоғарлауы және қан ағысының баяулауы комненсацияланады.
Қан ағатын жүйеде ламижарлықтан басқа Түрбуленттік (құйынды) қозғалыс болады.
Бұл жағдайда қан бөлшеуктері тамыр өсіне марамель түрде ғана емес, оған перпендикуляр түрде де орын ауыстырады. Сұйықтықтың ішкі үйкелісі өседі. Турбулентті ағыс әдетте тамырлар тарамдалатын жерде, тамырлардың күрт бұрылыс жасайтын жерлерінде байқалады. Турбулентті ағыс қан қозғалысына келтірілетін кедергінің өсуін тудырады.
Тамырдың бір жерінен (ауданынан) белгілі бір уақыт ішінде өткен қан мөлшерінқан ағысының көлемдік жылдамдығы деп атайды. (мл/сек). Оның шамасы жүректің соғу жылдамдығы мен соғу және систолалық көлеміне байланысты. Қан тамырларының кеңдіктерінің әртүрлілігіне қарамастан қан ағысының көлемдік жылдамдығы барлық жерде бірдей. Себебі, қан тамырдың тар бөлімінен жылдам, ал кең бөлімінен баяу ағыспен өтеді.
Қанның бүкіл денені айналып шығуына кететін уақытты қанның айналу уақыты дейді. Ересек адамдарда ол-20 сек. Жұмыс кезінде бұл уақыт екі есе азаюы мүмкін. Жаңа туған балаларда 12 сек, 3 жастағы балада 15 сек, 14 жастағы балада 18 сек.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.
-
Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.
-
Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.
-
В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.
-
А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.
-
С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.
-
З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.
-
С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.
-
М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.
Ќосымша:
-
Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.
-
Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.
-
Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.
-
В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.
-
Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.
-
Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.
-
Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.
ОБСӨЖ № 26.
ОБСӨЖ тақырыбы: Қанның құрамы және көлемі. Ж‰рек-ќан тамырлар ж‰йесініњ ќызметініњ құрылымы дамуы.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Қан жүйесінің дамуы.
2. Қанның қызметтері.
3.Жүрек-тамыр жүйесі.
4. Қан тамырларының типтері: артериялар, веналар, капиллярлар, олардың морфологиясы.
5.Жүректің эволюциясы және омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың структуралары.
6. Сүтқоректі жануарлр мен адамның жүрегі.
ОБСӨЖ мақсаты: Қанның құрамы және көлемінің ерекшеліктеріне. Ж‰рек – ќан тамырлар ж‰йесініњ ќызметініњ құрылымына және дамуына толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Жүрек басқа тамырлар жүйесі сияқты ұрықтық мезодерманың мезенхимиясынан өте ерте пайда болып, шамамен үшінші аптада созылып, жиырылып қызметке кіріседі. Жүрек алғашкы эмбриондық дамуда эндодерма мен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады. Осы екі түтік ұрық ішегінің бас бөлімінің алдыңғы жағына ығысып, екеуі бірігіп сыңар түтікке айналады. Оның ішкі қабырғасы (эндокард) — мезенхимадан тұрады (мезодермадан шамалы қалыңдау), нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты (эпикард пен үлпершегі — перикард) пайда болады. Жүректің түтік тәрізді бастамасының ұшына қараған (каудольды) жағы кеңейіп, веналық қойнау (sinus venosis), ал бассүйекке караган үшы тармакталып артериялык бағана (truncus аrtеrіоrиs) түзеді. Олардың веналык қойнауы денесіндегі веналық қанды қабылдайды. Жүректің түтігі эмбрионалдық даму кезінде тез ұзарып, оның веналық және артериялық бөлімдерінің арасы жіңішкереді. Осы жіңішкерген жерден келешек жүректің жақтаулы қақпақшасы пайда болады. Веналық бөлімдері екі құлақ өсіндісі бар құлақшаға; ал артериялық бөлімі құлақшаның екі жағын қапталдай екі артериялық бағана түзіп, жүректің қарыншасына айналады. Осылай веналық қойнауы, құлақша жақтаулы қақпақшасы (құлақша мен қарынша аралығында), қарыншасы және артериялық бағаналардан түзілген екі бөлімді ұрықтық жүрек пайда болады. Бұл балықтардың жүрегіне ұқсап, қызмет атқара бастайды. Жүректің ішкі жағында бұдан былайғы эмбриондық дамуы нәтижесінде біртіндеп үш перде (septum intertriale) пайда бола бастайды. Жүректің оң жағындағы құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы қақпақша және сол жағындағы құлақша мен қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша түзіледі. Веналық қойнаулар жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларының және жүрек веналарының тесіктеріне айналады. Жоғарыдағы айтқанымыздай, ұрықтың дамуы кезінде жүрек мүрделі өзгерістерге ұшырап, ақырында төрт бөлікке бөлінеді. Міне, осы төрт бөлімді жүрек алғашқыда ұрықтың мойын бөлігінде дамып, кейіннен көкірек қуысына қарай ығыса бастайды. Ұрықтың жүректегі қанайналымының ерекшеліктеріне байланысты оның кейбір бөліктерінің және қантамырларының қызметі "Ұрықтың қанайналымы" деген тақырыпта айтылады.
ЖҮРЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРЕКТІҢ СЫРТҚЫ БІТІМІ
Жүрек-сүйір, іші қуыс, бұлшықетті мүше (200-201-суреттер). Оның артқы жоғарғы жағын негізгі (bаsіs соrdіs), ал алдыңғы төменгі жағын жүректің ұшы (арехсоrdіs) деп атайды.Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүректің көкетке дейінгі төменгі жағы көкеттік беті (fасіеs diарhrаgmatісі), ал алдыңғы, жоғарғы тос-қабырғалық жағы жүректің төс-қабыртқалык беті (fасіеs stеrпосоstаlіs) деп аталады. Жүрек көкіректің дәл ортасында емес, үштен екі бөлігі дененің орта сызығынан — солға, ал үштен бірі оңға ауып орналасқан. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкен болады да жүрек сол жақ өкпеге сұғынып жатады. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сылды. Жүректің салмағы еркектерде — 300 г, ал әйелдерде — 250 г, орташа ұзындығы — 13 см, ені — 10,5 см, қалыңдығы — 7 см.Көкіректің сыртынан есептегенде жүрек сол жақтағы емшектің тұсында, ұзындығы II қабыртқа мен V қабыртқаның арақашықтығындай болады. Жүректің сыртындағы қабы үлпершек деп аталады.Жүрек үлпершегі (реricаrdium) — екі қабаттан түзілген сір қапшық. Оның сыртқысын — талшықты үлпершек (реriсardium fibrosum), ал ішкісін сір үлпершек (реriсardium serosит) дейді. Үлпершектің сыртқы талшықты қабаты алдыңғы жағындағы дәнекер ұлпалармен қосылып төсүлпершек байламын (ligamentum sternopericardiaca) түзеді. Ол байлам арқылы жүрек үлпершегі алдыңғы жағымен төстің ішкі бетіне бекиді. Жүрек үлпіршегі төменгі жағымен көкектің орталық күмбезді сіңіріне бірігеді, жоғарғы жағымен ереме қолқаны, өкпе күретамырын және жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларды орайды. Сондай-ақ жүрек үлпершегі өкпе аралығындағы, олардың аралык үлпершектерімен бірігіп байланады.Жүрек үлпершегінің ішкі сір қабаты да екі жапырақшасын: сыртқы тақташа (laminaparietalis) үлпершектің ішкі астарын және ішкі тақташа (laminaparietalis) — жүректің сыртын орап жатқан эпикардын түзеді. Бұл екі жапырақшалар жүректің қолқа, күретамырлар жағында бір-бірімен бірігіп, ал қалған бөлігі жүректің ұшына қарай бір-бірімен бірікпей саңылау түзіп, қалталанып жатады. Оны жүректің үлпершек саңылауы (сavitas pericardialis) дейді. Саңылаудың ішінде азырақ сір сұйықтығы (сavitas pericardialis) болады. Құрылысы осындай болғандықтан үлпершек жүректің қимылына кедергі келтірмейді. Жүрек үлпіршегін жүректен сыпырып алуға болады. Жүректі осылай аршығанда денесі жалтырап көрінеді. Жүрек денесінің бірнеше жүлгелермен тілімденгенін көреміз. Олар мыналар: қарынша мен құлақшалар аралығында жүректің таж немесе көлденең жүлгесі (sulcus coronarius); алдыңғы және жоғарғы қарынша бетінде — алдыңғы жүлге (sulcus interventricularis); ал артқы және төменгі қарынша бетінде—артқы қарынша аралық жүлге (sиlсиs іпtеrvепtrісиtаrіs anterior). Бұл жүлгелерде жүректің артериялары мен веналары жатады. Сондай-ақ жүректің оң және сол жақ құлақтары (аиrісиlае dехtrа еt sіпіstra) да анық көрінеді.Жүректің ішкі көрінісі. Сонымен жүрек терт қуысты болады. Олар: оң және сол жақ құлақша (аtrіит dехtеr еt sіпіstеs), оң және сол жақ қарынша (vепtrісиlі dexter et sіпіstеs) деп аталады. (202-сурет).Жүректің қуыстарына толған қанды перделер мен әр түрлі қақпақшалар ретімен жіберіп тұрады. Жүректің оң жағы, сол жағынан тұтас перде арқылы бөлінген. Оң жақтағы құлақша мен қарыншаның арасында үш жақтаулы қақпақша (valva tricuspidalis), ал сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша (valva dicuspidalis) бар. Жүректен қанды алып кететін қолқа жөне окпе күретамырларының басталар жерінде үш жарты ай төрізді қақпақшалар, ал жүрекке қанды әкелетін вена күретамырлардың және өкпе веналардың қүйылар жерінде де жарты ай төрізді қақпақшалар болады. Енді жүректің ішкі құрылысын одан әрі тексеріп қарайық.Оң жақ құлақшаға (аtrіит dехіеr) үстіңгі жақтан жоғарғы вена күретамыры (v.саvа sиреrіоr), астыңғы жақтан төменгі вена күретамыры (v.саvа іпfеrіоr) құйылады. Сонымен бірге оң жақ құлақшаға жүректің жалпы веналық тамырлары мен веналық қойнауы (sіпиs vепаrит согопаrіі) ашылады. Жүректің құлағы (аиrісиlаe) құлақшалардың бір белігі болып табылады; олар сүйірленіп қолқа түбін жауып жатады. Оң жақ құлақшаның ішкі бетінде вена күретамырлардың ашылар жерлеріндегі аралықта вена аралық дөңес (tиdеr-сиlит епtеrоепоsит) болады. Оң және сол жақ құлақшаларды бөлетін пердеде сопақша тыртық (fоssа оvаlіs) бар. Ол жүректің эмбриондык даму кезіндегі екі құлақшаның өзары қатынасып тұрған тесігінің бітелген орны болып есептеледі.Төменгі қуысты вена күретамыр ашылар жерінің астында көлденең жарты ай төрізді қақпақша valvuia vеnае саvаe іnfеrіоrіs бар. Оның ішкі шеті сопақша тыртыққа жетіп тұрады. Эмбрионның дамуы кезінде ол төменгі қуысты вена күретамырдан қанды сол жақ қүлақшаға бағыттап тұрады. Жүректің веналық койнауының тесігі қойнау қатпарымен жабылады. Оң жақ құлақша мен оң жақ қарыншаның арасында тесік (оstіит аtrіоvепtrісиlаrе dехtrит), қарынша жирылғанда үш жақтаулы қақпақша арқылы жабылады.Оң жақ қарынша (vепtrісиlиs dехtеr) — сүйірлеу пішінді қуыс. Айтылған үш жақтаулы қақпақша осы оң жақ қарынша жағына қарай ашылады. Бұл қақпақшаның жиектері мен жақтауының төменгі шеттерінде сіңірлі жіпшелер қарынша ішіндегі емізік тәрізді бұлшықеттің ұшына бекиді. Негізінен оң жақ карыншада бір ғана ірі емізік тәрізді бұлшықет (тиsсиlі раріllаrеs), ал қалғаны майда бұлшықеттер болады. Бұл бұлшықеттер үш жақтаулы қақпақшаның құлақшадағы қуысқа қарай йілуіне кедергі жасап, қақпақшаларды парашюттың жібіндей керіп, тартып тұрады. Қарыншаның бұлшықет талшықтарынан буда түзіліп, ішкі қабырғасында бұлшықетті белдеулер құралады.Оң жақ қарыншаның алдыңғы сол бөлігінде артериялық қойнау пайда болып, өкпе бағанасы басталатын тесік (оstіит trипсі риlтопаlіs) түзеді. Бұл тесікте үш жарты ай тәрізді қақпақшалар болатынын жоғарыда сөз еткенбіз.Солжақ құлақша (аtrіит sіпіstrит)— пішімі қисықтау төрт бұрышты болып келеді. Оның алдыңғы қабырғасында жүректің сол жақ құлағы (аиrісиlа sіпtsіrа) орналасады. Сол жақ құлақ-шаның ішкі қабырғасы оң жақ құлақшаға қарағанда тегіс болып келеді. Сол жақ құлақшаға төрт өкпе венасы (vv.pulmonlis) ашылады. Сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында тесігі (оstіит аtrіо vепtrtсиlаrе sіпіsіrит) болады. Бұл тесікте екі жактаулы қақпақша болатыны жоғарыда айтылды.Сол жақ қарынша (vепtrісиіиs sіпіstеr) — сопақша келген бір ұшы сүйірленген қуыс. Оның ұшы жүрек ұшына сөйкес келеді. Қарыншаның ішкі қабырғасында екі үлкен емізік тәрізді бұлшықет бар. Осы бұлшықеттердің ұшынан екі жақтаулы қақпақшаның төменгі шетіне, әсіресе жиектеріне сіңірлі жіпшелек тартылып, бекіп жатады. Бұлшықеттің белдеулер оң жақ қарыншаға қарағанда сол жак қарыншада күшті жетілген.Сол жақ қарыншаның негізіңде өкпе күретамырының тесігінде түспа-тұс, аралық перденің жанынан қолқа тамырының тесігі (оstіит аоrtа) ашылады. Одан қолқа басталады. (Мұнда да үш жарты ай тәрізді қақпақ-шалардың болатынын да жоғарыда айтқанбыз).Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрек қабырғасы үш қабаттан: эпикард (сыртқы), миокард (ортаңғы) және эндокард (ішкі) қабаттардан түзілген. Бірақ жүректің қабырғасының қалыңдығы оның барлық жерінде бірдей емес. Ол жүрек бөлімдерінің қызметіне байланысты. Мысалы, екі құлақшалар, қабырғасының қалыңдығы — 2,3 мм, оң жақ қарынша—6мм, ал сол жақ қарынша— 15 мм, яғни оң жақ қарыншаның өзінен 2,5 есе қалың екен. Бұл сол жақ қарыншаның жұмысты өте күшті істейтінін білдіреді.Эпикард (ерісаrdіит) — жүректің сыртқы қабаты. Үлпершек пен эпикард арасындағы саңылауда (20 см3) сүйықтық бар. Жүректің сыртқы қабығы эпикард деп аталады. Эпикардтың ішкі бетіне миокард тығыз бірігіп жатады.Миокард (туосаrdiит) — жүректің ең күшті жетілген құрышетті қабаты. Оның қалыңдығы жүректің өр бөлігінде әр түрлі. Ең жұқа жері — құлақша, ең қалыңы — сол жақ қарыншаның қабырғасы. Өйткені сол жақ қарынша қанайналымының үлкен шеңбері арқылы қанды бүкіл денеге айдайды.
Глоссарий:
1. Эпикард
2. Миокард
3. Эндокард
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.
-
Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.
-
Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.
-
В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.
-
А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.
-
С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.
-
З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.
-
С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.
-
М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.
Ќосымша:
-
Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.
-
Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.
-
Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.
-
В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.
-
Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.
-
Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.
-
Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.
ОБСӨЖ № 27.
ОБСӨЖ тақырыбы: Қан құрамындағы жасушалар.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Эритроцит
2. Лейкоцит
3. Тромбацит
ОБСӨЖ мақсаты: Қан құрамындағы жасушаларының ерекшеліктері мен қызметтеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні:
Қанның пішінді элементтерге эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Олардың ішіндегі ең көбі эритроциттер яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жынысына байланысты : ер адамда 1 мкл қанда 4,5 – 5 млн, әйелде 4-4,5 млн. Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Бұндай пішін клетканың бетін, ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметінің атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі клеткаларына дене ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметті эритроциттердің құрамындағы билок заты гемоглобиннің қатысыуымен орындалады. Гемоглобин күрделі зат. Ол гем деп аталатын, құрамындағы екі валентті темірі бар бояулы заттан және глобин белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қорытылып, окси гемоглобинге айналады. Окси гемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады, Ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып, карбоксигемоглобинге айналады. Бұлда жеңіл ыдырайтын қосынды, қан мен өкпеге барып, көмір қышқыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сөйтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпадан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды.
Лейкоциттер. Лейкоциттер – ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметі Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар : а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер, ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агронулоциттер, б) моноциттер.
Лейкоциттердің жалпы саны жаңа түған нәрестеде 10-20 мың шамасында болғанымен, өмірінің алғашқы сағаттарынан оның саны күрт көбейеді. Туған сәтте 19500 болса, 6 сағатта 22000, 24 сағатта 28000 дейін кобейеді де екінші тәулікте азая бастайды: 48 сағатта 19500 болады. Ал 5-ші тәулікте баланың лейкоциттері күрт төмендейді де, 7 – ші тәулікте 8 мың – 11 мың шегіне жетіп, шамамен ересек адамның жоғары деңгейіне шамалас болады.
Тромбоциттер қанның құрамындағы 3 – ші пішінді элменттер немесе қан пластинкалары. Олар : сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1мкл 300 мыңнан – 400 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп, жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі бар : күндіз көбірек, түнде азырақ.
Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды : 1мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-300 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 425 мыңға дейін (орта есеппен 250 мың) жетеді. 1 жастан –16 жасқа дейін 1 мкл қанындағы орта саны 300 мың, 20 –30 жаста 311 мың, одан әрі қарай шамамен 14 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224 мың), ал 70 жастан асса тромбоциттердің саны азаяды : орта есеппен 208 мың. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Ол емшектегі балаларда тромбоциттер көп өндірілетінін білдіреді. Баланың жасы ұлғая келе тромбоциттердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді.
Қан айналу жүйесінің маңызы. Қан айналу жүйесі тоқталмай үнемі жүріп жататын зат алмасуын қамтамасыз етеді. Оның бұл қызметі қан тамырларында қанның қозғалып, барлық ірілі – ұсақты тамырларға заттарды тасуы арқылы іске асады. Яғни қан айналысы тасмалдау қызметін атқарады : а) ас қорыту мүшелерінде қорытудан пайда болған көректі заттарды күлді ұлпаларға, клеткаларға тасиды. ә) зат алмасуынан пайда болған пайдалы затарды клеткаларға, ал қажетті зәр шығару мүшелеріне тасиды. б) заттардың тотығуына қажетті заттарды оттегіні өкпеден клеткаларға тасиды, клеткадағы пайда болған көмір қышқыл газын өкпеге алып келеді де, оны сыртқа шығарады. в) химиялық белсенді заттар – гормондарды, ферменттерді, қорғау қызметтерін атқаратын антиденелерді – тасымалдайды. г) мүшелерді бір келкі температурада сақтауда қажетті жылуды тасиды және дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады. ғ) клеткалар мен ұлпалардың қызмет етуіне қажетті тұрақты жағдайларды сақтауға қатысады және оалрды көріктендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |