Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет102/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
83
қалыптастыру. Осы жоба бойынша кафедрамыздың үш әдістемелік бірлестіктерінің оқытушылары 
жұмылдырылған, яғни қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі. Нарықтық
экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу 
орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай 
білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай 
алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір 
ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті 
жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. «Әр біреудің тілін, өнерін білген 
кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді,аса арсыздана жалынбайды»-деп Абай Құнанбайұлы 
айтқандай, көп тілді білу - өнер.
Қазақстан Республикасында 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Әр ұлттың ана тілі Қазақстан 
Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңымен 
қорғалған. Аталған заңдармен мемлекеттік тіл де қоғалып отыр.
Мемлекеттік тіл мәртебесі – елімізде тұратын халықтарға тілді білуге қажеттілік туғызады. Тілді 
білу үшін керекті оқу құралдары, сөздіктер, оқулықтар керек. Соңғы уақыттарда Республикамыз-
да орыс тілді мектептерге қазақ тілінде көптеген кітаптар, бағдарламалар, сөздіктер, әдістемелік 
нұсқаулар шығарылып жатыр. Нәтижесінде қазақ тілін үйренудегі кейбір табыстары байқалады. 
Бұған тек лингвоәдістемелік және қазақ тіліне оқытумен қамту ғана себеп болып отырған жоқ, со-
нымен қатар қазақ ұлтының тілге деген құрметі, тарихқа деген қызығушылығы артып келе жатқаны 
байқалады. Ал қазақ тілінің лингвоәдістемелік оқыту үдерісіне қарасақ, үйренушілер саны көп, са-
пасы аз. Оқулықтардың көбінде тек грамматикалық материалдар беріліп, сөйлеуге аз тапсырмалар 
беріледі.Тек соңғы уақыттарда заман талабына сай коммуникативті әдістермен жасалған оқулықтар 
шығарыла бастады. Осы оқулықтар тек оқылымға арналған емес, сөйлеуге де үйретеді.
Ұсынылып отырған оқу құралы қазақ тілін үйренуге арналған. Бұл оқулықта өте қызықты 
лексикалық тақырыптар берілген, тілдік материалдар іріктеліп, грамматикалық тақырыптар 
жеңілдетіп көрсетілген, әр сабақ кейінгі сабақтардың жалғасы болып табылады және тапсырмалардың 
деңгейі әр сабақта өсіп отырады. Жазылған сұхбаттар, қызықты мәтіндер, түрлі жаттығулар мен 
тапсырмалар, сөйлеу қабілеттілігін дамытатын ойындар – қазақ тілін тез үйреніп алуға көмектеседі. 
Қазақша сөйлесуге үйреніңіздер!
Оқулықты құрастырған кезде қазақ тілі, орыс тілі, ағылщын тілінен өте көп кітаптар 
қарастырылып, қолданылды. Әр тапсырма өзінше қызықты.
Бұл оқулық полиязычие сұрақтарымен , мультикмәдениеттілікпен айналысатындарға және 
қазақ тілін тез үйреніп алуға тырысып жүрген ортаға құрастырылған.Өйткені тапсырмалар мен 
жаттығулар еуропалық оқулықтар үлгісіне сай жасалды.
Қазақ тілі грамматикасы тек орыс тілімен емес, ағылшын тілімен де сәйкестендіріп берілген. 
Сондықтан оқулықты орыс, ағылшын тілдерін жетік білетін басқа ұлт өкілдері қолдана алады. Қазақ 
тіліндегі материалдар толық көрсетіліп, ал орыс, ағылшын тілдерінен материалдар аналогиялық 
тәсілімен жалпы мәлімет алуға берілген.
Оқулықты орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, Жоғары оқу орындары, 
өздігінше қазақ тілін үйренушілер да қолдана алады. 
Оқулықтың лексикасы 800 бірліктен тұрады, сондықтан лексикалық минимумы элементарлы 
деңгейге сай. Оқулықтың үйрену курсы 100-120 оқу сағаттары. Бұл сағаттар оқытудың жағдайына 
қарай өзгертіліп отыруына болады. Қазақ тіліне оқыту әдісін жеңілдету барысында әр сабақтың 
үзіндісі аудиоқосымша дискі ұсынылып отыр. Әр сабақта тыңдалым жаттығулары арнайы белгімен 
көрсетілген.
Мысалы: ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ – ЛИЧНЫЕ МЕСТОИМЕНИЯ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет