КӨПТІЛДІЛІК – ПОЛИМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз-инженерлік-техникалық институты
Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздің білім беру саласына өте жауапты мәселе қойып отыр. Еліміздің
болашақ жастары бәсекелестікке сай, сапалы білім алып өз білімдерін әрі қарай шет елдерінде
жалғастыруға болатындай етіп оқыту керектігін айтып өтті. Сондықтан білім беру саласының ең
маңызды стратегиясының бірі, еліміздің дәстүрін жалғастыра отырып, болашақ түлектерді халықаралық
біліктілік деңгейіне сай сапалы білім беріп, оларға тек мемлекеттік тілмен шектелмей басқа тілдерді
білулеріне бар мүмкіндіктерді жасау керектігі туралы және тілді үйрету деңгейінің жоғары болуына үлкен
мақсат қойды.
Түйін сөздер: көптілділік,полимәдениетті, лингвоәдістемелік,мультикмәдениеттілік, заман талабы,
өзекті мәселе.
Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру.
Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы
мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады. Көптілді білім-
көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін таны-
туына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты:
бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамы-
ту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу
тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады,
ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына
мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап,
жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне
ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі
болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай,
сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және
«нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ.
Көптілді білім беру – көпқырлы мәселе. Оның әр міндетін, әр қырынан карастыру
Республикамыздағы ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Осы мәселені шешу мақсатында үш
тілде оқылатын оқулық шығаруға мақсат қойдық. Оқытушылардың негізгі мақсаты – көптілді
және көпмәдениетті құзыреттілікті игерген жеке тұлғаны тәрбиелеп, полимәдениетті маман
|