№ 3 (106) 2015
85
тер арасында әлеуметтік- мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті,
тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей,өзінің елі
мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру өмір талабы.
Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, инженерлік және басқа да салаларда жаңалықтарды
өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшің халықаралық байланыстарды нығайтып,
әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр. Замана
ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай
отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Қазіргі заманда оқыған зиялы азаматтардың
бірнеше тілде сөйлеуі Қазақстанның болашағынан елес беріп тұрғандай. Бүгінде оқушыларымыз,
студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті.
Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді
білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы
қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде
өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады. Мемлекеттік
тілдің мәртебесі әрдайым биік болуы керек. Әсіресе, мамандар шет тілін оқытатын еліміздегі оқу
орындарының білім беру жүйесінде қазақ тіліне ерекше басымдық беруін қадағалауы керек. Сонда
ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұлттық құндылығымызбен терең сусындайды. Мемлекеттік тілдің
мәртебесін ойлағандар аталған жобаны қолдай отырып, «қазақ тіліндегі ақпараттық кеңістікті
кеңейтуге күш салуы қажет». Жалпы айқанда, өз тіліміздің қадір – қасиетін түсініп, мәртебесін
көтерейік, Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл заман талабы болып отыр. Егер осы үштілділік
тиімді жұмыс атқарсын, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда
үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілден
аспай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланы-
луы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |