Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
86
on the other hand, to provide school leavers with international qualification qualities, to develop their linguistic
consciousness, based on the acquisition of the state, native and foreign languages. In this context, understanding the
role of languages in the world today poses the question of the effectiveness of language learning and improving the
level of language training with special emphasis.
Key words: multilinqualism, linquistic- methodical, multiculturalism, call of the times, topical issue.
Редакцияға 12.02.2015 қабылданды.
ӘОЖ 373:37.167.1
Ж.Б. БАЙСЕИТОВА
пед.ғ.к., Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, Павлодар қ.
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ
ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бұл мақалада «өзін-өзі тану» пәнін білім беру тәжірибесіне енгізудің жалпы ғылыми-теориялық
мәселелеріне назар аударылған. Автор
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру тұжырымдамасының
рет-ретімен қолданысқа еңдірудің маңызына тоқтала келіп, теориялық тұрғыдан сипаттайды
.
Мен
– тұжырымдамасының мәнін ашады. Сонымен қатар мақалада өзін-өзі тану қажеттілігінің және
Меннің оған байланысты өзге де қажеттіліктерінің көрініс беруінің деңгейі қарастырылып, өзін-өзі тану
мақсаттары мен мотивтерінің ерекшеліктері анықталған.
Түйін сөздер: таным, өзін-өзі тану, қажеттілік, белсенділік,
биоәлеумет, өзін-өзі дәлелдеу, өзін-өзі
жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру, мотив.
Тұлғаның белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруды меңзейтін білімді жетілдірудің
қазіргі заманғы жағдайында еліміздің білім беру саласына енгізіліп отырған «Өзін-өзі тану» оқу
пәнінің маңызы ерекше орын алады.
Осы орайда
2010-2011 оқу жылынан бастап жалпы орта білім беру ұйымдарының және жоғары
оқу орындарының оқу процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті пән ретінде
енгізу мақсатында
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы №71 бұйрығына
сәйкес «Жалпы білім беру ұйымдарындағы 1-11-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің типтік
оқу бағдарламалары және жоғары оқу орындарында арнайы 5В012300-«Әлеуметтік педагогика
және «өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты бекітілді [1].
Қазақстан Республикасы көп мәдениетті қоғам үшін едәуір тұрақты болашақты құрудың
жолдарын іздестіруде. Үздіксіз білім берудің жүйесі адамдардың адамгершіліктік рухын және
тарихи жадын қолдай отырып, ұрпақтың сәйкесті бейнесін қалыптастыруға бағдарлайды. Тұлғаның
рухани-адамгершілік тұрғыда қалыптасуы, тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуында ерекше
маңызға ие болуда. Жаңа әлеуметтік мәдени ақиқаттар, нарықтық экономика тұлғаны көтермелеп,
экономикалық және әлеуметтік саяси іс-әрекетке адами сипатты табыс ететін рухани қайнарларға,
адами нормалар мен реттегіштерді ұстануда құндылықтар жүйелерін қайта ойластыру қажеттілігін
тудырады.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру тұжырымдамасы рет-ретімен қолданылатын
барлық тұрғылардың жиынтықталуының маңызын танытатын теориялық тұрғыны сипаттайды.
Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы, халықаралық конвенциялардағы,
сондай-ақ өкіметтің және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің басқа
да нормативтік құжаттарындағы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030»
атты жолдауындағы тұжырымдамалы идеяларды бірізділікпен дамытуға мүмкіндік беретінімен
міндеттелінген. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» тұлғаның адамгершіліктік-рухани сауатын ашуға
бағытталған мүлдем басқа бағдары, ұстанымдары, теориялық тұрғылары мен әдістемелері бар
жаңашыл курс бола отырып аталған құжаттардың шегінен асып түседі
[2]
.
Жастар жоғары оқу орындарында әлеуметтік жағдайлармен бетпе-бет кездеседі, олардың
алдарында өмірлік мәні бар, өзіндік шешімдерді талап ететін міндеттер тұрады. Осы кезеңде
олардың бойында көп өзгерістер болады, өзіндік даму үрдісі одан әрі жалғасады: студент болу,
тұлғалық дамуға қадам ретіндегі білім алуға бет бұруы; кәсіптік таным мен өзін-өзі тану, болашақ
|