Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
88
Аталмыш қажеттіліктердің барлығы өзара тығыз байланысады, бірін-бірі өзара толықтырады,
мінез-құлық мотивациясының күрделі тармақтарын шарттандырады. Қанағаттандырылған өзін-
өзі тану қажеттілігі басқа барлық қажеттіліктердің де қанағаттандырылуын жеңілдетеді. Аталған
қажеттіліктердің негізінде адамның өзін-өзі дамытуымен байланысты, жоғары реттегі қажеттіліктер:
өзін-өзі дәлелдеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру және т.б. қажеттіліктер туындайды.
Өзін-өзі тану қажеттілігінің және Меннің оған байланысты өзге де қажеттіліктерінің көрініс
беруінің деңгейі өзін-өзі тану мақсаттары мен мотивтерінің ерекшеліктерін анықтайды. Мотив
– іс-әрекетке нақты ұмтылыс, онда қайсібір қажеттілік анықталады. Мәселен, қарым-қатынас
қажеттілігі қарым-қатынас мотивін, еңбек ету қажеттілігі – еңбек іс-әрекетіндегі мотивтерді, өзін-
өзі тану қажеттілігі - өзін-өзі тану мотивтерін белсендіреді. Адам белгілі бір мотивтің әсерінен іс-
әрекеттің нақты мақсаттарын көздеп, әрекеттердің амалдарын, әдіс-тәсілдерін, бірізділігін қолдана
отырып оларға қол жеткізеді.
Мақсат бұл - болашақ нәтиженің бейнесі. Өзін-өзі танудың мақсаттары кең және тар, реалды
және реалды емес, шынайы және жалған деп жіктеледі.
Өзін-өзі танудың ең кең мақсаттарына адамның тұтастай өзінің тұлғасын және өмірлік
мақсаттарын тануы жатса, тар мақсаттарға Меніміздің біз үшін нақ осы шақта маңызды бейнесінің
нақты мазмұны жатады.
Реалды мақсат - өзімізде шын мәнінде бар дүниені анықтап, талдауымыз, реалды емес мақсат -
өзімізде шын мәнінде жоқ нәрсені тіркеп тануымыз.
Адамды өзін-өзі тануда кең және тар, реалды және реалды емес, шынайы және жалған
мақсаттарды көздеуге сәйкес қажеттілік көрініс беретін мотивтер итермелейді. Ондай мотивтерді
өзін-өзі тану іс-әрекетінің негізінде жатқан ерекше мотивтер және өзін-өзі танумен жанама
байланысқан ерекшеленбейтін мотивтер деп екі топқа жіктеуге болады.
Ерекше мотивтерге адамның өз-өзіне деген қызығушылығы жатады. Қызығушылық бұл
– эмоциялы боялған танымдық қажеттілік. Нақ біздің жағдайымызда бұл – адамның өзін-өзі
тануындағы эмоциялы боялған танымдық қажеттілік. Адамның өз-өзіне деген қызығушылығы
дамуының бәрін білуге құмарлық, адамның өз-өзіне деген қызығушылықтың өзі, өзін-өзі тануға
құмарлық деген бірнеше кезеңдері бар.
Өзін-өзі танудың ерекшеленбейтін мотивтеріне өзін-өзі тану іс-әрекетін жүзеге асыруда
маңыздылығының дәрежесі бойынша Менге қатысты мотивтер (өзін-өзі сыйлау қажеттілігі, Меннің
біртұтастығына деген қажеттілік, өзін-өзі салыстыру қажеттілігі, өзінің өзгелердің тарапынан
мойындауына деген қажеттілік), өзін-өзі дамытуға байланысты мотивтер (өзін-өзі дәлелдеу, өзін-
өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі өзектендіру мотивтері), іс-әрекеттің
басқа түрлеріне қатысты мотивтер (қарым–қатынас, бедел, жетістік, таным, оқу, моральды және т.б
мотивтер) деп бөлуге болатын қалған басқа мотивтерді жатқызуға болады.
Олардың өзін-өзі тану мотивімен өзара байланысу механизмдері біршама ұқсас келеді. Өзін-өзі
танудың дамыған мотиві қалған басқа мотивтердің қызметіне жағымды әсер етеді. Адамның өз-
өзі қызығушылығы өзін-өзі дамыту мотивтерін ынталандырады. Өз кезегінде өзін-өзі дамытудың
айқын мотивтері өзін-өзі тану қажеттілігі мен ерекше мотив – адамның өз-өзіне қызығушылының
қалыптасуына жағымды ықпал етеді.
Яғни, өзін-өзі танусыз бірде –бір мотивті толықтай жүзеге асыруға болмас, ақыр соңында
барлығы өзін білуге, өзіне қатынасына, өзін-өзі реттеу және қадағалауға тұйықталып, тек сол
жағдайда ғана барлық қалған мотивтер сәтті жүзеге асырылуы мүмкін [6].
Ең алдымен өзін-өзі танудың нәтижесінде адамның өзі жайлы білімдері туындайды. Ол білімдер
жақындық тұрғысынан интеллектілік күйлер, мінез бітістері, эмоциялы қасиеттері, қабілеттері,
мінез –құлық сипаттамалары деп конструктілерге топтастырылады. Аталған конструктілер өз
кезегінде жиынтықталып Мен бейнесін құрайды. Мен бейнесінің конструктілерін үйлестіру,
негіздеу адам үшін оның Мен – тұжырымдамасының мәнін ашады. Әрине Мен – тұжырымдамасы
толықтай сезілуі мүмкін емес, өйткені оның біршама бөлігі бейсаналылық бөлігінде орналасқан.
Сол себептен айтып
өткеніміздей өзін-өзі тану аяқталған үрдіс болуы мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |