Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет116/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   615
3-106-2015-2-chast

Г.Б. БЕЙСЕНБЕКОВА
1
, Д.Д. ШАКИМОВА
2
пед.ғ.к., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Қарағанды қ.
1
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистранты, Қарағанды қ.
2
ОҚЫТУШЫ ТРЕНЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУҒА ЭКСПЕРТТІҢ КӘСІБИ ҚОЛДАУЫ
Мақалада эксперттің тәжірибесі негізінде тренингті формативті бағалау үдерісінің жүзеге асырылу 
жолдары мен қадамдары жайлы айтылған. Басым бағытта аталған мәселелердің өзектісі ретінде 
ересектерді оқыту ғылымы-андрагогикаға қатысты зерттеуші-ғалымдардың еңбектеріне шағын зерделеу 
жүргізіліп, соның ішінде, ересектерді оқыту психологиясы бойынша танымал маман Девид Колб ұсынған 
төрт сатылы циклдік модель теориясын мұғалімдерді оқытуда да басшылыққа алудың тиімді жолдары 
ұсынылған. 
Түйін сөздер: тренер, бағалаушы эксперт,
 жиынтық бағалау (суммативті бағалау),
 қалыптастырушы 
бағалау (формативті бағалау).
Қазіргі кезде білім беру жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістің сатысында тұрғаны бізге мәлім. 
Дегенменде, оның үдемелі дамуы үшін шешуші тұлға ғылыми және техникалық білімдерді игереді, 
ойдың және рухани потенциалдың қалыптасуына ықпал етеді, үнемі өзгеріп тұратын әлеуметтік-
экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл мәселе «Қазақстан-2050» стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. 
Назарбаевтың Халқына жолдауы[1] мен 
«Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында[2] 
қарастырылған болатын.
Осыған орай, Қазақстанда осы мақсатпен мұғалімдердің қызметін және педагогикалық білімін 
жетілдіру үшін мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын жүзеге асыратын «Педагогикалық шеберлік 
орталығының» негізі қаланды. 
«Қазақстан-Кембридж бағдарламасы»
бойынша мұғалімдерді 
оқытатын жоғары білікті тренерлер мен біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру мақсатында 
бағалаушы-эксперттер құрамы даярланды.
Тренердің оқытуы және практикасы, мұғалімге арналған негiзгi бағалау критерийлерін пайдалануы 
эксперттер командасымен бағаланады. Эксперт стандартына сәйкес тренердің оқытуына қолдау 
көрсету үшін оның педагогикалық практикасы формативті бағаланып, тренердің өз практикасын 
жақсартуына, өзгеріс енгізуіне ықпал ету мақсатында сындарлы пікірлер ұсынылады [3]. 
Тренердің өз стандартына сәйкес болуы үшін оның оқуы мен практикасын қолдап, дамыту 
әрбір төл эксперттің міндеті. Осы мақсатта бағалауға барған алғашқы күннен бастап эксперт 
өзіне бекітілген тренерлер тобының педагогикалық практикасын формативті бағалау үдерісін 
жоспарлайды. Формативті бағалауда эксперт (мұғалім, тренер) жұмысты қадамдап жоспарлай 
отырып, табысқа жету алгоритмін құрады[4]. Соның бірі, тренингті формативті бағалау үдерісі 
төмендегі әрекеттер бойынша жүзеге асырылады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет