Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет117/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
95
1. Алдын ала бекітілген кестеге, арнайы бағалау формасына сәйкес тренерлердің сабақтарын 
(тренингтерді) бақылау;
2. Тренерлердің қажеттілігіне сәйкес құрылған кесте бойынша кеңес беру;
3. Тренерлермен кәсіби сұхбат, тәлімгерлік жүргізу; 
4. Тренердің іс-әрекетін, оқыту мен тәжірибесін стандартқа сай жетілдіру мақсатында тиімді 
кері байланыспен қамтамасыз ету.
Тренингтерді формативті бағалау эксперттің бағалау құралы: жоспарлау, оқыту, оқу, бағалаудеген 
төрт критерий бойынша қадағаланады.
Тренинг (ағыл. training, train деген сөзден — оқыту, тәрбиелеу) - топтық жұмыстың белсенді 
әдістерін қолдану арқылы білім - дағдыларды, әлеуметтік қызметтерді белсенді дамытуға бағытталған 
оқыту әдісі болып табылады. Яғни, оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ 
тренинг деп аталады және №1-кестеде көрсетілген құрылымға сай жүргізіледі.
т
р
е
н
и
н
г
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
№1- кесте 
Бақыланған сабақтарда негізінен тренингтің жоғарыдағы құрылымы сақталады және тренерлер 
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының 
идеясын жүзеге асыруды басты мақсат етеді.
«Танымның ең ащы да қиын жолы тәжірибе» дегендей, тренерлер мұғалімдерді (ересектерді) 
оқытуға қатысты теориялық білімдерін тәжірибемен қалай ұштастыруда? Тренердің оқыту әрекетін 
дамытуға эксперттің кәсіби ықпалы қандай?
«Талантты және дарынды оқушыларды анықтауда» мұғалімдер «дарынды бақылаушы» 
болу керек деп Эйр айтқандай, тренингті бағалағанда эксперт те «дарынды бақылаушы» болуы 
керектігі аян. Осы мақсатта тренерлермен сабақты бақылау алдында және сабақтан кейін арнайы 
құрылымдалған сұрақтар бойынша сұхбат жүргізудің маңыздылығына тәжірибеде көз жеткізілді. 
Сабақты бақылау алдындағы сұхбат мақсаты-алдын ала жүргізілетін сұхбат барысында 
тренерден өтілетін сабақтың мақсатына, үйренушілердің ерекшелігіне және тренердің оқытуына 
қатысты ақпараттар алу. Мәселен, -Бүгінгі бақыланатын сабақтың тақырыбына, мақсатына, 
топтың ерекшелігіне сәйкес жоспарлауыңызға қатысты қысқаша айтып берсеңіз. Үйренушілер осы 
сабақтан нені біліп шығулары керек? Сіздің рөліңіз қандай болмақ? Рефлексивті оқытуды дамытуға 
ықпал ететін қандай стратегиялар қолданасыз? Үйренушілерге осы сабаққа қатысты дайындалуға 
ресурстар берілді ме? Бүгінгі сабақ Сіздің оқытуыңыз үшін әдеттегідей бола ма? Олай болмаса, 
несімен ерекшеленеді? Менің неге көңіл аударғанымды қалар едіңіз? деген сауалдарға жауапты 
жазбашадан гөрі ауызша алған тиімді. Себебі, тренерлер қай уақытта болсын бетпе-бет сөйлесуге 
әзір. Сабаққа қатысуға нақты мақсат қойып, дайындықпен кіру бақылауды неғұрлым сапалы етеді 
және тренермен арадағы ынтымақтастықты арттыра түседі.
«Рефлексиялау дағдысы саған жай ғана,- рефлексия жаса! дегенде емес, жауап беруге тиіс 
сұрақтар қатарын ұсынғанда тиімді дамиды, (Cowan, 1998, p35) деген Ковэннің сөзіне орай, сабақтан 
кейін тренерлермен құрылымдалған сұрақтар бойынша кәсіби сұхбат жүргізу түйінді мәселелерді 
анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен,- Сабақтың мақсатына сәйкес үйренушілер әрекеті туралы 
сіздің пікіріңіз қандай? Сіздің оқытуыңыздың мықты жақтары қайсы? Өз практикаңыздың 
жақсарған тұстарын байқадыңыз ба? Бәлкім, бұған дейін қойылған жеке бір мақсаттарыңызға қол 
жеткізген боларсыз? Сіздің оқытуыңызда әлі де болса жетілдіруді қажет ететін мәселелер не деп 
ойлайсыз? Осы мәселелерді жетілдіруде өз ұсыныстарыңыз бен стратегияларыңыз бар ма?деген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет