Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет120/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
98
Осылайша тапсырмаларды саралап беру арқылы үйренушілердің қажеттілігін ескеріп, барлық 
үйренушінің ішкі уәжін немесе өзіндік мақсатын арттыруға болады. Тренингтің ерекшелігіне сәйкес, 
үйренушілер алған теориялық білімдерін тренинг барысында бірден практикамен байланыстыруға 
мүмкіндік алады.
Бұндай тапсырмаларды шағын топтармен де, жалпы топпен де түрлендіріп жүргізуге болады. Ең 
маңыздысы, ересектерді оқытуда әр үйренушінің қажеттілігі ескерілгенде ғана, оның белсенділігі 
артып, оқуға ықыласы жоғарылайтыны сөзсіз.
Қорыта келегенде, ересектерді оқытуға қатысты жоғарыда келтірілген ерекшеліктерді негізге 
ала отырып, тренингтің табыстылығын қамтамасыз ететін ұсыныстарды былайша тұжырымдауға 
болады: 
Тренерлер Колб әдісі бойынша өз тобындағы мұғалімдердің өзекті ойлау стилін 1-бетпе-
бет кезеңінде сауалнама
(П.Хон, А.Мамфорд), 
интервью арқылы анықтап алып, соған сәйкес 
жоспарланған сабақтарында үйренушілерінің мықты жағын қолдап, әлсіз тұсын жетілдіруге назар 
аударса.
Тренингтің кіріспе кезеңінде мұғалімдердің сабаққа жекелеген мақсатын құруға мүмкіншілік 
берілсе;
Тренингтің негізгі бөлімінде оқытудың ынтымақтастық және зерттеушілік ортасын құру үшін 
сабақты жоспарлау кезінде сыни ойлау әдістері мен тәсілдері кеңінен қолданылса;
Бағалау кезінде, әсіресе формативті бағалау барысында, үйренушілердің өзекті ойлау стилі 
ескерілсе;
Әрбір тренингтің қорытынды кезеңінде өзекті ойлаудың барлық стиліне қатысты үйренушілерді 
қамти отырып, рефлексия жүргізілсе;
Қашықтықтан оқыту және 2-бетпе-бет кезеңінде 
аралық нәтижелерін байқау мақсатында 
қайтадан сауалнамалар алынып, 
мұғалімдердің
дамуындағы өзгерістер 
зерделенсе. Мәселен, 
прагматик мұғалім сол оқу стилінде қалды ма, әлде басқа оқу стильдерін де дамытты ма?
«Бағыт беру - бізден, әрекет ету - сізден» демекші, ортақ нәтижеге жетуде сенімге негізделген 
қарым-қатынас орнатып, тренерлердің тәжірибесін бақылау және оларға кәсіби тұрғыда өз 
тәжірибесін жетілдіруге бағыт беру эксперттің аймақта жүргізетін тәлімгерлік үдерісінің маңызды 
бір бөлігі болып табылады.
Бұл эксперттің тренерлердің оқыту әрекетін дамытуға кәсіби қолдау 
көрсетуде жағымды ықпал жасауға деген терең қызығушылығын және жұмысына адалдығын 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет