Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
124
Түйін сөздер: Интербелсенді әдістер, ақпараттық технология, проблемалық шығарма әдістері,
презентациялар, пікір-таластар, кейс-стадийлер, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі.
«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін
қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстанда білім беру жүйесін бүкіләлемдік білім кеңістігіне
кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде индустриялық
қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамы-
тып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау,
тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр
[1].
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған
тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту
ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің
шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Теориялық білімді игерту мен жаңғырту
және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен
біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады. Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің
танымдық маңызы да зор болады.
Инновациялық әдістердің ең негізділерінің бірі – Англиядан шыққан «Интербелсенді оқыту
әдісі» (ағыл. Interaсtion - өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) . Негізгі ережесі:
1. Адамдардың арасындағы қатынас өмірдің басты қажеттілігі екенін мойындау;
2. Барлық оқушыларға тең мүмкіндіктер жасау;
3. Әлеуметтік-психологиялық кезеңдерде тиімді әдіске топтың даяр болуы;
4. Топпен жұмыс істей білу, шешім қабылдай алу.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс
мәліметтер көлемін ұлғайтады;
2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол
жеткізуге болад;
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының
сапасын арттырады.
Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс
істеуге мүмкіндік алады [2]. Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске
ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру
саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып та-
былады. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың
интербелсенді оқыту моделі болып табылады.
Интербелсенді әдістерге:
1. Проблемалық шығарма әдістері
2. Презентациялар
3. Пікір-таластар
4. Кейс-стадийлер
5. Топпен жұмыс
6. Миға шабуыл әдісі
7. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
8. Викториналар
9. Мини зерттеулер
10. Іскерлік ойындар
11. Рөлдік ойындар
12. Инсерт әдісі (белгілеулер әдісі, 7-10 минут ішінде оқушылар эссе жазады).
13. Блиц-сұрақтар әдісі
14. Анкета алу әдісі, т.б [3].
Ақпаратты беру мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық принципіне негізделген. Жоғарыда
көрсетілген әдістер оқушының екпінділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық
тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады. Оқытудың интербелсенді әдістерінің негізгі критерийлері:
|