Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет155/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
126
- Өзіне бөлінген тақырып бойынша сөйлеу барысында ойлануға, ізденуге, шығармашылықпен 
жұмыс істеуге тіпті өзінің бүкіл түйсігін, сезімін белгілі бір мәселеге жұмылдыруға 
үйренеді;
- Оқушылар топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді [6].
Бұл тәсілмен өткізілген сабақта мұғалім әр оқушыға жеке көңіл бөле алады. Себебі әрбір оқушының 
жеке өзіне ғана бөлінген тапсырмасы болады. Мұнда әр оқушы өз жұмысының нәтижелі болуын 
көздейді. Сөйте тұра олар топ болып, жұп болып жұмыс істейтіндіктен бірлескен әрекеттерінің де 
жеткілікті болуын мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен оқушылар озат оқушылардан кей жерлерде 
тапсырманың орындалу барысынан көмек алса, ал озат оқушылар топтың әрекетте артта қалмауы 
үшін серіктесіне көмек береді. Осылайша интербелсенді әдістер оқушыларды мәселені бірігіп 
шешуге үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді. 
Дәрістің бірнеше түрі бар (отырған тыңдаушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындығына 
байланысты):
1) Проблемалық дәріс. Бұнда теориялық концепцияларда бейнеленген нақты өмір қарама-
қайшылықтары модельденеді. Осындай дәрістің басты мақсаты – оқушылардың өз бетімен білім 
алуы;
2) Визуалды дәріс. Бұнда дәріс мазмұнының көп бөлігі көзбен көретін түрде болады (суреттер, 
графиктер, кестелер және т.б.) 
3)Диалог-дәріс. Бұнда екі адамның жұмысы бейнеленеді (екі оқушының немесе оқытушы мен 
оқушының). Олар берілген тақырып бойынша дәріс оқиды және проблемалы – ұйымдастырушылық 
мәліметтермен, оқушылармен қарым-қатынаста болады. Проблематизация оның түрінен де, 
мазмұнынан да туындайды;
4) Пресс-конференция дәрісі. Бұнда дәріс мазмұны оқушылардың сұранысы бойынша бірнеше 
мұғалімдердің қатысуымен безендіріледі.
Диалогтық бөлім шегіндегі мұғалім жұмысының реті
1. Мәліметтің басты мазмұнын анықтау
2. Оқу мәліметтерін толық, жинақы, «өсу ретімен» жеткізу
3. Тақырып бойынша жеңілдетілген және білім стандартының талаптарына сай деңгейлерде 
тапсырмаларды дайындау
4. Пәнге деген қызығушылықты арттыру үшін шығармашылық сипаттағы мәліметтерді 
дайындау
5.Осы тараудың барлық сабақтарында диалогтық қарым-қатынасы қамтамасыз ету
Адам тұлғасының дамуының маңызды факторы болып қарым-қатынас саналады, сондықтан 
қарым-қатынас арқылы оқу қызметін ұйымдастыру оқушы тұлғасының дамуына үлкен әсерін 
тигізеді. Бұл оқыту модулінің танымдық процесі ойындық ұйымдастырумен, әр түрлі әдістер 
(топтық, жекеленген, жұптық жұмыс, диспут, дискуссия) көмегімен, оқушылардың бір-бірімен 
сынып ішінде топтарға бөлінуі арқылы қарым-қатынаста жүреді. Диалогтық бөлім оқытудың 
активті түрлері арқылы құрылады: алдымен оқу мәліметтерін іске қосу және қарапайым іскерліктері 
мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүрсе, артынан саралау, синтез жасау және білімдерін 
бағалау мақсатында жүреді. Диалогтық бөлімдегі сабақтарды ұйымдастыру түрлері әр оқушы 
қалай және немен айналысу керек екенін, сабақ барысында не істеу керек екенін білетіндей етіп 
құрастырылған, өйткені мұғалім оқушыларды сабақ барысымен немесе ойын ережелерімен алдын 
ала таныстырып қояды. Оқушылардың танымдық қызметі әр оқушы әрбір сабақта тыңдауға, жазып 
алуға, қарауға және қиындық деңгейі үш түрлі болатын оқу мәліметтерін әңгімелеуге мүмкіндік ала 
алатындай етіп құрастырылады. 
ІІІ деңгейлі тапсырмалар білім стандартының талаптарына сай және қарапайым білім мен 
түсініктер деңгейін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет