№ 3 (106) 2015
127
ІІ деңгейлі тапсырмалар білім анализі мен білімді қолдану деңгейіндегі білім стандартының
талаптарына сай келеді.
І деңгейлі тапсырмалар екі типті интеллектуалды және креативті дарынды балаларға арналған.
Бұл тапсырмалар шығармашылық, ізденімпаздық, күрделендірілген сипатта болады.
Мысалы, 8 сыныптағы химия сабағы. Тақырып: Натрий қосылыстары. Сабақтың құрылымы:
«Қызығушылығын ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғау» үш кезеңдерінен тұрды. Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, натрийдің қосылыстары, туралы
терең білімді меңгерулеріне жағдай жасау, оқушылардың креативті ойлау дағдыларын, топтық
,жұптық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау,
сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
Түйінді идеалар: Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа білімнің басталғанын
сезіндіру. Оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.
Ресурстар: А3 форматтар, маркерлер, интерактивті тақта, флипчарт, стикер. Тәсілі: топпен,
жекелей .
Әдісі: АКТ,әңіме, ББК кестесі, АВС тәсілі, семантикалық карта, Венн диаграммасы.
Оқыту нәтижесі:
- Сілтілі металл натрийге периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттамма бере алады;
- Натрийдің физикалық қасиеттері, қолданылуы туралы біледі;
- Натрийдің химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеуін жаза алады;
- Өара бірлесіп жұмыс жасай алады.
Сабаққа оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, натрийдің қосылыстары,
туралы терең білімді меңгерулеріне жағдай жасау, оқушылардың креативті ойлау дағдыларын,
топтық , жұптық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу,
ұсыныс жасау дағдыларын дамыту мақсаты қойылды.
Қорыта келгенде, интербелсенді әдістерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланғанда оқушыны
субьект тұрғысынан қарастырғанда оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең
бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығушылығы артып, оқушының өз бетінше
жұмыс істеуге ынтасы оянып, ізденушілік-шығармашылық, зерттеушілік қабілеті артады.
Химия
пәнінен білім беруде интербелсенді әдістерді қолданудың білімді игертуде оқушыларға берері
көп. Оқу үрдісінде интербелсенді әдістер қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық
ізденісіне байланысты екені сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |