Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет154/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
125
1. Емін-еркін пікір таласқа түсу мүмкіндігі;
2. Белгілі бір материалды емін-еркін баяндау;
3. Семинар сабақтарының көп болуы, оқушылардың инициативасының жетекшілігі;
4. Топтық тапсырмалардың қолданылуы және сол арқылы ұжымдық іс-әрекеттерді дамыту;
5. Жазбаша жұмыстарды орындау. 
Оқыту процесін жоғары деңгейге көтерудің негізгі әдісі болып проблемалық шығармашылық 
әдіс болып саналады. Бұл әдісті қолдану барысында өтілген әрбір сабақ сұхбат болып өтіп
сабақ беру барысында зерттеушілік үрдісі жетекшілік етеді. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыны 
оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға 
проблемалық сұрақ немесе проблемалық тапсырма беріледі. Проблеманы шешу барысында
оқушының біліміне қойылатын талаптар мен оны түсінуі арасындағы қарама-қайшылықты мұғалім 
болдыртпауға тырысады. Келесі құнды әдістердің бірі – кейс-стадий әдістері немесе «оқытудың 
нақты жағдайлары». Бұл әдістің ең негізі болып жағдай ұғымы анықталады, яғни жағдайларды 
таңдау барысында ең соңғы нәтижеге әсер ететіні. Бұл әдісті қолдану барысында бір ғана дұрыс 
шешімнің болуы міндетті емес. Оқытудың бұл әдісінің негізінде оқушы өздігінен шешім қабылдап, 
сол шешімін дәлелдеп беруі тиіс. Кейс-стадийлердің ерекшелігі: 
1. Белгісіз бір жағдайларда ең дұрыс шешім қабылдау;
2. Шешім қабылдаудың жолдарын іздестіру, соларды жоспарлау; 
3. Белгілі бір жағдайларды зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
4. Жоспарларды құра білу;
5. Теориялық алған білімдерді тәжірибеде қолдана білу;
6. Басқа да мамандардың көзқарастарын елеу. 
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды 
пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, 
оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. 
Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында 
өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі. Біріншіден, 
инновациялық әдістерді қабылдау оқушыға оңай соқпайды, өйткені ол үнемі белсенділік танытуы 
керек. Екіншіден, компьютерлік сауаттылық қажет, компьютер, проектор, теле-видео апаратура-
мен жұмыс барысында тәжірибелік үрдіс негізгі фактор болу керек, ондай бағытта жұмыс істеу 
әзірге өкінішке орай мүмкін болмай отыр. 
Үшіншіден, калейдоскопиялық жағы – оқушының 
жаңа әдіспен ұйымдастырылған сабақтың түрлеріне белсене қатысамын деп, сабақ барысын-
да ашылатын ең негізгі проблеманың мәнін түсінбеуі [4]. Инновациялық әдістер мен оқытудың 
ақпараттық технологияларын пайдалану – барлық мәселелердің шешімі деп қарастыруға болмай-
ды, өйткені бұл – мектептегі білімдік негізді шешетін құрал, сондықтан да мектеп оқушыларының 
өзіне тән ерекшелігін ескеріп, әрбір кезеңін мұқият саралаудан өткізіп барып тәжірибеде қолдану 
керек.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты - интерактивті технологияны мектептің химия сабағына 
ендіру мәселесіне арналғандықтан, осы технологияның әсерімен мектеп оқушыларының ойлау 
қабілеті қалай дамиды, интербелсенді әдістер арқылы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, жалпы 
жеке тұлғаны қалай дамытады? Алдымен «технология» ұғымын қалай түсінеміз соған түсініктеме 
беріп көрейік. «Технология» деген сөздің түп тамыры гректің «techne» – өнер, шеберлік, кәсіп, 
ал «Logos» - ғылым, білім деген сөздерден шыққан. Екі түбірдің бірлігінен өндіріс процестерін 
жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы ғылым деген мағынаны білдіреді [5].Интербелсенді 
әдіс сабақ өткізу кезінде мұғалім кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет 
ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді. Екі оқушының сұхбатына 
үшіншісі де араласа алады. Ол қарсы топтың оқушысы болуы да мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан 
ол сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі оқушының сұхбатында айтылмаған тақырыпқа қатысты 
тың дерегімен де кіре алады. Мұны полилог дейді. Бұл білім алуды жеделдетеді және кездескен 
қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Бұл әдіс оқушының бойында төмендегідей әдет-дағдыларды 
қалыптастырады: 
- Оқушы өзін-өзі батыл, еркін сезінеді. Үйреніп жатқан пәнге деген қызығушылығы артады. 
Яғни, өз қажеттілігі үшін үйренуге ынтасы артады; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет