Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет222/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
185
ӘОЖ 796.011.1
А.И. ИСАЕВ
1
, Ә.К. ӘБДІЛЛАЕВ
2
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, Түркістан қ.
1
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Түркістан қ.
2
 
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МАМАНДЫҒЫ БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл мақалада дене мәдениеті мамандығы студенттерінің ғылыми жұмыстарын ұйымдастырудың 
негізгі бағыттары мен ерекшеліктері қарастырылады. Ғылыми зерттеу үдерісінде жаңа білімді игеру 
ұғымдары, заңдар және теориялар жүйесі түрінде алға шығатын мақсатты бағыттағы таным ретінде 
жүзеге асады. Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру тәжірибесінде студенттердің ғылыми жұмыстарының 
маңызы зор. Ғылыми қызмет студенттердің қызығушылық ынтасын арттырады, өмір танымының аясын 
кеңейтеді, теориялық және практикалық міндеттерді жүзеге асыруда жеке қатынасын және өзінің 
саналылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Түйін сөздер: Жеке тұлға дене мәдениеті, дене мәдениеті құндылықтары, денеге білім беру, психологиялық 
дене дайындығы, функционалдық даярланғандық, тіршілікте қажетті біліктілік және дағдылар, қозғалыс 
белсенділігі, дене мәдениетінің әлеуметтік-биологиялық негіздері, психикалық саламаттылық.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру тәжірибесінде ғылыми жұмыстар оқытушының да, студенттердің 
де қызметінде барынша маңызға ие болуда.
Ғылыми қызмет оқу пәніне деген қызығушылықты арттырады, студенттердің ой өрісін кеңейтеді, 
теориялық және практикалық міндеттерді шешуге сана- сезімін және жеке қатысы барлығын 
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Дене тәрбиесі оқытушысының ғылыми жұмысы басқа пәндер оқытушыларының ғылыми зерттеу 
жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Оның басты өлшемі ретінде мыналарды атауға 
болады: әділдік, шыншылдық, дұрыс және қайшы келетін жақтарын айыра білу, оларды ұсынылған 
ғылыми болжамды (гипотезаға) тәуелсіз талдауға қол жеткізуге тәрбиелеу [1].
Дене тәрбиесі тақырыптары бойынша ЖОО тәжірибесінде бар, кең ауқымда ұсынылған 
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады:
1.Оқыту үдерісінде (процесінде) оқытып, үйрету және тәрбиелеу құралдары мен әдістерін 
жетілдірудің тәсілдерін өңдеп, дайындау.
2. Жаттығу үдерісі нәтижелеріндегі дене жүктемелеріне әртүрлі қозғаушы күштердің әсерін 
зерттеу.
3. Дене жаттығуларын орындау кезіндегі жекелеген қимылдардың жиілігі мен оларды дәл орын-
дау байланыстылығын талдау.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кезінде барынша әртүрлі бейнедегі 
әдістер қолданылады. Олардың ішіндегі ерекшелері мыналар:
эксперименттік, бақылау және жеке ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
• өткенді шолатын (ретроспективті) және ағымдағы ақпараттарды жинау және талдау (контент-
анализ);
• педагогикалық эксперимент (табиғи және модельді, лабораториялық және аабсолюттік, бірізді 
және параллель, сол сияқты айқасқан және көп факторлы);
• педагогикалық зерттеу (проблемалық, тақырыптық, бағдарлық және негізгі, ашық және жасы-
рын, үздіксіз және кезеңдермен);
• хронометраждау (уақытпен) және бақылау сынақтары;
• құжаттық материалдарды талдау (фронтальды және іріктеу, дәстүрлі және формальды әдістер);
• анкета жүргізу (тұтастай және іріктеп, тікелей және сырттай, топтық және жеке);
• сұқбаттасу және интервью;
• матаматикалық әдістер (орта арифметикалық мөлшер, медиана, орташа квадраттық ауытқу, 
түрлендіру (варияция) коэфиценті, орта мәннің стандартты қатесі, стъюдент критериі және т.б.);
• кәсіби жұмыс қабілеттілігін сараптамалық (экспертный) бағалау;
• дене дамуын, функциональдық және психикалық жағдайын бағалау;
• дене даярлығын практикалық тексеру;
• ғылыми болжам жасау және алдын ала болжалдау;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет