Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
304
Курстың форум, мәліметтер қоры, вики т.б. элементтері тақырып бойынша қарастырылатын
материалмен алмасуға ыңғайлы орта жасауға мүмкіндік берсе, SCORM стандартты пакеттері
студентерге қажетті ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді, ал бағалау, тапсырмалар және тестілер
арқылы жүзеге асады [5].
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ақпараттық технологиялар факультеті, информатика
мамандығының 4-курс студенттеріне «Қашықтықтан оқыту жүйесі» курсын оқытуда Moodle
платформасы қолданылды.
Пән бойынша оқыту-әдістемелік кешеннің құрылымы әзірленіп, курс бойынша бағалау
әдістемесі, критерийлері жасалып, қорытынды бағалауға кіретін қашықтықтан оқыту курсының
элементтері анықталып, студентерге таныстырылды.
Moodle 1.7 нұсқасынан бастап – роль деген ұғым енгізілген. Роль қолданушының мәртебесін
анықтайды. Олар – басқарушылар, курсты жасаушылар, оқытушылар, студенттер мен қонақтар,
тьютор. Бұлардың әрқайсысының контекстке байланысты қол жеткізу мүмкіндігіне құқықты.
Құқық пен ролдердің саны қажеттілікке байланысты өзгеріп отырады.
Сайттың администраторы әрбір рольдің нақты бір жүйе элемент функциясына белгілі бір
құқықтарын тағайындайды [6].
Әрбір студентке жүйеге кіруге мүкіндік беретін логин, құпия сөз таратылып, «Курс әзірлеуші»
ролі берілді. Студенттер теориялық материалмен танысып қана қоймай практикалық сабақтарда
өздерінің таңдаған тақырыптары бойынша курс жасап,оны әртүрлі элементтермен толықтырып
отырды.Студенттердің әзірлеген курстарын http://moodle.enu.kz/course/index.php?categoryid=45
сайтынан көруге болады.
1-Сурет. Студент курсының мазмұны
Сонымен қатар студенттер өз курстастарының арасынан бірнеше студентке «Оқушы» ролін
беріп өз курстарына бекітті. Осылайша пәнді игеруде нақты оқыту үрдісінің моделі құрылды және
студенттер қашықтықтан оқытудың нақты қатысушыларына айналды.
LMS Moodle-де өз курстарын жасауда студенттер келесі элементтер жиынын қолданды:
«глоссарий», «дәріс», «тапсырма», «тест», «форум», «ресурс», «топтық жоба», «чат», «вики».
Жоғарыдағы аталған курс элементтерін дұрыс сәйкестендіру арқылы, оқу материалын игеруде
оқыту әдістерінің нақты сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сай келетіндей ұйымдастыруға
болады. Студенттер мұғалім ретінде курсты өз бетімен игеруге арналған нұсқаулықтар әзірледі,
курсына тіркелген студенттердің жұмыстарын тексеріп, бағалады. Пәнді игеру барысында дәрісте
Moodle жүйесі туралы теориялық білім алумен қатар, практикада өзін мұғалім роліне қойып курс
әзірлеп, қашықтықтан оқыту жүйесінің қатысушысы ретінде сезінді.
Оқушыларға теориялық материалды игерумен қатар тақырыпты меңгеруге қажетжаңа
ұғымдармен танысуға мүмкіндік беретін глоссарий элементін әзірледі. Тақырып бойынша
интернет-ресурстарға «Сілтеме» элементін енгізді.
Практикалық сабақтарда қолданылатын тапсырмалар жасады. Өз бетімен білімін тексеруге
мүмкіндік беретін тестілер әзірледі.
|