Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет378/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
313
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы жастар қозғалыстарын зерттеушілердің көзқарастары 
бойынша, әлеуметтік белсенділіктің негізгі мотивациясы тұлғаның өзін-өзі жетілдіру, әлеуметтік 
байланыстар, қарым-қатынастарға, даралық пен дербестікті көрсетуге ұмтылу болды. Олардың 
ойынша, әлеуметтік белсенділік тұлғалық күшті және қабілетті жұмсаудың саласы болып табылады, 
ол адам өмірінің мазмұнын байытады, оны жаңа мағынамен толықтырады [4]. 
2002–2005 жылдары өткізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша еріктілік (волонтерлық) іс-
әрекетке қатысудың мотивтерінің келесідей иерархиясы байқалды: 89% әлеуметтік пайдалы болу, 
қоғамда өзгерістерге жағдай жасау 50%, өзіндік жетілу – 36%, борыш сезімінен – 19%, бос уақытты 
қызықты өткізу – 15%, жеке мәселелерді шешу – 10%. Санкт-Петербургте өткізілген бұл зерт-
теу көптеген еріктілер үшін қайырымдылық іс-әрекет өздерінің әртүрлі жеке мәселелерін шешу 
ұмтылыстарымен байланысты болған. Басты мотивацияларының бірі – әлеуметтік маргиналдықты 
жеңу, қажетті болу қажеттілігін қанағаттандыру. Сонымен қатар, үлкен топты пракматикалық 
мотивтер құраған – мансапты өсіру, перспектива, қызықты бос уақытты өткізу [5].
Жоғары сынып оқушылары мен студенттердің әлеуметтік белсенділік мотивтерінің ерекшелігі 
осы мәселеге ерекше ғылыми қызығушылық тудыруда. Бұл, бірінші ретте, жастардың әлеуметтену 
ерекшеліктерімен, қоғаммен белсенді өзара әрекеттесуімен, тұлғалық және кәсіби өзіндік 
анықталумен, өмірлік жоспарлардың қалыптасуымен байланысты. 
Студенттік кезең әлеуметтік топ ретінде өмір, еңбек, тұрмыс жағдайы, қоғамдық әрекет және 
психологиядағы ерекшеліктерімен сипатталады. Студенттер үшін білім алу және өзін маман және 
өз ісінің шебері ретінде дайындау олардың басты міндеттері болып табылады. Жоғары оқуорнында 
оқудан тыс, қоғамдық жұмыстарды орындау жастарға көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға 
оңтайлы жағдай жасайды. Бұл жағдайда көшбасшылық дегеніміз әлеуметтік белсенділік немесе 
жас маманның белсенді өмірлік позициясын білдіреді. Ол өз кезегінде жаңа идеялардың, айырықша 
көзқарастардың, батыл басқарушылық шешімдердің кепілі ретінде қарастырылады және кез келген 
бизнестің дамуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, жоғарғы сынып оқушылары және студенттер ерекше әлеуметтік топ болып табылады, 
жастардың әлеуметтік белсенділік мотивтерінің құрылымын анықтауда, осы жастың әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Әлеуметтік белсенділіктің мотивінің құрылымын зерттеуде психологиялық феномендердің 
құрылымы жайлы қалыптасқан ғылымдағы түсінігін есепке алу керек. Психологиялық 
әдебиеттерде құрылым деп объектінің көптеген бөліктерінің арасындағы тұрақты байланыстардың 
жиынтығын білдіреді. Ол бөліктері объектінің тұтастығын қамтамасыз етеді. Объектінің ішіндегі 
байланыстардың конфигурациясы мен сипаты оның құрылымы болып табылады. Олар өзгерістер 
жағдайында, мысалға элементтердің құрамы өзгергенде, ешқандай өзгерістерсіз қалады [6].
В.В. Новиковтың ғылыми түсініктеріне сәйкес, кез келген құрылым біртұтас және оны құрайтын 
бөліктердің тұтастығынан тұрады. Тұтас және бөліктердің арасында күрделі бөлшектерден 
құралады [7]. 
Осы зерттеуде әлеуметтік белсенділік мотивінің құрылымы дегеніміз адамды қандайда бір 
өзіне және жалпы қоғамға маңызды әлеуметтік мақсатқа жетудегі белсенділікке бағыттайтын
ынталандыратын, итермелейтін және қолдайтын мотивтер жиынын айтамыз. 
Әлеуметтік белсенділік мотивтерінің құрылымында үш бөлшектер ерекшеленеді: қажеттіліктер, 
ішкі бақылау, мақсаттар. Осы бөлшектер тұлғаныңәлеуметтік белсенділігін шарттайтын әртүрлі 
мотивациялық компоненттерден тұрады. Әлеуметтік белсенділік мотивтерінің қалыптасуы 
кезінде мотивациялық компоненттерінің біреуі өзектіленеді (актуализация). Әлеуметтік 
белсенділік мотивтерінің құрылымын құрайтын мотивациялық компоненттер әртүрлі мотивтерді 
қалыптастырады, сондай-ақ мотивация үрдісіне ықпал ететін психологиялық және әлеуметтік 
факторлар болып табылады. Кез келген адам белсенділігінің ішкі бастауы адам қажеттіліктері. 
Қажеттілік – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін 
объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттілік саналы 
немесе санасыз болуы мүмкін [8]. 
Қажеттілік саналы және затты болған жағдайда, адамда іс–әрекетке ынта немесе мотив пайда 
болады. Мотив – өзіне қарай іс-әрекетті жасауға ынталандыратын материалды немесе идеалды зат. 
Мотивацияны адам тілегі, қызығушылығы, позициясынан шығатын, іс–әрекетке іштей итермелеу 
сияқты анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет