Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет379/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
314
«Стимул» түсінігінің «мотивтен» айырмашылығы ол іс–әрекетке ынталандыратын сыртқы 
факторларға жатады. Бірінші жағдайда іс–әрекет арқылы игілікке ие болуғаталпынған адам болса 
(мотив), екіншісінде – адамға қажетті игіліктер жиынтығы бар құрылым туралы, ол адамға оны 
тиімді іс-әрекет істеген жағдайда ғана беріледі [10]. 
Ынталандырма белсенділікке итермелейтін сыртқы түрткі болғандықтан, әлеуметтік 
белсенділікті ол арқылы дамыту тиімді емес, өйткені ол әрдайым сырттан ықпал етуді талап етіп 
отырады. Сондықтан тұлғаның ішкі түрткілерін оятып, іс–әрекеттерге ынталандыру әлеуметтік 
белсенділікті дамытудың басты бағыты болып табылады. 
Қажеттіліктер әлеуметтік белсенділік мотивтері құрылымының басты бөліктерінің бірі болып 
табылады. Бұл, ең бастысы, қажеттілік адамның не үшін белсенділік танытатындығын түсіндіреді. 
С.Л. Рубиншейнтың көзқарасы бойынша, қажеттілікте белсенді қатынас бар, ол адамды қажеттілікті 
қанағаттандыру мақсатында жағдайларды өзгертуге бағыттайды [9]. Сондықтан қажеттілік адами 
белсенді болуға күш-қуаттың қайдан пайда болатынын түсіндіреді.
Әлеуметтік белсенділік мотивінің шегі, бір жағынан қажеттілік, екінші жағынан маңызды 
мақсат және оған жетуге деген талпыныс анықтайды. Қажеттіліктер адам әрекетін тікелей емес, 
мақсат және ішкі бақылау бөлшектері мотивациялық компоненттері арқылы жанама түрде әсер 
етеді. Осылайша, мотивация кезінде субъектінің өзекті қажеттіліктері мен мақсатының бірігуі 
жүзеге асады. 
Жастардың әлеуметтік маңызды іс-әрекетпен айналысуы прагматикалық мотивтермен 
мотивациялануы мүмкін: беделді жастар мекемелерінде, білім беру бағдарламаларында жүмыс 
істеудің көмегімен карьералық өсу, перспективалар, жұмысқа орналасқан кезде ұсыныс хат алу 
және т.б. қткен жылдардағы зерттеулердің көрсетуінше, жастардың қоғамдық және әлеуметтік 
жұмыстарға араласу мотивтерінің бірі прагматикалық мотивтер болған екен. 
Қазақстандық студенттердің әлеуметтік белсенділік деңгейін зерттеуге бағытталған жұмысымда 
студенттердің әлеуметтік белсенділікті танытудың себептерін де зерттеген болатынмын. Сонда 
анықталғандай, әлеуметтік маңызды іс-әрекетке арасудың басты себептері мынандай болды: қарым-
қатынасқа деген қажеттілік, тұлғалық өсу, өзін-өзі жетілдіру, мойындау және құрметтеуге деген 
қажеттілік, көмек көрсету, білім алу, өз-өзіне назар аударту, қоғамды дамытуға деген талпыныс. 
Сонымен, әлеуметтік белсенділік мотивтерінің құрылымы – бұл мотивациялық компоненттердің 
және факторлардың динамикалық жүйесі, олар адамды белгілі бір іс-әрекеттерді істеуге 
ынталандыратын әртүрлі мотивтерді құрайды. Осы нақты әлеуметтік-мағызды мақсаттарға жетуде 
тұлғаның белсенділігі мен бағыттылығының деңгейін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет