Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет502/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   615
3-106-2015-2-chast

А. БАДЕЛ
1
, Ж.А. ОМИРБЕКОВА
2
пед.ғ.к., «Туран-Астана» университетінің доценті
1
«Туран-Астана» университеті магистранты
2
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл мақалада басты назарды 
мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның 
денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау сол 
сияқты мектепке дейінгі балалардың 
ақыл-ойының даму ерекшеліктеріне аударамыз. Мақалада мектеп 
жасына дейінгі балалардың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері қарастырылған.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының дамытуда ойынның маңызы қарастырылған. Ойынның баланың 
психикасында сапалы өзгерістер туғызатыны, ойын барысында мектепте оқуға жетекші болатын оқу 
әрекетінің негіздері қаланатыны айтылған. 
Түйін сөздер: ақыл-ой, танымдық қасиет, қарым-қатынас, ойын.
Бала күллі табиғат жаратылыстарының ішіндегі аса күрделі, әрі тылсымы ашылып бітпеген, 
күрделі құбылыс. Қысқа ғана ескерте кетсек бала жанының он екі арнасы-түйсік, махаббат, ұлт, 
мінез, зерде, табиғи қабілет, ішкі сезім т.б. осы ана құрсағында дамитынын ұғынған жөн. Әрине, 
осынау айтуға ғана жеңіл, ал өсу жолындағы әрбір сәті күрделі жан иесі ол мектеп жасына дейінгі 
балалар екенін айтып кеткен дұрыс. Себебі, мектеп жасына дейінгі балалардың 
а
қыл-ойдың дамуы-
бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдарының әсеріне пайдалы болатын 
сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейіні шақта білімнің қорлануы шапшаң 
қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін 
меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз етуінің барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы 
бар. Ақыл-ойдың дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен 
араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан 
ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негіздерінде 
жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері-білімдер 
жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға 
қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.
Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу 
мақсатында, сауаттылыққа баулу-бүгінгі күннің талабы. Мектеп жасына дейінгі баланы ақыл-ойын
дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекеті-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған 
ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым-
қатынастарымен танысады.
Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы 
‹‹Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы 
сондай болады››-деген. Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің 
қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек 
алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап-күлуді білетін 
сияқты көрінеді. Дегенмен де, барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, 
күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға 
мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді 
[1, 38 б.].
Сонымен, мектепке дейінгі кезең-баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы,
демек адамгершілік ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Бала мектепке дейінгі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет