Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет503/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
417
шағында қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері-білімдер жүйесін 
игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті 
танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді. 
Бала мектепке дейінгі шағында күн сайын 
өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Л.Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы 
«Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез 
иеленгенім соншалық қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне ие болмайтын шығармын. 
Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін 
ғаламат қашықтық»-деп жазды [2, 76 б.]. Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау 
жүйесіз жүреді. Олар үстіртін, көбінесе жансақ болуы мүмкін. Бала бұлтты-мақта, ал жұлдыздарды-
электр шамдары деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға 
тырысады. К.И. Чуковскийдің «Екіден беске дейінгі» кітабында бала ақыл-ойының талапшылдығын 
дәлелдейтін көптеген балалардың сөйлеген сөздерін келтіреді. Ғалымдар табиғат туралы қарапайым 
білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады 
дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика 
тарихына көз жүгіртер болсақ бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген педагогтар болмасын, олардың 
тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр. Л.С. Выготский (1935 ж.) балабақша 
бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты [3, 103б.]. 
Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы 
керек. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым 
ұғымдары оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімі мен байланысты болған жағдайда 
ғана баланың ақыл-ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен. 
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В.А. Сухомлинский өз тәжірибесінде баланы табиғат 
құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында мектеп жасындағы баланы жан-
жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе «Балаға жүрек жылуы» атты 
еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, 
бастауыш мектепті бітіргенге дейін өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып білу әлеміне 
ендіріп, ашық аспан аясында ана тілі сабағын жүргізгендігін айтады [4, 112б.]. Мектеп жасына 
дейінгі балалардың дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ерте сәбилік шақ бір жастан үш жасқа 
дейінгі аралықты қамтиды. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен 
өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана 
емес, үш жасар бала мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Бір жастан үш жасқа 
дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Ерте сәбилік шақтағы 
баланың ақыл-ойының дамуына келсек, осы шақта бала айналасындағы заттардың қасиеттерін 
қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана 
бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті ойынның қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге 
байланысты бұдан арғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін 
балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады. Қабылдау 
заттық іс-әрекетте қалыптасатын ара-қатынастық іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды 
олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері 
қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың қандай заттармен 
шұғылдануымен тәуелді болады. Осы жастағы балаларға арналып жасалынған ойыншықтардың 
көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін салыстырып өлшеу қажеттілігін 
туғызатындай етіп жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, өзін-өзі үйретуші
ойыншықтар деп атайды. Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін 
салыстыруда, ара қатынастарын белгілеуден бала оларды көз алдынан табуға ауысады. Қабылдау 
әрекетінің жаңа типі қалыптасады. Көзбен қабылдаумен қатар естіп қабылдауы да дамиды. Әсіресе 
фенематикалық есту өте тез дамиды. Баланың ойлауының дамуы біріншіден баланың өз іс-әрекетіне 
жататын, екіншіден іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп 
отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық 
тәжірибесі қанша маңызды болғанмен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер 
етеді. Л.С. Выготский бала өмірінің алғашқы күнінен бастап оның мінез-құлқының сипатына 
әлеуметтік жағдаят терең ықпал ететінін атап көрсетті [5, 320 б.]. Өзінің ақыл-ой шешімдерінде 
бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады. Үлкендердің заттармен жасаған іс-әрекеттерін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет