Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет504/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
418
бақылай отырып, бала практикалық іс-әрекеттің адамзаттық формаларын иемденеді. Баланың ақыл-
ой дамуын қарастыра отырып, И.М. Сеченов балаға өте ерте бастан іспен де, сөзбен де өзгенің яғни 
ересек адамдардың тәжірибесінің кейбір формалары беріледі деп айтып өткен [6, 68 б.]. Үш жасар 
баланың ақыл-ой дамуында іс-әрекеттің күрделі формалары сананың таңбалық функциясы 
қалыптаса бастайды. Таңбалық функция дегеніміз ұмытылмас деген түсінік береді, яғни балада 
таңбалық функцияның қалыптасуы бір обьектіні екіншісінің орнын басушы ретінде қолдану 
мүмкіндігінде. Түрлі таңбалар мен олардың жүйесін пайдалану-адам психикасына тән айрықша 
ерекшелік. Таңбалардың кез-келген түрі адамдар арасында қарым-қатынас үшін қызмет атқарады. 
Заттар мен құбылыстардың орнына жүріп, соларды белгілейді. Сәбилік шақта таңбалық функция 
бастапқыда практикалық іс-әрекетке байланысты дамиды да, тек кейінірек қана сөзді қолдануға 
ауысады. Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңінде бала мен ересек адамның 
бірлескен іс-әрекеті қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне 
алады. Бұл кезеңде балалар айналасындағы заттардың аттарын білуге ұмталады. Үлкендердің 
көмегімен ерте сәбилік шақтың аяғына қарай «Мен» жүйесі пайда болатын орталық құрылым. Бала 
өзін ересек адамнан ажырата білуге үйреніп, өзіне дермен «мен» ретінде қарай бастайды. Яғни онда 
өзіндік сананың алғашқы формалары пайда болады. Үш жас дағдарысы бала мен ересек адамның 
өзара қарым-қатынасының дамуында болатын обьективті құбылыс. Балада өз қажеттілігін өзінің 
дербес қанағаттандыру тенденциясы пайда болады, ал үлкен адам қарым-қатынастың ескі типін 
сақтайды да, сол арқылы баланың белсенділігін тежейді. Қалыпты, дұрыс дамып келе жатқан бала 
бұрынғы қарым-қатынасқа қарсыласа бастайды. Ол қыңырланып, барлық істі керісінше жасап
үлкеннің талабына барынша қарсыласады. Мұндай мінез-құлық барлық адамға қатысты емес, 
баланың мойындамауы тек кейбіреулерге, баланың еркіндігіне қысым жасаушыларға ғана 
бағытталады. Егер ересек адамдар баланың дербестігін ақылға қонымды құптап отырса, өзара 
қарым-қатынастағы қиындықтартез жойылады. Үш жасар дағдарысы өтпелі құбылыс, бірақ онымен 
байланысты құрылымдар өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен салыстыру-
баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам. Үлкендердей болуға ұмтылу ойын формасында 
негұрлым толық шешім табуы мүмкін, сондықтан үш жас дағдарысы баланың ойын әрекетіне 
ауысуымен шешіледі. Мектепке дейінгі балалық шақтың (3-7) елеулі ерекшелігі болып баланың 
құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, «балалар қоғамының» 
құрылуы болып табылады. Баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» 
және өз қылықтарының мыңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың 
іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады. Мектепке дейінгі 
балалардың ақыл-ойының дамуында ойын ерекше рөл атқарады. Ойын баланың психикасында 
сапалы өзгерістер туғызады, онда мектепке жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. 
Балалар ересек адамдарен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла 
алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды. Ойын арқылы өздеріне 
ересектер рөлін алады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне 
араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуымен байланысты. Ойын 
үстінде сәбиге адамдар арасында болатын обьективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, бала 
әрбір іс-әрекетке араласу адамның белгілі-бір міндеттерді орындауды талап ететінін біледі. 
Мәселен, сатып алушының міндетін атқарғанда, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп 
қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға құқығы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда 
сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Белгілі рөлдерді жүйелі орындау 
ойнаушы балаларды белгілі бір тәртіпке шақырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-
әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелермен жасайтын мұндай шынайы 
өзара қарым-қатынастары ұжымдық сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, баланың өзіндік 
санасын жоғары көтереді. Құрдастарына, туа бастаған ұжым пікіріне қарап бағдар алу баланың 
әлеуметтік сезімдерін: топқа ілесу, басқаға жаны ашу және т.б. қабілеттерін қалыптастырады. 
Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі, мектеп жасына дейінгі балалар дамуының шарты 
болып табылады. Алайда бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені баланың маңызды орынға 
талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбылармен бірлесіп іс-әрекет жасау барысында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі 
байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы статустық рөлге талаптанудан көрінеді. Ойнап жүріп 
балалар адамдардың ынтымақтасу қабілетін үйренеді. Яғни мектеп жасына дейінгі кезеңде ойын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет