Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет588/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
490
жолдармен ықпалын тигізетін - сиқыршылар да, абыздар да, сәуегейлер де, даугерлер де бір өздері 
болған адамдарды білеміз. Қоғамдық бірігудің өркендеуіне байланысты мұндай бір мезгілде 
қызметі, немесе міндеті тұрғысынан да, мәртебесі, немесе бағыну жағынан да айырмашылық 
пайда болады. Танна аралында «жаңбыр жаудыратын абыздардың ерекше тобы бар»; Фиджи 
аралдарында абыздармен қатар көріпкел адамдар да бар; Сэндвич аралдарын мекендеушілердің 
ішінде тек абыздар ғана емес, сонымен бірге сейегейлер де бар; Томсон жаңазеландиялықтарда 
абыздардың сиқыршылардан айырмашылығын атап өткен; ал кафрларда сәуегейлер мен жаңбыр 
жаудырушылардан басқа, емшілердің де екі тобы болады, олардың бірі науқастарды табиғи 
дәрілермен емдейді, ал екіншісі табиғаттан тыс күштердің көмегіне сүйеніп емдейді» [5, 276] .
Адамдардың қоғамда өмір сүрулері мен умранға өтулерін қажеттілік деп көрсеткен Ибн Халдун 
умрандардың да дәрежелерінің болу қажеттілігін ойлайды. Ең негізгілері - далалық және қалалық 
умран дәрежелері. «Бадауи» сөзі арапшада «мәдени», «қалалық» мағыналарын беретін «хазари» 
сөзінің қарама-қарсылығы болатын «шөлде өмір сүретін, көшпенді» түсініктерін береді. Ибн 
Халдун бадауи сөзімен көшпенділікті, хазар сөзімен қалалықты айқындаған. Яғни бұл ұғымдармен 
не «отырықшы өмір» мен «отырықшы өмір емес», не болмаса жағрафиялық өлкені (дала-қала) 
түсіндірілген. Өйткені ол отырықшы қоғамдарды, мәселен, таулы өлкелкерде, ауылдарда, кіші елді 
мекендерде өмір сүріп, егіншілік, бау-бақша өсіретін қауымдарды бірінші категорияға жатқызғаны 
сияқты, қалаларда жалғыз өмір сүруді хазари умран белгісіне жатқызбағанын топшылай аламыз. 
Өйткені екі қоғамдық өмір сүру тәсілдерінің өз іштерінде де дәрежелері болады. Мысалы, Ибн 
Халдунның «бадауи умраны» қоғамдық-эканомикалық өмір сүру тәсілі тұрғысынан үш дәрежеге 
жүктеледі. Бұлардың ең төменгі дәрежесін түйе өсірумен айналысқан кейбір араб қауымдарының 
қоғамдық өмір сүру тәсілі құрайды. Бұл дәреженің үстінде түркі және берберлік халықтардың 
бір тобы сиыр асыраумен айналысатын өмір салтына негізделген көшпенділік салты тұр. Кіші 
елді мекендерді, ауылдар мен қалалықтарды мекендеген және бақша мен егін шаруашылығымен 
айналысатын, түгелімен отырықшылық өмір салтына көшкен халықтар бадауи умранның ең 
алдыңғы дәрежесі болып табылады [3, 97]. Хазари умранға келер болсақ, оның осындай дәрежелері 
болғаны көрінеді. Тұрғындар мен өркениет дәрежесі арасында жиі байланыстарды көрген 
Ибн Халдунның ойынша, халық тығыз қоныстанған қоғамдардан тұратын қала умраны одан да 
кемел, жоғары денгейдегі өркениетке ұласады. Кейін қала умраны денгейінде саяси егемендіктің 
ортандықтандырылмаған денгейлері мен тек монархияға айналған дәуір арасын ажырату керек. 
Бадауи және хазари умрандарды бір-бірімен салыстырғанымызда, біріншісі екіншісіне қарағанда, 
жалпы алғанда, «мейлінше қарапайым», «ең алғашқы» деген сипаттарымен түсіндіріле алатын 
өмір сүру тәсілі дей аламыз. Шындығында, экономикалық тұрғыдан қарағанда, біріншісі жетілген 
қала экономикасына қарама-қарсы ең алғашқы, адамдар тек ішіп-жеу, киіну, баспаналы болу, т.б. 
ғана қамтамасыз ететін экономикаға ие. Бұл мәселеде Ибн Халдун туралы нақты пікір айту қиын. 
Оның бұл топтар арасында себепті байланыстар құрғаны айқын. Бірақ оның социологиясында 
бұл байланыстар тек себепті байланыс болудан жоғары, қайшылықты байланыстар орнағанын 
көрсетуге ұмтылғанын айта аламыз. Бұл жағдайлар арасында бірін басқасынан бұрын қою сияқты 
айқындаулар ғана бар дегенге келмейді. Алайда бір жақты және тар мағынадағы бұл айқындаулар Ибн 
Халдун пікірін мейлінше дұрыс көрсете алады дегенді айта аламыз. Ибн Халдунның социологиясы 
негізінде зерттеулер жасаған ізденушілердің бір тобы социологиялық түсіндірмелерінде 
экономикалық сипатқа ие жағдайларды алға шығарып, адам топтарын олар жасап шығарған 
өнімдеріне қарап жіктеу арқылы онда тарихи материализмнің алғашқы белгісін көреді. Мәселен, 
Лабика мен Лакоста сияқты ойшылдарды айтуға болады. Ибн Халдунды тарихи материализмнің 
лидері ретінде көретіндер оның «Мұқаддимасында» басқа пікірлері жанында тек бір сөйлемге назар 
аударады. Бадауи және хазари умрандарды зерттеу мен олардың негізгі сипаттарын, ерекшеліктерін 
баяндай бастаған «Мұқаддиманың» екінші бөлімін Ибн Халдун мына сөйлеммен бастайды: «Адам 
топтарының өмір сүру шарттарындағы айырмашылықтар, адамдардың өмір сүру жолдарындағы 
айырмашылықтардың нәтижесі» [3, 98]. Ары қарай мұны былай түсіндіреді: «Адамды қоғамда 
өмір сүруге итермелеген нәрсе, олардың өмір сүру үшін басқа адамдармен өндіріс бірлігін орнатуға 
мәжбүрленуі. Бұл іс-әрекет бірлігінде адам алымен негізі қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын 
іздейді, бұл үшін адамдар түрлі өнім өндіру әрекеттерін жүзеге асырады. Бұлардың бірі - түйе, 
қой, ешкі, жібек құрты, т.с.с. хайуандарды өндіру. Басқасы - өнім беретін ағаштарды отырғызу, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет