Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет587/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
489
кейбір қоғамдық ұғымдар мен факторларды пайдалану керек. Бұл осы уақытқа дейін тарихи 
оқиғалардың түсіндірілуінде қолданылған теологиялық, тағдыршы және басқа да түсіндірмелерді 
шетке ысырып қоюды керек етеді» [3, 86]. 
«Мұқаддиманың» батыс тілдеріне жасалған аудармаларында бұл сөзді толық беру үшін екі сөз 
қолданылғанын көруге болады. Бұлар «өркениет» (civilization) және «мәдениет» (culture) сөздері. 
Мұндай баламаларға Ибн Халдунның «умран» терминін екі ұғыммен түсіндіргені, яғни «далалық 
умран» (ал-умран ал-бадауи) мен «қалалық умран» (ал-умран ал-хазари) деп қолданғаны негіз 
болғаны көрініп отыр. Умран терминін «өркениет» деп бергенде, «далалық умран» терминін 
«қалалық умранға» қарсы қойып, қарапайым, алғашқы қауымдық, жетілмеген қоғам көрінісі деп 
беруден Ибн Халдун көзқарасын бұрмалау әрекетін көреміз. Өйткені, қазіргі күні де қолданылу 
аясы толық айқындалмаса да «өркениет» пен «мәдениет» терминдері бір-біріне қарсы қойылады 
және өркениет сөзі жоғары өмір сүру тәсілі, дамыған қоғамдық өмір денгейін түсіндіру үшін 
қолданылады. Мәселен, «Еуропаның құлдырауы» еңбегінде О.Шпенглер өліп бітіп бара жатқан 
мәдениеттерді ғылыми-техникалық дамыған өркениеттерге қарсы қояды: «Культура рождается с 
появлением ее «души» и умирает, когда она утрачивает свои силы. Гибнущая культура неминуемо 
становится цивилизацией. К примеру, культура «фаустовской души» переживает свое омертвение, 
т.е. переходит в стадию цивилизации в ХІХ столетии, и начинает в своем машиноподобии 
перемалывать массы человеческих судеб и саму жизнь во всем западном мире» [4,299].
Бұған қарама-қарсы қазіргі социология мен этнология «мәдениет» сөзінен кең мағынасы бар, 
түрлі қоғамдарда қалыптасқан және табиғатқа қатыстылығы бар түрлі адами әрекеттер, құрылымдар, 
тәсілдер мен пікірлердің жиынтығын түсінеді. Яғни қазіргі таңда «алғашқы қауымдастықтарда» да 
мәдениет болғанын негіздеуде. Ибн Халдун қазіргі «мәдениетке» сәйкес келетін айрықша «қала 
умранымен» «өркениетті» айқындағысы келген деп ойлай аламыз. Бұдан келіп шығатыны, «умран» 
термині, кең мағынада, қазіргі «мәдениет» терминіне сәйкес келсе, ал «қала умраны» тіркесі, тар 
мағынада, «өркениет» немесе «қала өркениеті» тіркестеріне сәйкес келеді деп айта аламыз.
Ибн Халдунның ойынша, адамдардың қоғам болып бірігіп өмір сүрулері қажет. Философтар 
адамның табиғатынан мәдени болмыс екендігін негіздегенде осы ерекшелікке нұсқайды. Яғни, 
қоғамнан тыс адамның өмір сүруі мүмкін еместігін айтқысы келеді. Адамды умранға, яғни қоғамдық 
өмір сүруге міндеттейтін себептер нелер? Бұл тақырыпта Ибн Халдун басты екі себептер тобын 
көрсетеді. Олардың біріншісі, адамның жалғыз жүріп өмір сүруіне қажет азықтарға қол жеткізе 
алмауы; екіншісі, адамның өзі сияқтылардың көмегінсіз өзінен күші басым кейбір жыртқыш 
аңдардан қорғана алмауы. Бұл екі қажеттілік адамды қоғамға бірігіп өмір сүруге итермелейтін 
факторлар. Олар қоғамды қалыптастырады, бірақ оның күшеюі мен сенімді түрде сақталуына бұлар 
жеткіліксіз. Осы жерде Ибн Халдун іске үшінші элементті қосады, бұл егемендік элементі. Қоғамдық 
өмір жалғасын табуы үшін өзгелермен қарым-қатынасты реттейтін егемен күшке қажеттілік туады. 
Өйткені, Ибн Халдунның ойынша, адам табиғатының «хайуандық» жөні бар. Осы жөнімен адам 
үнемі басқалардың дүниесіне, жанына көз салады, зияндық келтіреді, әділетсіздіктерге бейім болады. 
Адамдардың қоғамға бірігуі умранның алғашқы көрінісін дүниеге келтіреді. Бұл жағдайда адамдар 
сыртқы қауіптерден, хайуандардан қорғануды қамтамасыз ете алады; бірақ бұл олардың бір-бірінен 
де қорғану керектігін аңғартады. Бұл мәселені шешу үшін олардың бір-біріне зиян келтірулерінің 
алдын алуға құдіреті жететін тұлғаға (билеуші) мұқтаждықтарды бары сезіледі. Алайда адам 
қоғамының қандай да бір пайғамбарлық жағдайы болмай өмір сүре алатындығын ақыл да, тарих та 
көрсетуде. Ақыл адамдардың қоғамдық өмірі мүмкін болуы үшін беделі бар, күші бар бір тұлғаның 
болуын міндеттейді; алайда бұл кісінің пайғамбар болуы керектігін нақтылай алмайды. Басқа 
жанынан алып қарасақ, тарих бізге ешбір пайғамбарлық жағдайын бастан кешірмеген бірқатар 
қоғамдардың барын көрсетіп берді. Ибн Халдунның ойынша, сасанилер мемлекеті солардың бірі. 
Тіпті көктен түскен кітаптары мен пайғамбарлары бар қоғамдармен салыстырар болса, сасанилер 
тарих сахнасына шыққан қоғамдардың көпшілігінің негізін қалағаны дәлелденген. Қоғамдардағы 
діни бақылауды қолға ұстаған, пайғамбарсыз қоғамдардың болғанын Г.Спенсердің «Әлеуметтану 
тұғырлары» деген еңбегінде көруге болады: «Мысал үшін діни бақылауды басқаратын аппараттың 
дамуын ғана алайық. Қарапайым тайпалар мен тайпа топтары бірігуінің бастапқы сатыларында 
қиялдағы табиғаттан тыс тіршілік иелеріне бірде оларды мейірлендіре, бірде олардан ақыл мен 
көмек сұрап, бірде олаға бұйыра, енді бірде оларды өз еркіне бағындыра отырып, барлық мүмкін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   583   584   585   586   587   588   589   590   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет