Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
492
бұл тақырып жөніндегі ой-пікірлерінің маңыздылығы жоғары. Ол бұл құбылысты түсіндіру үшін
бір ғана факторды қарастырмаған, бірден көп факторларды ескерген. Бұл факторларды ескерерде
әрқайсысының өркениеттің құлдырауына қатысты ықпалын жеке қарастырып, ыждағаттылық
танытқан. Ибн Халдунның өрениет құлдырауына қатысты теориясында, ең алдымен, назар аударлық
жайт, осы құлдырауды түсіндіруде белгілі бір өркениетке сырттан келген факторларға қарағанда,
ішкі факторлардың ықпалдырағын танытуы болды [3, 131]. Яғни, Ибн Халдун бір қала өркениетінің
құлдырауын сыртқы ықпалдар мен күштерден болатынынан гөрі, ең алдымен өз ішіндегі бұрыс
дамулардың себебінен болатындығын алға тартады. Шындығында, ол бойынша, әр өркениет,
құбылыс ретінде сырқы қуаттық тарапынан туындаған сыртқы шабуылдар нәтижесінде шөгеді.
Бірақ бұл шабуылдардың табысты болуы мен өркениеттің құлдырауы астарында, сол өркениеттің
ең алдымен өз ішінде құлдырап, шабуылға төтеп бере алуының әлсіреуі жатыр. Ибн Халдунның
көзқарасынша, тірі организм мен өркениет арасына сыңаржоқ байланыс бар, яғни тірі ағза сияқты,
бұл жерде адам туады, үлкейеді, дамиды, қартаяды және өмірін аяқтайды. Бәдауи умран орнын
қала умранына тастайтын сияқты, қала умраны да дамуын тоқтатып, орнын қайта бәдауи умранға
қалдырады. Осылайша, тарихи даму Ибн Халдунға бірнеше адам қоғамдары мен умрандарының
дамуы сияқты көрінеді. Яғни, қоғамдық өркениеттер бастаған жерлеріне қайта оралып, шеңберлер
түзеді.
Ибн Халдун тарихта шынайы орын алған исламдық мемлекет пен қоғамдық ұйымдастырылудың
жалпылама айтылған мемлекет моделінен өзгеше ерекшеліктері болғанын айтады. Ол бұл
ерекшіліктердің Исламның бастапқы кезеңінде көптеп орын алғанын көрсетеді. Ибн Халдун әр
діннің бір мезгілде теория, практика, өмір сүру салты, мейірімділік, мораль, метафизика болатынын
біледі. Мұнымен бірге, ол «Муқаддимада» умран бірлігі ретінде, ең алдымен, қоғамдық-саяси
әрекетке таңдау береді де, осы тұстан діннің де маңыздылығын көрсетеді. Бұдан шығатыны, ол
ерекше түрде Ислам құбылысын түсіндіргісі келгенде оның тарихта орын алған көрінісі, яғни
мемлекет және қоғамдық тәртіп принципі тұрғысынан қарастыруды бастайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Родный Н., Гайденко П., Грязный Б.. Концепции науки в буржуазной философии и социологии. Вторая
половина ХІХ-ХХ вв. Москва: Наука, 1973, -351 с.
2 Gökalp Z.. Hars ve Medeniyet. Istanbul: Diyanet, 1963, -201 s.
3 Arslan A.. Ibn-I Haldun. Ankara: Vadi Yay., 1997. - 472 s.
4 Габитов Т.Х.. Философия. /Учебник для студентов вузов и колледжей/ Алматы: Каржы-Каражат, 2003.
– 368 с.
5 Әлемдік әлеуметтану антологиясы. 10 т. /«Мәдени мұра» бағдарламасы/. Алматы, - ЖШС «Қазақстан»,
2005 ж. -560 б.
REFERENCES
1 Rodny N., Gaidenko P., Griyazny B. Koncepsi nauki v burjuaznoy filosofii i sosiyologii. Vtoraya polovina ХІХ-
ХХ vv. Moskva: Nauka, 1973, -351 s.
2 Gokalp Z. Hars ve Medeniyet. Stanbul: Diyanet, 1963, -201 s.
3 Arslan A. Ibn-I Khaldun. Ankara: Vadi Yay., 1997. - 472 s.
4 Gabitov T.H. Filosofiya. /Uchebnik dlya studentov vuzov i koledzhei/ Almaty: Qarzhi-Qarazhat, 2003. – 368 s.
5 Alemdik alewmettanu antologiyasy. 10 t. /«Madeni Mura» seryasy/. Almaty, - ZHCS «Qazaqstan», 2005 j. -560 b.
Достарыңызбен бөлісу: |