Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет596/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   615
3-106-2015-2-chast

№ 3 (106) 2015
497
жүйесіндегі алатын ерекше орнымен анықталады. Өйткені, жастар өткеннің, бүгінгінің және 
болашақтың байланыстырушы звеносы ретінде айқындалады. Екіншіден, жастық шақта адамның 
дүниеге көзқарасының қалыптасуы жүреді. Осыған орай жастардың патриоттық тәрбиесіндегі 
маңызды міндеттердің бірі қазақстандық адамдардың барлық ұрпақтарының тарихи сабақтастығын 
анықтау. 
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде Отандық тарихты халықтың даңқты тарихи 
жетістіктері мен дәстүрлері үлгісінде, ұлы адамдар мен тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметінің 
үлгісінде зерделеу маңызды роль атқарады. Тарихта өмір сүрген және оған елеулі үлес қосқан 
бабаларымыздың, ұлы тарихи тұлғалардың даңқты жетістіктерін, қазақ ағартушылары мен 
зиялыларының мұраларын оқыту және ғылыми тұрғыда талдау жасау бүгінгі жас ұрпақтың 
бойында ұлтжандылықты, патриоттық рухты, отандық сезімді тәрбиелеуде маңызды орын 
алады. Тарихи оқиғаларды ғылыми деңгейде шынайы бағалау жастардың азаматтық-патриоттық 
ұстанымдарының дұрыс қалыптасуына, оларды ұлттық құндылықтарды, озық дәстүрлерді 
құрметтеу рухында тәрбиелеуге, ұлттық эгоизмнен жатсынуға оң ықпал етеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы ұлттық білім беру жүйесінде жас ұрпаққа 
және студенттік жастарға патриоттық тәрбие берудің және ұлтаралық толеранттылықты 
қалыптастырудың орны ерекше. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған 
Мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде «Қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, 
жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу» қажеттілігі 
көрсетілген [10]. Бұл талап-міндет бүгін жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық 
сипатқа ие болып отырғанын көрсетеді. Жоғары білім беру жүйесінде жастарды патриоттық рухта 
тәрбиелеудің тиімділігі өз Отанын, ұлттық мүдделер мен құндылықтарды ғылыми тұрғыда танудың 
дәрежесімен тығыз байланысты.
Мақала соңында ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік біртұтастықтың негізі ретінде бүгінгі 
өсіп келе жатқан жас ұрпақты, жастар қауымын патриоттық рухта тәрбиелеудің, ұлтаралық 
толеранттылық пен ұлтаралық қарам-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тиімділігінің 
критерийлері Қазақстан Республикасы жастарының патриоттық санасы, азаматтық-патриоттық 
позициясы, азаматтық белсенділігі деп ой қорытамыз. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства.-А.,1992.
2 Гумилев Л.Н. Конец и начало вновь.-М.,1991.
3 Қараңыз: Абдулатипов Р.Г. Природа и парадоксы национального “Я”.-М.,1991.-98 б.
4 Бердяев Н.А. Философия неравенства.-М.,1990.-74 б.
5 Қараңыз: Кенжалин Ж. Патриотизм: ұлтжандылық ұғымының ұлы үрдісі //Ізденіс.-2004, №1. 128-132 
б.б.
6 Калмырзаев А.С. Казахстанский патриотизм. Размышления политолога о свободе, демократии и 
национальных ценностях в условиях независимости.-А.:НИЦ «Ғылым», 2003. 320 б.
7 Назарбаев Н. Тарих толқынында.- Алматы:«Атамұра»,1999. 191-193 б.б.
8 Абай. Энциклопедия.-А.:«Қазақ энциклопедиясы», «Атамұра»,1995. - 574 б.
8 Назарбаев Н.А. Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы – жаңарған Қазақстанға. 
-А.:Қазақстан,1994.-16 б.
10 Білім және ғылым хабаршысы.-2004, №2-3. 14-17 б.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет