Түйін сөздер: ұлттық сана, ұлттық идея, Әзербайжан қоғамы, түркі дүниесі, зиялы қауым.
ХХ ғасыр түркі дүниесі үшін тарихи әлеуметтік себептерге толы дәуір болды. Түркі тілдес
халықтардың тағдыры Ресей империясымен өте тығыз байланысты болып, ХХ ғасырда Ресейде екі
жүзге тарта тегі түркі тектес халықтар өмір сүрді. Әрине бұл жағдай түркі халықтары ойшылдарының
әлеуметтік көзқарастарынан тыс қалмаған еді. Мәселен түркі дүниесінің насихатшысы Исмаил
Гаспринский Ресей мұсылмандарының тағдыры, түркі тілдес мұсылмандар мен орыс халқының
арасындағы қатынас, қарама қайшылықтар, келеңсіз оқиғаларды зерттеп, олардың көкейкесті
мәселелерін талдап «Ресей мұсылмандары: ойлар, ескертулер және байқаулар» атты еңбек жазды.
ХХ ғасыр түркі халықтарының арасында өзінің тарихи-мәдени, әлеуметтік арналарына қайта
оралу мәселесі талқылана бастады.
Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан
сияқты мемлекеттер тәуелсіздікке, еркіндікке қол жеткізді. Түркі тілдес халықтардың арасында
жаңа бағыттағы байланыстар орнатылды. Ортақ геоэкономикалық кеңістік құру, көпжақты
ынтымақтастық орнату ісі қолға алына бастады. Түркі халықтарының саммиттерін өткізу дәстүрге
айналды.
Елбасының «Түркі әлемі біздің мәдени мұраны етене байланыстыратын алтын арқау. Түп-
тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз және мәдениетіміз ортақ» дегені, бүгінгі күнгі түркі тектес
халықтардың тарихы мен мәдениеті бірігудің, тұтастықтың, туыстас достастықтың негізгі факторы
екендігін, Қазақ елі үшін түркі тектес халықтармен ынтымақтастықты нығайтудың жаңа дәуірі
басталғанын байқаймыз.
Бүгінгі таңда өткенімізді танып, тарихи санамызды жаңғыртып, болашаққа нық қадам басу
үшін түркі халықтарына тән ортақ философиялық таным, ұғым түсініктер мен дүниетанымдық
құндылықтарды жаңа заман тұрғысынан зерделеу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. ХХІ ғасыр
жаһандану заманында түркі халықтары дүниетанымы, мәдениеті, философиялық идеялары мен
ортақ рухани құндылықтарының ерекшелігін айқындау болашақ ұрпақтар үшін де маңызы ерекше.
Түркі тектес халықтар дүниетанымындағы рухани құндылықтарды зерделеу, олардың қазіргі
замандағы маңызын, тарихи сананы жаңғыртуғы ролін көрсетуде, айшықтауда түркі әлеміне
танымал ойшылдардың есімін қайта жаңғырту бүгінгі заман талабы.
Бұл мақаланың басты мақсаты түркі дүниесі ойшылдырының, соның ішінде Әзербайжан
қоғамының белді қайраткеріГасан бек Зардабидің қоғамдық қызметі мен философиялық идеяларын,
рухани дүниетанымын, оның келелі арналарын зерделеу болды.
Әзербайжандағы ұлттық қоғам мен түркілік сананың қалыптасуын дамытуда – Гасан бек Зардаби
(1842-1907) орасан зор роль атқарды. Гасан бек Зардаби Әзербайжан қоғамының мұсылмандық
қауымдастықтан ұлттық сәйкестілікке дейін түрленуіне ықпал етті. Сонымен қатар, ол әзербайжан
баспасөзінің негізін қалаушы ретінде де белгілі. Оның 1875-1877 жылдары шығарған «Экинчи»
газеті Ресейдегі алғашқы түрік газеті болып табылады.
Өзінің артына мол шығармашылық мұра қалдырған Гасан-бек ЗардабиӘзербайжандағы ұлттық
сананың дамуына айтарлықтай әсер етті.
|