Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет91/615
Дата30.11.2022
өлшемі5.79 Mb.
#466096
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   615
3-106-2015-2-chast

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
74
оралатынын байқады. Орталық зейіннің ұзақтығы сол объектіге жаңа мазмұнның табылуына тәуелді 
екенін, яғни, тұрақты ізденіс зейіннің тұрақтылығын дамытатынын көрсетті.
В. Вундт зейін мәселесін талқылауда оны жеке сана психологиясын талдаумен байланыстырып, 
зейіннің негізгі қасиеті ретінде қабылдау кезіндегі анықтықты айтып, сол сәттегі эмоцияны есепке 
алмады. У. Джемс зейіннің психологиялық өзгешелігін анықтай, оны біздің «... саналы тәжірибемізді» 
толықтыруда жетекші фактор деп есептеген. Ол зейіннің физиологиялық механизмін біртұтас әрекет 
ретінде ұсынып зейіннің сараптамасын: сезімдік, интеллектуалдық, тікелей (нақты), жанама, ырықты, 
ырықсыз зейін түрлеріне бөлді [3]. 
К.Д. Ушинский «Адам тәрбие пәні ретінде» атты еңбегінде зейін психологиясын талдауда 
жекелік ерекшелікті ескеретін тәсілді ұстанған. Ол әрекетті психологиялық негізде зерттей 
отырып, зейіннің ғылыми жаратылысын түсіндіру барысында өз уақытының физиологиялық 
білімдер жетістіктерін ескеріп, тұжырымдары психологиялық дидактикалық тұрғыдан бағалы болды. 
Н.Ф. Добрынин негізгі тұжырымдамасын құрастыруда зейін мен іс-әрекеттің арақатынасын зерттеп 
талдаудың маныздылығын түсіндірді. Д.Н. Узнадзе зейін туралы тұжырымдамасын екі жоспарлы
психикалық іс-әрекетпен «импульсивтік» және «жанама түрде» сипатын жіктеді. Бірінші сипаты 
зейіннің міндетінсіз, ал, екіншісі оның тікелей қатысуымен өтетінін анықтады [4].
Зейінді зерттеуге арналған үш ірі классикалық бағыттарын: сана психологиясын, іс-әрекет 
психологиясын, когнитивтік психологиянытеориялық-әдіснамалық және эксперименталдық 
тұрғыдан талдау құрайды. Зейіннің феноменологиясы, түрлері мен қасиеттері С.В. Кравковтың, 
С.Л. Рубинштейннің, Р. Вудвортстың, Н.Лангенің зейінге арналған еңбектерінен, оларға қосымша 
С.Л. Франктің, А.Ф. Лазурскийдің және Л.С. Выготскийдің рухани өмірдің үрдістерін, адамның 
даралық ерекшеліктерін және педагогикалық міндеттерді зерттеген еңбектері негізінде танылады.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. 
Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не 
милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. 
Зейіннің бұл түрі,әсіресе, жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-
әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы 
өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. 
Әрине, бұдан
бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні 
маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін 
тиісінше орын алып отырады. Қызығу - ырықсыз зейінніңбұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз 
тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — 
ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де 
жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатыннәтижеге қызығады, оны 
орындау үшін күш жұмсайды, әйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды [5].
Ырықсыз зейін физиологиялык тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып 
табылады Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль 
атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің 
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
- күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын 
жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі 
киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);
- адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, 
көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан 
көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді. 
Ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді [6]. 
Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) 
әсеріне берілмей жұмыс істей беру.
Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып 
табылады. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп 
іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға
ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шыңдығында, адамның үнемі ырықты зейін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   615




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет