БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЗЕЙІН ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бүгінгі күнге дейін оқытудағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай,
әсіресе балаларға білім мен тәрбие беруде көрнекілік құралдардың зейінді арттырудағы маңызын
эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Бұл ретте зейін
психологиясының ғылыми теориясын зерделеу кезінде, оның физиологиялық негізін талдау
маңызды. Осыған байланысты авторлар м
ақалада балалардың, т
аным процестеріндегі зейін
болмысын дамыту мәселесі қарастырылған
.
Түйін сөздер: зейін, тікелей зейін, ханама зейін, ырықты зейін, ырықсыз зейін.
Зейін психологиясын ғылыми зерттеу ұлы ойшыл Аристотельдің еңбектерінен басталады. Оның
пайымдауынша: «... білімнің жоғары аксиомалары ақылымызға туа берілмейді, ол, іс-әрекетті
талап ететін фактілерді жинап, ойды соған бағыттайды. Бұл ой – зейінді түсінудің философиялық
негізін құрайды [1].
Шығыс ойшылы әл-Фараби, философиялық трактаттарында болмыс пен сана байланысына сүйене
психикалық әрекеттің қисынын «...сыртқы әсерлер мен заттардың бейнелері пайда болады» деп
пайымдауы да зейін қасиеттерін зерттеудің әдіснамалық бағыты. Ағылшын философы Бэкон Френсис
дәлелді білімді танудың мүмкіндігіне, яғни ақиқаттылыққа жету мақсатында бұл әдіснамалық
бағытты модификациялау қажет дегенінен бастап метафизикалық жаратылыстану әдісі енгізілді [2].
Зейін психологиясының ғылыми теориясын зерделеу кезінде, оның физиологиялық негізін талдау
маңызды. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде И.П.Павловтың бірқатар ғылыми анықтаған
физиологиялық заңдылықтары маңызды: өрлеуші және төмендеуші үрдістердің өзара байланысы
және ағымы, мидың үлкен жарты шарының қабығындағы орныққан тиімді өрлеуші ошағының
қызметі бойынша әсер етуші тітіркендіргіштерді жіктеу және нәтижелі шартты-рефлекторлық
іс-әрекеттер. Н.Н. Ланге «Психологиялық зерттеулер» еңбегінде психология тарихындағы зейіннің
моторлық теориясына мән беріп, еріктік зейін – «моторлық және апперцепциялық үрдіс» деген
тұжырым айтты. В.Д.Глезер зерттеуінде адам көз аясындағы бірнеше объектінің біріншісін
қабылдап, содан соң қалғанын қабылдайтынын анықтады. Бір мезгілде қандайда бір хабарды қабылдап,
сол сәтте басқасына жауап беру, үрдістің анықтық пен дәлдігін төмендететінін түсіндірді.
Зейіннің физиологиялық негізі А.Б.Ермолаева-Томинаның, Н.С. Лейтестің, И.В. Страховтың,
Е.Д.Хомскаяның, П.П. Блонскийдің еңбектерінде орын алған. Зейін физиологиясының кейбір
бағыттары Ю.Б. Гиппенрейтердің, В.П.Зинченконың, Б.Ф. Ломовтың, А.Л. Ярбустын еңбектерінде
де бейнеленген. Зейіннің физиологиялық мазмұнын ашуда А.А. Ухтомский еңбектерінің үлесі мол.
Оның «доминанта принципі - зейін актісінің іске асуына физиологиялық негіз», «доминанта тысқары
импульстермен күшейеді, сол сәттегі тітіркенулер төмендейді», - деген қағидалары ерекше маңызды.
С.Л. Рубинштейн перифериялық зейін толқу үрдісінде пайда болатынын және ол объектіге қайтадан
|