Бейнелеу өнері
Авторлары: Жеделов Қ.О., Шапкина С.К., Королькова Н.А.
(Алматыкітап)
І ТҮСІНІК ХАТ
Бұл бағдарлама мектептің бастауыш білім беру деңгейіндегі «Өнер» білім саласына енетін «Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды рәсімдейтін Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.
Мектептің бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Бейнелеу өнері» оқу пәні Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің типтік оқу жоспарының инвариантты бөлімінде аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі беріліп, «Өнер» білімдік аймағына кіреді.
Бастауыш білім беру деңгейінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың қоршаған әлемді бейнелі қабылдау көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін дамыту және сезімдік, эмоционалды-құндылықтәжірибелерін терендетіп, байыту болып табылады. Негізгі оқу – тәрбие міндеттері:
– оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермеңік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген эстетикалық құндылық қатынасын дамыту, шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру;
– композициялық зандылықтар, түстану, натураға қарап,еске түсіру және көз алдына елестету бойынша сурет салу негіздеріне үйрету;
– салынған суреттегі форма, тепе-теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аударуға үйрету;
– кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем-бейнелі қабылдауын қалыптастыру, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіне отырып, түстүйсігін дамыту;
– отандық және әлемдік өнер және мәдени мұралар құндылықтарды бағалай білу біліктіліктеріне баулу.
Бағдарламаны құрудың негізгі ұстанымына пәндік интеграциялау ұстанымы, тәрбиелей отырып үйрету ұстанымы, оқытып, үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері және шығармашылық-әрекеттік ұстанымдар жатады.
Пәнаралық байланыс, кіріктіре оқыту ұстанымы – бейнелеу өнеріндегі сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.
Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.
Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы - оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.
Жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Бастауыш білім беру деңгейінің негізі сурет салу, бояумен жұмыс, аппликация, мүсіндеу, көлемді заттарды жапсырмалау және сәндік-безендіру іс-әрекеттері жатады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.
Қоршаған орта болмысын зерделеу және бақылаумен байланысты затқа, натураға қарап сурет салу сабақтың маңызды формасы және бағдарламаны жақсы меңгерудің негізгі шарты болып табылады. «Бейнелеу өнері» оқу пәні өнердегі көркемдік мәнерлеу құралдарын (түс, сызық, дақ, силуэт, композиция, пішін мен тепе-теңдік, ырғақ, көлем, құрылым, кеңістіктік, жарық, сәуле, көлеңке) тану арқылы оқушыларды көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерге баулиды.
«Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасының білім берудің жаңа тұжырымдамасына бағытталғандығы – оқушылардың әртүрлі өнер түрлеріндегі көркемдік-шығармашылық әрекеттерін меңгеру, өнегелі, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды ажырату, өнер туындылары мен мәдениет шығармаларының ерекшеліктерін бағалау біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі айқындау, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдайда жол табу қабілеттіліктерінің дамуын қалыптастыратын көркемдік-эстетикалық әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.
Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.
Бағдарлама пән бойынша базалық білім мазмұнын сипаттаудан, сыныптар бойынша жіктелген оқу жүктемесінен, бастауыш білім беру деңгейіндегі оқушылардың дайындық деңгейіне оқу үрдісінің межелік кезеңінде (4 сынып) қойылатын талаптардан тұрады.
Сабақ түрлеріне қарай уақытты бөлу төмендегідей қарастырылады және мұғалімнің қойылған міндеттерді шешудегі шығармашылық шешімін шектемейді.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу материалының тақырыптық бөлінуі
Бастауыш білім беру деңгейі
( Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Оқу материалы
|
3 сынып
|
Кесіндеме
|
12
|
Графика
|
6
|
Сәндік қолданбалы өнер
|
11
|
Мүсін өнері
|
3
|
Сәулет өнері
|
2
|
Барлығы
|
34
|
«Бейнелеу өнері» оқу пәні бойынша
3 сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына – 34 сағат.
Бағдарлама өзара бір-бірімен байланысты екі бөлімді зерделеуді ескереді: біріншіден, отандық және шетел өнер шеберлерінің (әр түрлі техникада орындалған) бейнелеу өнері; екіншіден, өзіндік көркем шығармашылық іс-әрекеттер.
Оқу бағдарламасында:
-
бейнелеу өнері түрлері: графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қол өнер, сәулет өнері.
-
әр түрлі жанрлар: портрет, табиғат, натюрморт, тарихи, анималистік; бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, композиция, перспектива;
-
бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары: сурет, түс, жарық, композиция, перспектива және т.б. қарастырылған.
Типтік оқу жоспарында бағдарламаның өзегі ретінде оқушының ата-анасының белсенді қатысуымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны мектеп қабырғасында, мектептен тыс іске асыруға септігін тигізетін практикалық жұмыстар, сұхбат, саяхат, көрмелік есеп беру, пленэр (фр. сөзінен en plein air «ашық ауада» деген мағынаны береді) және т.б. мәдени іс-шаралар қолданылады.
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
«Бейнелеу өнері» оқу пәні жайлы ұғым. Көркемдік сауаттылық негіздері. Бейнелеу, сәндеу және құрылымдық формадағы іс-әрекеттер жайлы ұғым негіздері. Бейнелеу өнері түрлерінің негіздерімен, суретшілер мен халық шеберлерінің шығарма туындыларымен таныстыру. Адам өміріндегі пластикалық өнер түрлерінің алатын орны жайлы түсініктер негізі.
Көркемдік мәнерлеу құралдары (жарық пен көлеңке, түс, тон, көлем, пропорция, кеңістік, ырғақ, силуэт, фактура, контур, дақ, сызық, штрих, симметрия, симметрия, контраст, нюанс, тепе-теңдік) бейнелеу, безендіру, сәндеу, құрылымдау өнеріндегі композициялық шешім ретінде.
Қазақстаннның алдыңғы қатарлы көркемдік мұражайлары (Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан республикасының президенттік мәдениет орталығы, Мемлекеттік Третьяков галереясы, Орыс мұражайы, Эрмитаж, Пушкин атындағы бейнелеу өнері мұражайы, Лувр, Дрезден, Прадо галереясы және т.б.)
Кескіндеме.
Жанрлар: табиғат, натюрморт, портрет, анималистік, тұрмыстық және тарихи жанрлар. Көркемдік материалдар: акварель, гуашь, майлы бояулы борлар, түсті қарындаштар, гель массасымен толтырылған қаламсаптар және т.б.
Графика. Графика бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде. Сурет және бейнені баспа графикалаудың әртүрлі түрлері (сурет, акварель, гравюра, литография, монотипия, аппликация және т.б.). Тушьпен және қаламмен салынған суреттер. Натураға қарап сурет салу. Қоршаған орта құбылыстарын салу. Еске түсіре отырып сурет салу. Графика өнері жайлы әңгіме сабақ. Графикалық суреттер салуға қажетті көркемдік материалдар. «Графика» курсы әр түрлі формадағы бұйымдар мен қоршаған орта құбылыстарын натураға қарап, еске түсіре отырып және көз алдына елестету арқылы сурет салуға бағыттайды; бейнелеу өнері жайлы әңгіме, пікір алысулар мен көркем шығарма туындыларын талдау.
Әр түрлі көркем графикалық материалдармен таныстыру. Олармен жұмыс жасау техникасы. Графикаға қатысты көркемдік мәнерлеу құралдары (сызық, нүкте, өң, штрих және т.б.).
Түстану. Негізгі, қосымша және аралас түстер. Реңк түрлері. Колорит. Өң (тон). Перспектива. Жарық пен көлеңке. Сызықтық бейнелеу. Композицияның негізгі заңцары.
Кескіндеме бойынша жұмысты жоспарлауда мұғалім көркем білімнің негізін құрайтын басты үш құрушының үйлесімділігіне көңіл бөлгені лазым: бейнелеу өнері шығармалары мен нақты объектілерді эмоционалды-эстетикалық қабылдау; кескіндеме сауаты теориясы бойынша білімді меңгеру; реалистік кескіндеме саласындағы көркем практикалық әрекеттер (білім, білік, дағдылар).
Оқу бағдарламасында табиғат аясына шығып сурет салу (пленэр), табиғат бояуларының өзгеруіне көңіл бөлу, әр түрлі көркем материалдарды техникалық орындау тәсілдерін меңгеру қарастырылады.
Бейнелеу өнерінде композиция ерекше орын алады. Композиция зандылықтарымен танысу және оларды қолдану бейнелеу өнерінің барлық түрінде болуы тиіс.
Сәндік қолданбалы өнер
Халықтық сәндік қолданбалы өнер. Ою-өрнектер. Киім-кешек. Сәндік натюрморт, сәндік суреттер. Дизайн. Материалдар: гуашь, түрлі-түсті қағаздар, мата, тері, ағашқа өрнектер салу және т.б. Майда пластика. Рельеф. Барельеф. Материалдар: мата қалдықтары, түрлі түсті пластик (косметикалық және с.с. босаған ыдыстар, қорапшалар) ермексаз, сазбалшық және т.б.
Оқушының тұлға ретіңде дамып, ұлттық рухта кемелденуі үшін дәстүрлі халық өнері негізімен, оның бай мұраларымен, құндылығымен таныстыру. Сәулет өнері.
Сәулет өнерінің түрлері, материалдары, бейнелеу-мәнерлеу құралдары. Әлемдік сәулет ескерткіштері. Қазақстан сәулет өнері ескерткіштері. Қазіргі заман сәулет өнері.
Суретші мамандығы
Отандық және шетел суретшілерінің шығармалары. Дизайн. Көркем онер туындыларының мұражайларына, кормелеріне бару, суретшілермен кездесулер, оқушылар жұмысының байқауын өткізу, белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілер мен халықтық өнер шеберлерінің шығармашылық мұраларына арналған викторина, кештер ұйымдастыру.
Қазақстанның тарихи-мәдени мұралары. Тарихта ізі қалған көне ескерткіштер: археологиялық қазба жұмыстарынан табылған заттар. Монументалды өнер және сәулет өнері. Мәдени құндылықтар: өнегелі және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері. Өнегелі құндылықтар.
Табиғат аясында сурет салу (пленэр). Әртүрлі көркемдік материалдармен орындау техникасы.
Композиция, композициялық шешімнің бейнелеу өнерінде алатын орны. Композиция заңдылықтарымен танысу. Бейнелеу өнерінің әртүрлі түрінде композициялық шешімді қолдану тәсілдері.
3 сынып (аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат)
Өнерді қабылдау. Қазақстан бейнелеу өнері. Суретшілердің шығармашылық жолымен танысу Қ. Телжанов, И Шишкин, У.Тансықбаев, Г. Ысмайылова, И.Левитан, С.Мәмбеев, А.Ғалымбаева және т.б. Жанрлар түрі. Натюрморт. Табиғат көрінісі. Кескіндемелік портрет. Ұлттық шеберлердің шы-ғармашылық шеберханалары. Қазақстан және жақын шетелдің сәулет өнері. Көркем шығармаларды талдау. Қоршаған орта табиғаты мен қоғамдық өмірді эмоционалды-эстетикалық тұрғыдан қабылдау.
Кескіндеме (11 сағат)
Түстану (2 сагат). Түстік шеңбер. Түстік қатынас. (қарама-қарсы түстер) контраст. Калорит. Ашық түсті бояу реңктері. Қоңырқай түсті бояу реңктері. Жарық пен көлең-ке. Жылт (блик). Шағылыс (рефлекс). Түспелі көлеңке. Натюрморт жанрыңдағы практикалық сабақтардың жаңа ұғымдарын талдау. Әр түрлі түстегі «Алма мен құлпынай», «Алма» және т.б. тақырыптардағы натюрморттарды бейнелеу.
Көркемдеуші материал акварель (4 сагат). Лессировка жасау техникасы. Жарық көзі. Өзіндік көлеңке. Түспелі көлеңке. Жартылай көлеңкс (локалды түс). «Жарық пен көлеңке» тақырыбын қайталау. «Ыдыс пен алма» және т.б тақырыптарда натюрморт жанрында сурет салу. Композициялық орталық. Типтік жобаға келтіру. заңдылықтары. Жарық көзі күшті түскен сюжет мазмұнын жасау. «Күншуақ», «Ақ қайыңдар» және т.б.
Көркемдеуші материал гуашь (5 сагат). Пастозды кескіндеме техникасында орындалған жұмыс. Композиция орталығы. Композициядағы басты орын алған затқа бағынушылық. Әртүрлі кәсіби мамандық тақырыбына вариация жасау. Типтік жобаға келтіру. заңдылығын қайталау. («Менің мұғалімім», «Шаштаразда» жөне т.б. тақырыптар). Қозғалыс. Көлденең, көлбеу, шеңбердегі сызықтар бойынша заттың орналасқанын көрсету. Қозғалысты берудегі кескіндемелік жағылымдарды беру. Қызу қозғалыстағы ойын қимылдарын берудегі сюжеттерді жасап көрсету. («Қуып жет», «Әлгеншек» және т.б.). Суретші-кескіндемешілер шығармаларымен танысу: А.Дейнека, Ш.Сариев және т.б.
Графика (6 сағат)
Көркемдеуші материал ргафитті жай қарындаш (3 сағат).
Миниатюра. Графикалық көркем-мәнерлеу құралдары: туштау, штрихтау. Өң. Қарындаштардың қатты, жұмсақтығын анықтау. Қарындашпен жұмыс жасау тәсіліндегі варианттар. Көз деңгейі. Квадрат, шеңбер перспективасы. Қарапайым перспектива. Жарық пен көлеңке. Меншікті көлеңке. Түспелі көлеңке. Өнді түрлендіруге жаттығулар жасау. Куб, цилиндрге жақын пішіні бар бұйымдармен тұрмыстық жанр тақырыбына натюрморт. Пленэрда қарапайым түзілімі бар ғимараттарды салу.
Көркемдеуші материалдар гель сиялы немесе қара пас-талы қаламсаптар (3 сағат). Орындаудың бейнелеу-мәнер-леу құралдары - сызық, штрих, дақ. Композиция орталығы. Типтік жобаға келтіру.. Фактура. Табиғат байлығы мен қыр-сырын көрсететін тақырыптарға сурет салу. «Жеміс-жидек мол жыл», «Ауылда» және т.б. Қазақстан суретшілерінің шығармаларымен танысу.
Сәндік қолданбалы өнер (9 сағат)
Көркемдеуші материалдар турлі-тусті қарындаштар (2 сагат). Орындаудың бейнелеу-мәнерлеу құралдары тушьпен жұмыс. Ою- өрнектердегі туған жер табиғатының әсем көрінісі (геометриялық, өсімдік, жануар бейнелі өрнектер). Пішінді тасымалдау (трансформациялау). Өрнектердің элементтері мен мотивтері. Стильдеу. Өрнектердегі композиция. Тік бұрышты пішіндегі өрнектер. Шеңбер ішіндегі өрнектер. Өрнектер және оларды пайдалану. Тік бұрыш пішінді қазақша өрнектердің эскизін орындау.
Көркемдеуші материалдар гуашь (4 сагат). Орындау техникасы-пастозды кескіндеме. Сәндік натюрморт. Орналас-тыру. Көлем. Орналасқан орны. Түс. Натюрморттағы ком-позициялық орталық. Колорит. Халық мотивтерінің натюрморт шығармаларындағы көрінісі. («Өткенді еске түсіру», «Менің сүйкімді заттарым» және т.б.). Табиғат корінісін сәндік сурет стилінде орындау. Табиғат пішіндерін сәндік формаларға ауыстыру. Бақылау және фантазия. Ырғақ (ритм). Композициялық орталық. Пішін мен түс жарасымдылығы. «Көбелектер биі», «Көңілді алаңқай» және т.б.
Көркемдеуші материалдар - түрлі-түсті қағаздар, мата, моншақтар және т.б. (3 сагат). Орындау техникасы - апп-ликация, коллаж. Пішіндерді өзгерту. Мотив. Композициялық орталық. Пішін мен түс жарасымдылығы. Ертегі, аңыздар сюжетіне композиция құрастыру. («Ғажайып бақта», «Сиқырлы саз» және т.б.). Дизайн. Зергерлік бұйымдар. Эскиз бойынша зергерлік әшекейлерді безендіру. («Білезік», «Сақина», «Алқа» және т.б.).
Мүсіндеу (4 сағат)
Көркемдеуші материалдары - пластилин (2 сагат). Рельеф. Плинт. Ұлттық рәміздерді бейнелеу. Кіші пішіндегі жұмыр, жазық мүсіндер. Жануарлар стиліндегі (анималистік) жанр. «Адам және жануар», «Цирк» және т.б.
Көркемдеуші материалдары - сазбалшық және ермексазбен жұмыс (2 сагат). Плакетка. Композициялық эскиз жасау. Рельеф. «Су асты әлемі». Суретші - мүсіншілер шығармаларымен танысу.
Сәулет өнері (4 сағат)
Көркемдік материалдары - ватман қагазы, желім ПВА және т.б. (3 сагат). Орындау техникасы - қағаз пластика-сы. Эскиз. Конструкция. Макет. «Балалар алаңы ансамблі» тақырыбын жабдықтау бойынша топтық жұмыс.
Көркемдеуші материалдары - сазбалшық немесе тузды қамыр (2 сагат). Плакетка. Эскиз бойынша рельефті ком-позиция жұмысын орындау. Туған жердің сәулеттік ескерткіштері. (Мешіт. Шіркеу. Мавзолей және т.б. зәулім ғимараттар).
Көркемдеуші материалдары - ермексаз (2 сагат). Бейне. Эскиз. Конструкция. Ертегідегі әсем ғимараттар көрінісін бейнелеу. («Патша сарайы»). Белгілі сәулеттік ғимараттар-мен және қазіргі заман сәулет құрылыстарымен танысу. (Қожа Ахмет Иассауи мавзолейі
Бейнелеу өнері
34 сағат – 25,5 блок
Аптасына 1 сағат - 1 (0,5) блок
Кескіндеме 12 сағат
Тарау стандарты
|
Оқушы білуі тиіс
|
Оқушы қолдана алуы тиіс
|
-
бейнелеу өнерінің адам өміріндегі маңызы;
* бейнелеу өнері туындыларын бояу көмегімен жасау;
| -
шығарманың негізгі ойын, идеясын түсіну;
-
көркем шығармаларды ажырата білу;
-
түстерді жұмыста еркін қолдана алу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |