Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы


) Жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау жөнінде ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі



бет2/22
Дата23.02.2016
өлшемі1.76 Mb.
#10201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
4) Жоғары білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау жөнінде ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі

БЖИ көрсеткіші бойынша Қазақстан «Жоғары біліммен қамту» бойынша 134 орынның ішінде 45-орынға ие. Сонымен қатар «Мектеп менеджментінің сапасы» бойынша - 97; «Зерттеу және тренингтік қызмет көрсетудің жергілікті қол жетімділігі» бойынша - 68-орында.

Қазақстандық жоғары оқу орындарын басқару жүйесі еліміздің экономикасының озық дамуын қамтамасыз етуде оларға әлуетті мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік бермейді.

Мемлекеттік тапсырыс көлемінің 50 % ғана экономика салаларының қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарын бітірушілердің небары 10 % мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға талаптана алады, бұл тегін жоғары білім алуға мүмкіндікті азайтады.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне және ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты халықаралық құқық, халықаралық экономика және басқа түрлі бағыттар бойынша халықаралық саладағы мамандарды даярлауды кеңейтудегі қажеттілік қанағаттандырылмаған.

Жоғары оқу орындарының көрсететін білім беру қызметі сапасының төмендігі қазақстандық жастардың шетелде оқуын таңдауға ықпал етеді. Қазіргі уақытта шетелдік жоғары оқу орындарында 20 мыңдай адам білім алуда.

Бірде-бір қазақстандық жоғары оқу орны халықаралық институционалды аккредитациядан өтпеген және университеттердің халықаралық академиялық рейтингісіне қатыспаған.

Әлеуметтік әріптестік нашар дамыған. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс әлсіз. Бітірушілерді жұмыспен қамту, жоғары білім беру стандарттарын жасау, мамандарды даярлау және аттестаттау үрдісіне жұмыс берушілерді тарту тетіктері жоқ.

Нәтижесінде жоғары оқу орындарын бітірушілердің алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу деңгейі төмен.

Мемлекеттік жоғары оқу орындары жатақханаларының 77 % алынғанына 25 жылдан астам уақыт өткен. Олар бойынша соңғы ағымдағы жөндеуден өткізілген мерзім 1 жылдан 5 жылға дейін уақытты құрайды.

Республикалық бюджетті әзірлеу кезінде жоғары оқу орындарының күрделі жөндеуге 3 млрд. теңге сомасындағы жыл сайынғы өтінімі 20 %-ға қанағаттандырылады.

Қазіргі уақытта студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету өткір проблема күйінде қалып отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 - 2009 оқу жылында:

- республика бойынша басқа қалалық студенттердің жалпы саны -

127 189 адамды құрады;

- жатақхананы қажет ететін студенттердің саны - 73 061 адам,

оның ішінде 53 464 адам жатақханада тұрады, осылайша, 19 579

адам (26,8 %) жатақханамен қамтамасыз етілмеген.

Профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру жүйесі дамымаған. Нәтижесінде - оқытушылардың кәсіби шеберлігі деңгейінің төмендігі. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, қазіргі заманға сай жабдықталған зертханалардың болмауы.

Диссертациялық зерттеулер шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелердің тиімділігінің және нәтижелігінің төмендігі.

Ғылым салалары бойынша диссертациялардың ең көп саны гуманитарлық ғылымдарға келеді - мысалы, 2008 жылы қорғалған диссертациялардың жалпы санынан 51,5 %. Жаратылыстану және нақты ғылымдар бойынша 16,6 % құрайды, техникалық және қолданбалы ғылымдар бойынша - 31,9 %. Бұл гуманитарлық саланың жетекші болып қалып отырғанын көрсетеді - негізінде, бұлар экономика, педагогика және филология салалары.

Қазіргі уақытта Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасында бекітілген 400-ден астам мамандықтың 227-сі ғана Қазақстан Республикасының диссертациялық кеңестерімен қамтылған. Диссертациялық кеңестерді құру кезінде республикаға жаңа және сирек мамандықтар бойынша кадрлардың қажеттілігі ескеріледі.

Мысалы, соңғы жылдары басым ғылыми бағыттар бойынша қажетті диссертациялық кеңестер ашылды: «Биотехнология»; «Вирусология»; «Скважиналарды бұрғылау және игеру технологиясы» «Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану»; «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы»; «Атом ядросы мен элементті бөлшектер физикасы», 2008 жылы тағы да бірқатар жаңа мамандықтар ашылды: «Ақпараттық жүйелер мен процестер, ақпараттанудың құқықтық аспектілері»; «Өнімдердің сапасын стандарттау және басқару»; «Инженерлік геометрия және компьютерлік графика»; «Халықаралық қатынастар мен ғаламдық дамудың саяси проблемалары».

Әлеуметтік сұраудың нәтижелері респондерттердің 64 % мемлекеттік жоғары оқу орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.

5) Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту әлемдік стандарттардан артта қалуда

Компьютерлік техниканы оның физикалық және моральдық тозуын ескере отырып жыл сайын жаңартып отыру қажет. Бүгінгі таңда мектептердегі 29 664 (24 %) компьютер ауыстыруды қажет етеді. Әлемдік көрсеткіштерге (1 компьютерге 5-6 оқушыдан) жету үшін мектептер қосымша 396 500 компьютер алуы керек, яғни қазіргі кездегі көрсеткіштен 3,2 есе көп. 2010 - 2016 ж.ж. электрондық оқу жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес 296 444 бірлік компьютер мен ноутбуктер сатып алу көзделіп отыр, бұл аталған көрсеткішті күрт өзгертіп, 2016 жылдың аяғына қарай компьютермен қамтамасыз етілуді 1 компьютерге 7-8 оқушыға дейін жеткізеді.

2016 жылғы қарай электрондық оқу жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес білім беру ұйымдарының 90 %-ы Интернеттің кең жолақты желісіне (қосылу жылдамдығы 4-10 Мб/сек) қосылады. Маңызды мәселе мектептердің Интернет желісіне шығуының құны болып табылады. Төмендетілген тарифтерге қарамастан Интернет өте қымбат болып отыр.

Электрондық оқу жүйесі барлық білім беру ұйымдарына, оқытушылар мен оқушыларға, олардың білім ортасындағы даму динамикасына қатысты ақпаратты сақтайды. Білім беру қызметтеріне тең түрде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жүйе қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделеді. Электрондық оқу жүйесі e-learning халықаралық шешім стандартын қолдайтын болады.

2016 жылдың соңына қарай 25 800 сандық білім беру интернет-ресурстары құрылады, соның ішінде орта білім беру жүйесі үшін - 5 520 және кәсіптік мектептер үшін - 9150, колледждер үшін - 11 130. Сондай-ақ, сандық білім беру ресурстарын (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, бағдарламалар тесті және тағы басқалар) сараптау бойынша сараптама кеңестерінің жұмысы жалғастырылады.

Жоғары білім беру жүйесіне арналған 2 380-нен астам электрондық оқулықтар мен оқыту бағдарламаларын жасау қажет. Сонымен қатар, сандық білім беру ресурстарын, (электрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, бағдарламалар тесті және тағы басқалар) сараптау бойынша сараптама кеңестерінің жұмысын жалғыстыру қажет.

Білім беруді ақпараттандырудың тиімділігі көбінесе педагог кадрларды білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) жүйелі түрде пайдалануға даярлауға байланысты.

Соңғы 5 жылда білім беруді ақпараттандыру бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 мыңнан астам информатика пәні мұғалімдері және пән мүғалімдері даярланды. 2006 жылы 3979 адам, 2007 жылы - 4000 мұғалім, 2008 жылы - 4200 педагог оқытылды.

Соңғы жылдары жабдықтарды жеткізу кезінде мұғалімдерді қоса даярлау үрдісі байқалды. Сонымен қатар бұл білім беруді ақпараттандырудың ең төмен көрсеткіштерінің бірі.

6) Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі

Әлі күнге дейін әлеуметтік жетімдік құбылыс ретінде сақталып отыр. 46 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінде, 16 мыңнан астам бала мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде тәрбиеленіп отыр. Оның ішінде 83,8 %-ы әлеуметтік жетімдер.

 

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға

арналған ұйымдарда жетім және әлеуметтік жетімдердің ара қатынасы

 



 

2005 жылмен салыстырғанда жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың саны 13 мекемеге дейін қысқарды.

Тиісінше жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік ұйымдарда тәрбиеленетін балалар санының 1776 балаға азаюы байқалады, бұл 13,4 %-ды құрайды.

Орта есеппен алғанда жыл сайын 10 мың панасыз және қараусыз қалған балаларды анықтау үрдісі қалып отыр. Республикада 13 мыңнан астам жайсыз отбасылар бар. 2009 жылдың өзінде 923 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылды. Отбасы және балалар қолайсыздығын анықтаудың бірыңғай критерийлері жоқ.

2005 жылдағыдай балаларды орналастырудың ерекше нысаны 2009 жылы да отбасыға орналастыру, яғни қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), асырап алуға, патронаттық тәрбиеге беру болып қалып отыр.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды жетілдіру қажет. Аталған санаттағы балаларды толық және нақты есепке алу, оларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына тәрбиелеуге беруге ықпал жасау үшін осы санаттағы балаларды есепке алудың ақпараттық жүйесін құру қажет.

28 мыңнан астам бала қорғаншылар мен қамқоршылардың отбасыларында тұрып жатқанына қарамастан, қорғаншылар мен қамқоршыларды материалдық қолдау тетіктері жоқ. Балалар үйлеріндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқарту үшін аталған санаттағы балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру қажет. Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын берілетін жәрдемақы түріндегі және асырап алушыларға берілетін біржолғы жәрдемақы түріндегі материалдық ынталандыру нормасын енгізу қажет.

Жетім балалар ішіндегі түлектерді жұмыспен қамту тетігі жоқ. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау тетігі жұмыс істемейді. Олардың 10 %-ының ғана тіркелген тұрмыстық үйлері бар.

7) Ғылымды басқару жүйесі одан әрі жетілдіруді талап етеді

Бүкіләлемдік экономикалық форумның есебіне сәйкес Қазақстан 2009 жылы бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингісінде «Инновациялық даму» индексі бойынша 64-орын (2007 жылы - 75, 2008 жылы - 62) алды. Атап айтқанда, «Инновацияларға қабілеттілік» индикаторы бойынша - 50 (2008 жылы - 50), «Цатент» индикаторы бойынша - 85 (2008 жылы - 74), «Жоғары оқу орындары ынтымақтастығы және зерттеулер өндірісі» индикаторы бойынша - 77 (2008 жылы - 64), «Ғалымдар мен инженерлерге қол жетімділік» индикаторы бойынша — 74 (2008 жылы - 83), «Ғылыми-зерттеу институттарының сапасы» - 80 (2008 жылы - 58).

Осы нәтижелерге ғылымды аз мөлшерде қаржыландырудың өзінде қол жеткізілгенін атап өткен жөн. Жеке салынымдарды қосқанның өзінде, ғылымға бөлінген қаражат, яғни ішкі жалпы өнімнен АҚШ-та - 2,84 %, Финляндияда - 4,0 %, Ресейде - 1,2 % құраса, бізде 0,22 % (бюджеттік қаржыландыру үлесі -ішкі жалпы өнімнен 0,11 %) құрайды.

Тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша, егер 5-7 жыл ішінде ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 1 %-ынан аспайтын болса, онда елдің ғылыми-техникалық әлеуеті қайтымсыз күйреуі мүмкін.

Соңғы жылдары, 2006 жылдан 2009 жылға дейін ғылымды қаржыландыру абсолюттік көлемде 20 %-ға өссе де, ЖІӨ-нің үлесі төмендеді (2006 ж. - 0,15 %; 2009 ж. - 0,11 %).

2009 жылғы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша ғылымды қаржыландыру мына үлгіде көрінеді: БҒМ - 58 %; АШМ - 14 %; ИСМ - 3 %; ЭМРМ - 5 %; ДСМ - 9 % және басқалары - 11 %.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) нәтижелерін жасандылықтан және плагиаттан қорғайтын GLP (Good Labolatоry Practice - тиісті зертханалық практика), GMP (өнім өндірісіне қатысты ережелер мен нұсқаулар нормаларының жүйесі),  GPS (Good Sсientific Practice - тиісті ғылыми практика стандарттары) халықаралық стандарттары енгізілмеген. Ғылыми практикада осы стандарттардың болмауы қазақстандық ғалымдар жасаған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін әлемдік аналогтармен салыстыруда қиындық туғызады. Оларды 2010 - 2012 жылдарға арналған іргелі зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асыру кезінде енгізу қажет.

Ғалым мәртебесі төмен күйінде қалып отыр, бұл талантты жастарды ғылымға тартуға кедергі келтіреді.

8) Жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін толық іске асыру қамтамасыз етілмеген

Жастар халықтың 1/3 бөлігін құрайды. 2008 жылы 15 жастан 24 жасқа дейінгі жастардың жұмыссыздығы 7,4 %-ды құрады, бұл жалпы жұмыссыздық деңгейінен 2,4 %-ға жоғары.

Жастардың психикаға әсер ететін заттарды қолдануы үлкен проблемаға айналып отыр. Жеткіншектер мен жастардың темекі (22,8 %) мен алкогольді (18,1 %) қолдануы біршама жоғары деңгейде қалып отыр, бұл ретте темекі шегудің таралу көрсеткіші, әсіресе, қыздардың арасында өсіп келеді.

Жұмыспен қамтылған жастардың 21,5 %-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Жастардың 41,5 %-ының орташа айлық табысы орташа номиналды табыстың деңгейінен төмен.

Жастар ұйымдары санының өсуі жалғасуда және олардың саны 2008 жылы 720-дан астам ұйымға жетті. Олардың қызметіне қатысатын жастар үлесі жастардың жалпы санынан 22 %-ды құрайды.

Қоғамдық-саяси процестерге 70 %-дан астам студент жастар белсене қатысады. Бағдарлама іске асырылған кезеңде жастардың патриоттық қозғалыстарға қатысуға деген ұмтылысы 35,5 %-дан 63,9 %-ға өсті.

Жастардың арасында патриотизм деңгейі сараптамалық бағалау бойынша орташа есеппен 67 %-ды құрайды.

Бұл көрсеткішке әсер ететін негізгі фактор жастарға партриоттық тәрбие беру мәселелерімен айналысатын жастар ұйымдары санының өсуі болып табылады.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында тігінен басқару бұзылған. Орталық деңгейде жастар саясатының дамуын қалыптастырумен және іске асырумен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті деңгейде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып табылмайтын облыстардың, Астана қаласының ішкі саясат басқармалары, Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы айналысады, бұл өңірлік деңгейде жастар саясатының іске асырылуын тиімді үйлестіруге мүмкіндік бермейді. Жастар саясатын іске асыруды кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету жеткіліксіз. Халықаралық жастар алмасуы дамымаған.

9) Білім беру жүйесін басқарудың жетілмегендігі мен қаржыландырудың жетілмегендігі

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының сақталуына бірыңғай бақылаудың болмауы өңірлер бойынша білім сапасын айтарлықтай дифференциациялау алғышарттарын жасайды. Бұл мемлекеттің интеллектуалды әлеуетін төмендетеді және елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді («Ұлттық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңының 5-бабы).



Мұндай бақылаудың жүзеге асырылуы бастапқы деректердің үлкен көлемінің жан-жақты өңделуін және талдануын, өңірлік білім беру жүйесінің ашық көрсеткіштері мен индикаторларының көрсетілуін талап етеді.

Ақпараттық қажеттіліктерді зерттеу білім беру жүйесінің өлшем нәтижелері болжау үшін 20-25%-ға және бақылау үшін 35-40%-ға қолданылып, бұдан арғы ақпараттың қажетсіз қалатынын көрсетті.

Бүгінгі күні республикада сараптау және білім сапасын бағалау (статисттер, тестологтар және т.б.) саласында білікті мамандар жоқ, ақпаратты жинаудың, айырбастаудың, сақтаудың және деректерді (есептер) өңдеудің орталықтандырылған тетігі жасалмаған.

Өңірлік деңгейде білім беру ұйымдарының өздері қамтамасыз ететін білім беру сапасына кепілдік беретін ішкі тетіктерді жетілдіруге қажеттілік бар (әр оқушының оқу жетістіктері мен оқу жағдайының сыртқы және ішкі бағалауын жүргізу, педагогикалық кадрлар мен білім беру ұйымдарының кәсіби қызметінің тиімділігін бағалау, барлық тұтынушылар үшін деректердің шектелген мүмкіндігі, білім беру жүйесі туралы облыстық баяндаманы жазу тәжірибесінің жоқтығы).

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, аудандық білім бөлімдерінің жанында білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстың тиімділігі үшін Республикада әрбір білім беру ұйымында білім беру сапасын бағалау қызметін (БСБҚ) құру қажеттілігі туындайды.

Бұл білім беру статистикасының және білім беру сапасы көрсеткіштерінің қазіргі заманғы әдістемесіне негізделген ауқымды білім беру мониторингін жүргізу үшін негіз болады.

Білім беру сапасын бағалау қызметін құру білім беру жүйесінің тиімділігі туралы объективті ақпарат алуға, оның даму стратегиясын жоспарлауға, білім беру басқармаларының барлық деңгейлеріндегі оқытудың нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді. Білім беру сапасын бағалаудың инфрақұрылымының жұмыс істеуі білім беру жүйесін басқарудың барлық деңгейінде менеджменттің жаңа принциптерін енгізуге мүмкіндік береді:

Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау мен қадағалауға арналған орталықтандырылған деректер банкін құру;

- білім беру статистикасының деректерін алмасу, өңдеу, сақтау және ұсыну тетігіне ақпараттық технологияларды енгізу;

- басқару шешімдерін қабылдау рәсімін ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру;

- білім беру сапасын бағалау мен бақылаудың объективтілігін, облыстағы, аудандағы, білім беру ұйымдарындағы білім берудің жағдайы туралы жан-жақты ақпаратты алуды арттыру.

Қоғамның әл-ауқатының өсуіне байланысты білім беру жүйесіне деген талаптары да өсуде. ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес орнықты даму үшін білім беруге жұмсалатын шығыстар ЖІӨ-нің 6-7%-ын құрауы тиіс. Қазақстанның шығыстары ЖІӨ-нің 4%-ынан аспайды.

Қазақстандағы бір оқушыға жұмсалатын шығыстар Қытай, Түркия, Ресей сияқты 3-топтағы елдердің (ЖІӨ жан басына шаққанда 10 мың АҚШ долларынан кем елдер) орташа шығысынан да төмен.

Екінші топтағы елдердегі - Испания, Корея, Чехия, Израиль (ЖІӨ жан басына шаққанда 10-нан 20 мың АҚШ долларына дейін елдер) және бірінші топтағы елдердегі - АҚШ, Жапония, Люксембург, Австралия (ЖІӨ жан басына шаққанда 20 мың АҚШ долларынан артық елдер) шығыстардағы неғұрлым едәуір айырма.

Қазақстандық мұғалімнің жалақысының жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге арақатынасы ЭЫДҰ елдеріндегіден едәуір төмен және Ресеймен салыстырғанда аз қалпында қалуда.

Жүргізілген талдау мен анықталған проблемалардың негізінде Білім және ғылым министрлігі қызметінің мынадай бағыттарын белгіледі:

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.28.05. № 489 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 532 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.02. № 187 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-бөлім өзгертілді



3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері:

 

Атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлау кезеңі

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

1.1-мақсат Мектепке дейінгі білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор:

Балаларды білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту

%

35,6

39,4

43,3

47,6

52,4

57,3

62,2

Балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды даярлықпен қамту

%

79

86,9

88

91

92

93

94

1.1.1-міндет Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісін көбейту

Мектепке дейінгі ұйымның жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі

%

52,8

53

53,3

53,6

53,9

54

54,5

Балабақшалардың жалпы санынан мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беретін жекеменшік ұйымдардың үлесі

%

100

10,2

10,6

10,9

11,2

11,4

11,5

Топтарды толтырудың орташа көрсеткішін азайту

Адам

27,8 -ға дейін

27,2-ға дейін

26,7 -ға дейін

26,2-ға дейін

25,7-ға дейін

25,2- ға дейін

24,7-ға дейін

Жалпы санынан ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі, жыл сайын

%

19,1

24,3

13,7

11,7

6,4

3,8

2,8

1.1.2-міндет ҚР Үкіметінің 2010.28.05. № 489 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1.2-мақсат Мектептегі білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру

Нысаналы индикатор:

Тест сұрақтарының жалпы санынан ҰБТ-ның орташа балы

%

60

61

62

63

63,5

64

64,5

Тест сұрақтарының жалпы санынан 4-сыныптарда МАБ-тың орташа балы

%

80,1

82

84

86

88

88,5

89

Тест сұрақтарының жалпы санынан 9-сыныптарда МАБ-тың орташа балы

%

62,6

64

66

68

68,9

69,5

70

Орта білімнің сапасы бойынша Қазақстан Республикасындағы мектептердің халықаралық рейтингі

 

 

PISA

 

TIMSS

PIRLS


 

PISA

 

Мектептердің жалпы санынан үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептердің үлесі

%

1,1

0,7

1,1

1

0,9

0,7

0,5

Оқушы орнының тапшылығы азаяды

Адам

120 186

78 629

99870

98081

88571

74848

69594

Жалпы мектептер санынан жөндеуден өткендерінің үлесі (Жол картасы шеңберінде)

%

0

12

7

12

12

12,5

13

1.2.1-міндет Мектеп желілерін дамыту

Мектептердің жалпы санынан апатты мектептердің үлесі

%

2,6

2,5

3,3

3,2

3,1

3

2,4

Мектептердің жалпы санынан көркейтілмеген мектептердің үлесі

%

51,5

50

48

47,5

47

46

45

Мектептердің жалпы санынан дарынды балаларға арналған мектептердің үлесі

%

1,5

1,7

1,95

2,2

2,4

2,5

2,6

1.2.2-міндет Мектептерді лингафондық, мультимедиалық (ЛМК) және пәндік кабинеттермен және Интернетпен жарақтандыру

Жалпы мектептер санынан ЛМК-мен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі

%

35,2

40,1

46

52

58

64

70

Жалпы мектептер санынан жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі:

%

 

 

 

 

 

 

 

Физика

%

44,5

44,5

46,7

47,5

48

50

52

Химия

%

12,2

15

18,6

19

22

31

40

Биология

%

11,3

14,2

27,8

34

36

38

40

деректер берудің кепілдік берілген жылдамдығымен қажетті желілік ресурстар (Интернет, интерактивті оқыту, телевидение және тағы басқа)

%

31

38

34

36

38

40

50

Интерактивті жабдықты пайдаланатын білім беру ұйымдарының саны

Бірлік

1000

1721

2721

3220

3620

3920

4120

1.2.3-міндет Сапалы білім беру қызметтерін және оларға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну

Электронды оқу жүйесіне Интернеттің кең жолақты желісі арқылы қосылған мемлекеттік білім ұйымдарының саны

Бірлік

0

0

0

100

1 600

3 471

5 271

Электронды оқыту жүйесі үшін құрылатын сандық білім беру ресурстарының саны

Бірлік

0

0

0

2 300

7 000

11 170

16 400

Электронды оқу жүйесін пайдалануға оқытылған оқытушылар саны

Бірлік

0

0

0

1 073

11 918

27 921

40 342

1.2.4-міндет Гендерлік аспектілерді ескере отырып, білім берудегі жалпы әлемдік үдерістерді ескере отырып, білім беру жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету

Орта білімнің жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (ЖМБС), бағдарламаларының, типтік оқу жоспарларының үлесі

%

30

62

35

38

65

40

40

1.2.6-міндет Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Педагогтердің жалпы санынан біліктілігін арттырудан өткен педагог кадрлардың үлесі

%

20

25

30

30

30

30

30

1.2.7-міндет Салауатты өмір салтына, оқушылардың денсаулығын нығайтуға, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету

Спорт залдары бар мектептердің үлесі

%

71,8

72,3

73,3

74,3

75

76

77

Жалпы оқушылар санынан спорт секцияларымен және балалар-жасөспірімдер мектептерімен оқушыларды қамту

%

19,6

20

22

24

26

28

30

1.2.8-міндет Қосымша білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету

Жалпы оқушылар санынан қосымша біліммен қамтылған балалар үлесі

%

21,5

21,5

21,6

21,8

22

22,3

22,5

1.2.9-міндет Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету

Түзету ұйымдарында, арнайы балабақшалар топтарында және жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған балалар үлесі

%

27

30

35

40

42

44

48

Мектеп жасындағы балаларға арналған арнайы түзету білім беру ұйымдарын қажеттілігіне қарай арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету үлесі

%

30

35

40

45

47

50

54

1.2.10-міндет Сырттай бағалау жүйесін дамыту

ҰБТ-ға қатысушы мектеп бітірушілердің жалпы санынан үлесі

%

79,8

83,5

84

84,5

84,7

84,8

84,9

Үміткерлердің жалпы санынан мектепті «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатымен бітіргендердің үлесі

%

35,8

38,0

38,5

39,0

30

30

30

ҚАЗТЕСТ-ке қатысушылардың саны

Адам

1 000

3 000

5 000

7 000

10 000

12 000

15 000

ҚАЗТЕСТ-тің орташа балы

%

76

76,7

77

78

79

79,5

80

Дамытатын тест тапсырмаларының үлесі

%

20

20

25

25

30

30

30

Білім берудің жағдайы және дамуы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама

Бірлік

1

1

1

1

1

1

1

Облыстардағы сапаны бағалау қызметі

Бірлік

0

0

0

0

0

16

16

Нысаналы индикаторға жету елдерді ранжирлеу әдістемесін және БЖИ қатысушы елдердің тұрақты құрамын сақтаған кезде БЖИ «Бастауыш білім беру сапасы», «Оқу жүйесінің сапасы», «Математикалық және ғылыми білімнің сапасы», «Мектептерде Интернетке кол жетімділік» индикаторларының жақсаруына ықпал ететін болады

1.3-мақсат Экономика салаларының техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарына қажеттілігін қанағаттандыру

Нысаналы индикатор:

Бітірушілердің жалпы санынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірушілердің үлесі:

 

 

 

 

 

 

 

 

колледждерде

%

15

20

21,9

22

22,5

23

23,5

кәсіптік лицейлерде

%

96

97

95

95

95

95

95

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық  және кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналасқандарының үлесі

%

70

75

68,5

72,5

75,5

76

78

1.3.1-міндет Техникалық және кәсіптік білім беруге қол жетімділікті кеңейту

ТжКБ жүйесі бойынша 2009 - 2014 жылдарға енгізілген оқушы орындарының жоспарланған үлесі

%

1,8

10,0

0

10,0

28,2

20,8

19,7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет