КІРІСПЕ
Мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңдегі жұмысының негізгі
мақсаты - сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және балалардың танымдық
қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін неғұрлым
тиімді жағдайлар жасау. Дәл осы маусымда балалар құрбыларымен араласудан
кӛңілі кӛтеріліп, үлкен қуаныш пен әсерге бӛленіп, ӛзіне қажетті
жаңалықтарды ашады.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесіне қатысушылардың барлығын
қамтитын жазғы сауықтыру жұмысын сауатты ұйымдастыру балалардың
физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың танымдық
қызығушылықтарын дамытуға, сондай-ақ ата-аналарға қажетті кеңес беруге,
әдістемелік кӛмек ұсынуға мүмкіндіктер береді.
Аталған мәселелерді сауатты шешу кездейсоқ жағдайлардың алдын алады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің міндеттері
дені сау, білуге құмар, кӛпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды
қалыптастыру мен әлеуметтендіруді және қазіргі заманғы теорияларды ұлттық
ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы ерте дамыту
процесінің тұтастығын қамтамасыз етуді қарастырады. Соның ішінде, рухани-
адамгершілік құндылықтар негізінде, ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы
баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру кӛзделген. Сондықтан жазғы
сауықтыру шараларының аясында ұлттық ойындарға басымдық беру және
«ойын арқылы оқыту» қағидасын негізге алу ұсынылады.
Балаларды сауықтыру жүйесі мыналарды қамтиды:
балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары (спорттық және
қимыл-қозғалыс ойындары, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар, шынығу,
массаж кілемімен жүру және т. б.);
пайдалы тамақтану рационы (жемістер мен көкөністер және т. б.);
бала ағзасын шынықтыру (күн сәулесі, шөпте жалаң аяқ жүру, шомылу
және т. б.);
балалар туризмі (жаяу, велосипедпен), экскурсиялар, табиғатта серуендеу
және т.б.).
мерекелік шаралар;
ата-аналармен сауықтыру-ағарту жұмыстары;
профилактикалық іс-шаралар
(
сколиоз, жалпақ табан, көру қабілетінің
бұзылуының алдын алуға арналған арнайы жаттығулар кешені).
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымда балаларды сауықтыру
жұмыстарын ұйымдастыруда ұйым басшыларына, әдіскерлерге және
педагогтерге әдістемелік кӛмек құралы ретінде ұсынылады.
|