Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


 ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҤРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата27.07.2024
өлшемі1.09 Mb.
#503051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
1628232779309 (2)

 
4. ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҤРЛЕРІ 
 
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі ұйымдастырылған білім беру әрекеті жыл 
бойы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 
мазмұнына сәйкес игерген білім, білік, дағдыларды пысықтау мен бекітуді 
қарастырады. Ол үшін алдымен мектепке дейінгі ұйымда ӛтпелі тақырыптар 
негізінде жазғы-сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспары жасалады (2-
қосымша).  
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі барлық әрекет түрлерін таза ауада 
ұйымдастыру ұсынылады. Ол үшін әрбір әрекет түріне мектепке дейінгі 
ұйымның күн тәртібінде орын мен уақыт беріледі.
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыстардың табысты болуы мектепке 
дейінгі ұйым басшысынан бастап барлық балабақша ұжымының мерзімді 
талапқа сай дайындығымен айқындалады.
1. Ұйымдастырылған білім беру әрекеті - бұл балаларды дене 
шынықтыру жаттығуларына жүйелі дайындаудың негізгі түрі. Жазғы 
сауықтыру кезеңінің ұйымдастырылған іс-шаралары балалардың шамадан тыс 
шаршауын немесе ағзаның физиологиялық процестерінің, атап айтқанда, дене 
шынықтыру жаттығулары кезінде барынша жұмыс істейтін сүйек-бұлшық ет 
және жүрек-қан тамырлары жұмысының бұзылуына
,
жол бермеуі тиіс.
Физикалық жаттығулар балалардың жасына, дене дамуы мен денсаулық 
жағдайына, дене шынықтыру құрал-жабдықтарына байланысты іріктеледі.
Қимылдық ойындардың, жарыс элементтері бар спорттық жаттығулар, 
жаяу серуендер, экскурсиялар, бағыт бойынша серуендеу (қарапайым туризм), 
мерекелер, ойын-сауықтардың енгізілуімен ұйымдастырылған қызмет түрлері 
апта сайын, күн сәулесінің қызуы тӛмен уақытқа жоспарланады (аптап ыстық 
басталғанға дейін немесе оның басылуынан кейін). 



2. Таңғы гимнастика– ағзаның функционалдық жағдайын және жұмыс 
қабілетін арттыру, моториканы дамыту, дұрыс дене сымбатын қалыптастыру, 
жалпақ табандылықтың алдын алу.
Дәстүрлі гимнастика тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде енгізуді 
қарастырады және затпен және затсыз жаттығулар, дұрыс дене сымбатын 
қалыптастыруға арналған жаттығулар, ірі модульдерді, снарядтарды, 
қарапайым тренажерлерді қолданатын қарапайым жаттығуларды қамтиды.
Түзету гимнастикасы бала дамуындағы ауытқушылықтар немесе 
бұзылулардың сипатына сәйкес арнайы жаттығуларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет