1. ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҦЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН
РЕТТЕЙТІН ҚҦЖАТТАР
Балалармен жазғы кезеңдегі емдеу, шынықтыру, сауықтыру және тәрбиелік
іс-шараларды ӛткізуді реттейтін нормативтік құжаттар:
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі, ҚР Үкіметінің
2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысы;
- «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы
№604 бұйрығы (ҚР БҒМ 05.05.2020 ж №182 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен);
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР
БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы;
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17
тамыздағы № 615 бұйрығы;
- «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР БҒМ 2018
жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы (ҚР БҒМ 18.05.2020 ж №207 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен);
- Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2020-2021
оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау
хаты.
2. ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША
ЖҤРГІЗІЛЕТІН ЖҦМЫСТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
«Денсаулық» білім беру саласы:
-балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалысын арттыру және
психо-эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;
- ағзаның физикалық қызметін жан-жақты жетілдіру;
- бала ағзасының жұмысқа қабілеттілігін шынықтырудың түрлері арқылы
арттыру;
-дене жаттығуларымен айналысуға қызығушылықты және қажеттілікті
қалыптастыру;
- әр баланың физикалық қабілетін кӛрсетуіне жағдай жасау;
- аурудың және балалар жарақатының алдын алу
- ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарына баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |