10.5. Эксплуатациялық бедеулік
Эксплуатациялық бедеулік - біржақты, мөлшерінен тым көп пайдалану әсерінен малдардың өндіру қызметінің бұзылуы салдарынан дамиды.
Себептері: біржақты мөлшерінен тым көп пайдалану; жүгіру кезінде, тым күшті тренинг болуы, сиырларды 300 күннен көп сауу, осыған байланысты суалу мерзімінің қысқарылуы; аналық малдарды физиологиялық жетілуінен бұрын ұрықтандыру; сиырларды белсенді сауу, әсіресе биені және бірінші рет бұзаулаған сиырды көп сауу; мегежіндерде торайлардың ему мерзімінің ұзақтығы. В.В. Петропавловский аналық жыныс бездерінің фунциональдық жағдайын сүт бездерімен байланысты екендігін анықтаған. Эксплуатациялық бедеулікте зат алмасу процестері бұзылады, өйткені сүтпен бірге көп мөлшерде өте маңызды заттар бөлінеді, бұл организмде сапалы және санды ашығу жағдайын туғызады. Басқа «сүт бедеулігін» сүт безінен шығатын нерв импульстеріне берілетін гипофиз реакциясының күшеюімен түсіндіруге болады. Осы импульстер төлдердің емуі, желінге массаж жасау және сауу уақытындағы тітіркендіруден пайда болады. Аталып кеткен факторлар күту және асырау кезіндегі қателіктерден шиеленісуі мүмкін.
Клиникалық белгілері өздеріне тән емес. Төлдеуден кейінгі бірінші айда жыныс циклдары болмайды, қозу сатысының феномендері асинхронды келеді, алибидты және толық емес жыныс циклдары байқалады. Аналық жыныс бездері ауытқулары анафродизия, персистентті сары дене, қуыс, бір немесе екі аналық жыныс бездерінің кішіреюі түрінде байқалады. Аналық жыныс бездері тығыз консистенциялы, кейде оларда фолликулдар табылады, бірақ олар ұзақ уақыт бойы тұрақты болып тұрады. Көп рет ұрықтандыру нәтиже бермейді, лактациялық бедеулікте остеомаляция, бауыр көлемінде ауырсыну, буындардың ісінуі белгілері байқалады.
Диагноз. Малдарды тым көп пайдалану кезінде жыныс циклы динамикасының бұзылуы және патологиялық өзгерістер болмауы ауруды анықтауда негізгі көрсеткіш болып саналады.
Болжау: қолайлы, бірақ кейбір жағдайда ғалымдар жоғары сүтті сиырларда жатырдың лақтациялық атрофиясы дамиды деп ескертеді.
Емі. Толық сапалы азықтармен азықтандыру, серуен, күйттеушілермен аналықтардың қатынасын жақсарту, жатырға, аналық жыныс бездеріне қан айналымын күшейту мақсатында массаж жүргізу керек. Қажет кезде гонадоынталандыру препараттарын қолданады немесе аналық жыныс бездеріне операция жүргізеді. Тым шаршаған биелерді әдетте 2-3 күн дем алғызады, сосын олардың жыныс циклдары қалпына келуі үшін 15 күн бойы жеңіл жұмысқа пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |