Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет105/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   115
акушерство китап

10.6. Қолдан жасалған бедеулік
Табиғи немесе қолдан ұрықтандыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып жүргізбеу салдарынан малдардың өндіру функциясының бұзылуы.
Себептері: мал қашыру, қолдан ұрықтандыру жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмау болып табылады. Мал ағзасында оның буаз болуына барлық мүмкіндік бола тұрып бедеулікке ұшырайды да, қысыр қалады. Оның негізгі себептері төмендегідей:
- күйлеген малды ұрықтандыру;
- әлі күйлеу феномені басталмаған, немесе күйіті қайтып кеткен малды ұрықтандыру, яғни уақытынан бұрын, немесе кешіктіріп ұрықтандыру;
- қолдан ұрықтандыру техникасын дұрыс орындамау, сапасы төмен шәуетпен ұрықтандыру;
- шәует алу, оны өңдеу, сақтау және ұрықтандыру кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерін сақтамау;
- ұрықтандырушы-техниктер білімінің, тәжіребесінің, кәсіби деңгейінің төмендігі;
- ұрықтандыру қабілеті нашар аталық малды пайдалану;
- аталық малдар жетіспеуі;
- есепті дұрыс жүргізбегендіктен буаз малды етке өткізіп, қысыр малды қалдыру;
- қолдан ұрықтандыру жұмысының тиянақты жоспарының болмауы.
Осы аталған себептер қолдан ұрықтандыру жұмысы кемпешіліктерін және мамандар сауатсыздығын көрсетеді.
Кейбір жағдайда мамандар белгілі бір мақсатпен, өздерінің мүддесі үшін күйлеп тұрған малды әдейі ұрықтандырмайды, сөйтіп малды уақытша бедеулікке ұшыратады. Мысалы, бұзаулаған сиырдың лактациялық кезеңін ұзарту үшін алғашқы 2-3 жыныстық циклін, ұрықтандырмай өткізіп жібереді немесе физиологиялық тұрғыдан әлі өсіп жетілмеген құнажындарды күйлеп тұрса да ұрықтандырмайды, сол сияқты спорттық жарысқа қатынасатын биелерді ұрықтандырмайды, сондай-ақ семіртіп етке өткізетін мегежіндерді овариоэктомия жасап жіберу қолдан әдейілеп, мақсатты түрде жасалған бедеулік болып табылады. Бедеуліктің бұл бағытталған түрі мамандардың сауатының, кәсіби деңгейінің мақсаттылығын көрсетеді.
Қолдан жасалған бедеулікпен күресу үшін ең алдымен қолдан ұрықтандыру жұмысына біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын адамдарды қою керек, аталық малдың денсаулығы жақсы болып, шәуетінің сапасы жоғары болуына көңіл бөліп, бірде-бір күйлеген мал назардан тыс қалмауын қадағалау қажет. Малдың күйлеген уақытын дәл тауып, дер кезінде ұрықтандыру үшін, әсіресе қысты күндері, ерте көктемде күйіттеуші малды пайдаланған дұрыс. Есеп кітап құжаттарын дұрыс жүргізу қолдан ұрықтандыру жұмысының тиянақты, жоспарлы өтуін қамтиды.
Симптомдық бедеулік. Аналық пен өндірушілердің жыныс және басқа ағзаларының ауруларына байланысты өндіру қызметінің бұзылуы. Жыныс аппаратында патологиялық процестердің дамуы малдардың төлділігіне ғана емес, сонымен қатар оның барлық өнімділігіне қайшы әсер етеді.
Гинекологиялық және басқа аурулар малдың жағдайының нашарлауымен өтуі мүмкін. Бедеуліктің бұл түрі организмнің ауыр ауруға шалдыққан белгілерінің белгісі болып саналады. Функциональдық бұзылу делінетін аурулар аналық жыныс бездерінің, ағзаның ауру белгісі немесе өмірсүру жағдайының нашарлығын көрсетеді.
Көп жағдайда сиыр бедеулігі жүрек-тамыр жүйесі, ас қорыту жүйесіне туғаннан кейінгі аурулар тигізетін кеселдер болып табылады. Г.В. Зверева, Ф.Я.Сизоненко, Е.Ф.Кочетова симптомдық бедеулікті аусыл ауруы кезінде байқаған. Биологиялық факторлар, инфекция, инвазия бедеулік тудыруы мүмкін, немесе ағзаға жалпы патогендік әсер етеді немесе жергілікті қабыну процестері жиынтығын тудырады және жыныстық салада вагинит, цервицит, эндометрит, сальпингит сияқты ауруларды көрсетеді.
Қабыну процесінің түріне және жайылмауына байланысты бедеулік мәнін келесі төрт факторлармен түсіндіруге болады:
1. Ұрықтардың аналық жыныс саласында қолайсыз ортаға түсуі салдарынан немесе аналық жыныс клеткасында жылжи алмау салдарынан өлуі;
2. Аналық жыныс клеткасының немесе зиготаның өлуі;
3. Жыныс циклы овуляциясының, күйлеуінің, жыныстық қозуының, күйіттің болмауынан бұзылуы;
4. Зиготаның жатыр қуысы ішіне ене алмауы.
Осы факторлар ішінде кеңінен тарағаны ұрықтың өлуі. Табиғи ұрықтану кезінде олар миллиондап тіпті миллиардтап жыныс жолдарымен жылжу барысында өледі, әрбір ағза қанында спермотоксиндер болады, олар ұрықтармен кездескен жағдайда соңғыларын өлтіреді.
Аналық малдың жыныс аппаратында үнемі аз мөлшерде спермотоксиндер болады. Аналықтың жыныс аппаратында және оның сырт жағында қабыну процесстері дамыған жағдайда спермотоксиндер концентрациясы күрт көбейеді. Осы кезде олардың биохимиялық кері әсері ұрықтарға күшейе түседі деген күдік бар. Қабыну процестері кезінде пайда болған бактериалдық токсиндер де ұрықтарға кері әсер етеді. Жыныс аппараты тканьдерінің қабыну реакциясы кезінде, пайда болған агрессивті фагоциттер түрлері де ұрықтарды өлтіреді. Ұрықтардың аналық жыныс клеткаларымен кездесуіне жыныс жолдары саңылауының тарылуы да кедергі тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет