Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет101/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
акушерство китап

10.2. Туа біткен бедеулік
Туа біткен бедеулік - аталық және аналық малдардың жыныс аппаратының эмбриональдық және фетальдық мезгілдерде немесе зиготаның, ұрықтың, жұмыртқаның биологиялық толық жарамды еместігінен аномалиялар дамуының нәтижесі ретінде олардың өндіріс қабілетінің болмауы.
Туғаннан болған бедеуліктің өзіндік білінуі, гибридизацияда байқалады. әр түр малдардікіне жататын қалыпты жағдайдағы еш ақаусыз жұмыртқа мен ұрық кездесуі кезінде, ұрықтану процессі болмайды немесе буаздылық ұрық пен жұмыртқаның биологиялық сәйкессіздік салдарынан үзіледі. Мысалы, қодықтардың бедеулігі. Қодықтарда буаздық өте сирек байқалады да көп жағдайда іш тастаумен немесе ұрықтың аномалияларымен аяқталады.
Як пен сиыр, бір өркешті мен қос өркешті түйелер гибридтері ұрпақ береді. Бизон мен сиыр шағылысуы ұрықтанумен аяқталады, бірақ буаздылық ұрық қабықтарының ауытқуларымен шиеленіседі, көбіне аз төл әкелетін аналықтар туады. Аталықтар бедеу болады.
Эксперименталды зерттеулер мен зоотехникалық бақылаулар, туыстық өсіру әдісін дұрыс қолданбау ұрықтану сапасын түсіріп жасырын іш тастаулардың саны көбейтетінін көрсетеді. Бұл көрініс әсіресе мегежіндерде көп кездеседі.
Инфантилизм (infantilis - баланікіндей) дегеніміз аналық жыныс аппаратының толық дамымауы немесе толық жетілген организмнің гипофиз қызметінің жеткіліксіздігінен және эндокринді, жүйке жүйелерінің бұзылуынан дамитын афункционалды жағдайы. Кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша, мегежін бедеулігінің 2-5% инфантилизм әсерінен пайда болады.
Табиғи жағдайда аналықтар аталықтардың жыныстық дамуына ықпал тигізеді, сондай-ақ аталықтар аналықтардың жетілуіне де жақсы жағынан әсер етеді. Бұл көрініс тура түйісу болмағанда да байқалады. Осындай белсендіру болмауы инфантилизмге әкелуі мүмкін.
Кейбір қашарларда дене дамуы мен жақсы экстерьерлік түрлері болуына қарамастан, жыныс циклдары білінбейді. Кей жағдайда жыныс циклдары мезгілінде келіп отырғанымен, аналықтарды бірнеше рет ұрықтандыру нәтиже бермейді.
Клиникалық белгілері - жатыр мен оның мүйіздері көлемінің кішіреюі, жыныс безінің бұршақ дәніндей болуы немесе олар қалыпты көлемді және фолликулды болады. Кейде ішкі жыныс мүшелерінің қалыпты дамуы кезінде, сарпайдың немесе қынаптың толық жетілмеуі байқалады.
Болжау - күмәнді.
Емі. Жыныс аппараты қызметін белсендіру үшін аналықтарды күйттеушілермен қосады, малдарды жайылымда ұстайды және ББҚС (буаз биенің қан сарысуын), эстрогенді препараттарды қолданады. Егер аналық мал ұрықтанса, онда буаздылық жыныс органдарының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Фримартинизм - ауытқулар, көбіне (толық емес жалған) гермафродитизм деп аталынады, клитордың шамадан тыс дамып кетуі оның аталық жыныс мүшесінің пішініне ие болуымен және аналық жыныс аппаратының кейбір бөлімдері толық дамымауымен сипатталады.
Жалған гермафродиттер көбіне сиырлар екі жынысты егіздер әкелгенде кездеседі. Әдетте аталық бұзаулар қалыпты дамиды келешекте жақсы өндіруші болады, ал ұрғашы бұзаулар бедеу болады.
Фримартинизм -саулық, ешкі, мегежінде кездеседі.
Фримартинизм пайда болуын екі төл аралығындағы тамырлар арасында анастомоздар болуымен түсіндіріледі. Осы анастомоздар арқылы аналық ұрыққа, аталық гормондар еніп оны маскулинизацияға түсіреді.
Егіздер тууының 30%-да 2 еркек бұзау туады, 30%-да 2 ұрғашы бұзау, ал 40%-да аралас бұзаулар туады, соңғыларының ішінен 80-90% төл әкеле алмайды. Фримартиндердің жыныс жүйелері дамуының бұзылуы дәрежесінің негізгі факторы қос жынысты төлдерде жалпы плацента жүйесінің болу уақыты саналады. Фримартинизм мегежіндерде, ешкілерде де кездеседі.
П.П. Петскийдің зерттеулері бойынша, егер қос жыныстық ұрықтардың тамыр дамуында байланыс кеш дамыса (ұрықтардың 2,5 кейін) онда жыныс мүшелерінің дамуында айтарлықтай көзге көрінетін өзгерістер байқалмайды, тек гистологиялық зерттеулермен, кейбір жыныс мүшелерінің дамуында, аздаған ауытқылар бар екенін анықтауға болады. Бұндай фримартиндер саны 5%. Көптеген фримартиндерде (85%) аналық жыныс органдарының ерте жаста (2,5 айға дейін) дамуының тоқталуына байланысты, жыныс жүйесі дамуынында айқын кері қайтпайтын үрдістер көрінеді. Бұндай малдардың жыныс мүшелері толық дамымай қалады. Фримартиндердің үшінші тобында (10%) аналық жыныс жүйесі дамуының тоқталу белгілерімен қатар, ішкі жыныс мүшелерінің инверсиялық белгілері байқалады.
Ақ шортгорн мен басқа ірі қара тұқымдарында, бурыл жылқылар мен ақ пониларда туғаннан болған бедеулік байқалады.
Көбіне бұндай малдарда жатыр мойыны, денесі және бір жатыр мүйіздері немесе басқа бөліктері болмайды. Бұл ауытқу, ақ қашарлар ауруы деген атпен белгілі. Ф. Шэту туа болган бедеулік түрінің себебін рецессивті ген пигментациясының болмауымен байланысты деп болжайды.
Клиникалық белгілері: фримартиндер бұқа тәрізді дөрекі пішінді болып келеді және жыныс мүшелерінің аномалияларымен сипатталады.
Диагноз. Фингер аналық бұзау туғаннан кейін қынапты және жатыр мойынын жіңішке қынап айнасымен немесе ректоскоппен зерттеуді ұсынды. Қалыпты дамыған аналық бұзауда қынаптың ұзындығы 10-12 см аралығында, жатыр мойыны резетке тәрізді. Фримартиндерде қынаптың ұзындығы 4-4,5 см, ал жатыр мойынының қынаптық бөлігі мүлдем болмайды. Фримартиндер жұмысқа және ет өнімділігіне жақсы малдар болып есептелінеді.
Гермафродитизм бір жекелеген түрде, мюллеров не вольфов ағымының тармақтары, ен мен аналық жыныс безімен немесе аналық жыныс безі дамуымен сипатталатын ауытқу. Нақтылы гермафродитизм сирек кездеседі. Гермафродитизм бірінші хромосома жинағының бұзылуы салдарынан пайда болуы мүмкін. Мысалы, дененің бір клеткаларында аналық хромосомдар жинағы болады, яғни екі Х-хромосомдар, ал басқаларында Х- және Ү-хромосомдар тобы болады.
Гермафродитизм ішкі секреция бездері аурулары салдарынан да дамиды, яғни екінші дамыған ауру болып табылмайды. Рикка бойынша гермафродитизм ақ ұзын құлақты шошқаларда жиі кездесеі (1,5%-ға дейін). Гермафродитизм шошқалармен ешкілерде әкесі жағынан тұқым қуалауы мүмкін. А.И. Пучковский гермафродитті шошқаларды зерттегенде олардың сырт белгілері, сау шошқалардан айырмашылығы жоқ екендігін делелдеді. Жыныс бездерін гистологиялық зерттеу кезінде, спермиогенез және фолликулдардың ерте даму сатысының белгілерін анықтады.
Гермафродиттер әдетте бедеу болады, негізінен оларды жұмысқа қолданады және семіртіп етке жібереді.
Жатыр мойынының туа болған ауытқулары. Туа болған ауытқулардан малдарды шығынға шығаруға негізгі факторлар болып жатыр мүйізінің не мойының болмауы саналады. Екі мойынды жатыры бар аналықтар, аналық жыныс бездері мен мүйіздері дұрыс дамыған төл әкеледі. Бұл көрініс көбіне ірі қара малда кездеседі.
Жатырдың туа болған ауытқулары. Бір мүйізі бар жатыр көп жағдайда сиырлар мен мегежінде анықталған. Зерттеулер көрсеткендей бұндай сиырлар жылда бұзаулап отырған. Бірде бір мүйізді жатыры бар сиырдан егіз бұзауды анықталған. Әдетте, екінші мүйізімен аналық жыныс безі болмайды, немесе мүйіз аналық жыныс безімен қосылып кеткен көп төл әкелетін аналық малдарда бұл ауытқу оларда аз төл әкелу көрінісін тудырады.
П.Е.Ладан 1480 мегежін жатырын зерттегенде, олардың ішінен 29-да бір мүйізді жатырдың және оның ішінде ұрық бар екенін анықтаған, ал 5 мегежінде 4 мүйізді жатыр олардың әрқайсысында бір-бір аналық жыныс безі болғанын байқаған.
Туа болған бедеуліктің алдын алу.
Зоотехникалық шаралар. Аналықтар мен өндірушілерді туыстығын ескеріп жекелеп бөлу, үнемі жоспарлы түрде өндірушілерді алмастырып отыру.
Туа болған бедеуліктің алдын алу тәжирибесі ретінде қолдан ұрықтандыру, шаруашылық аралық өндірушілерді айырбастау, ал тауарлы фермаларда тұқым аралық ұрықтандыруларды қолдану.
Ұйымдастыру шаралары: асыл тұқымды өндіріс орындарына өндірушілерді іріктеу және жинақтау содан кейін оларды жоспарлы түрде қолдану.
Агрономиялық шаралар: жан-жақты қамтылған рационды азықтармен азықтандыру және басқа шаралар жүргізу.
Малдәрігерлік шаралар: туа болған ақаулары бар малдарды ңақтылы анықтап, табыннан шығару. Ұрпақ бере алмайтын аталықтарды уақытында, жыныс даму мезгілінен бұрын пішу, не болмаса оларды сиырлардан бөлек ұстау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет