Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Жыныс органдарын зерттеу әдістерi



бет100/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115
акушерство китап

10.1. Жыныс органдарын зерттеу әдістерi
Бедеуліктің түрін және оның түр ерекшеліктерін анықтау үшін аталық пен аналықтың жыныс органдарын тұрақты зерттеп отыру қажет. Гинекологиялық зерттеу келесі бөлімдерден: 1) анамнездік мәліметтерді жинау және 2) объективті клиникалық зерттеулерден, тұрады.
Анамнездік мәліметтер. Анамнезді деректер диагноз қоюға әдетте аз мәліметтер береді. Мәліметтердің бағасы малдарды күтуші кісілердің байқағыштығына байланысты. Бірақ, анамнездік мәліметтер дәрігерді жыныс органдарының кейбір бөліктерінің мұқият зерттеуге итереді, ең бастысы анамнез кезінде жалпы таралуы мүмкін кейбір ауруларды анықтауға мүмкіншілік береді.
Анамнез көрсеткіштері келесі мәліметтерден тұруы тиісті
1) ветеринарлық көмекке жэасауға итермелеу
2) шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық және зоотехникалық жағдайы (іш тастаулар және басқа жалпы аурулар, азықтың ресурстары, рациондар, коралар т.б)
3) биенің паспортында немесе сиырдың, мегежіннің және басқа малдардың жеке кәртішкесінде жазылған материалдар.
4) малдың жасы, бұл мәліметтер жалпы немесе жергілікті аномалиялар (кемтарлық, жыныс аппаратының туғаннан болған кемшілігі, кәріліктен болған өзгерістер немесе малдарды пайдалану кезінде және ұстауындағы ережелер бұзылуы) себептерінің көріністерін байқауға мүмкіншілік береді.
5) туудың саны, буздылықтың ағымы, әсіресе соңғы туу және туудан кейінгі мезгіл туралы мәліметтерден, ұстау, азықтандыру, қоңдылығы, сүт өнімділігіне байланысты, туу процессінен кейінгі жыныс циклдарының қайталануы, ұзаруы немесе қысқаруы.
6) нәжіс және зәр шығару актілерінің, дефекацияның байқалуы және басқа ерекшеліктер, нәжіс және зәр шығарудың жиеленуі көп жағдайда жамбас органдарының (цистит, вагинит, цервицит т.б.) қабыну реакцияларын көрсетеді;
7) жыныс циклының ырғақтылығы, ұрықтандыру уақыты мен саны, табындағы өндірушілер саны және олардың жағдайы, бедеулік тек аналықтан ғана емес өндірушіге де байланысты, кейде негізгі себеп болып малдарды өндіру жүмыстарын дұрыс үйымдастырмау саналады.
Малдарды клиникалық зерттеу маманға диагноз қоюға нақтылы мәліметтердің жиынтығын береді, болжау жасауға және тиісті ем қолдануға мүмкіндік туғызады.
Сыртқы зерттеуді малдың жалпы байқауынан, статусты анықтауынан бастайды. Сосын сауырын және сыртқы жыныс органдарын қарайды. Сауырдың конфигурациясына, жамбас жалғамдарының жағдайына, жыныс саңылауына, сарпайдың мен құйрық терісіне көңіл аудару қажет. Сыртқы жыныс органдарынан, әдетте сарпайдың төменгі бұрышында жиналып құйрық тамыры жүнінде кеуіп калатын аққан жалқаяқ түріне қарап қабыну процессінің ерекшеліктерін жинақтауға болады.
Ішкі зерттеулер. Ректальды және вагинальды зерттеулер карау және пальпация арқылы патологиялық процестердің немесе гениталиялардағы аномалиялардың дамуын қамтамасыз ететін анатомиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіншілік беретін диагноз қоюда шешуші орын алады
Ішкі зертеуге малды және дәрігердің колын буаздылықты анықтау кезіндегідей дайындайды.
Вагиналдық зерттеу. Қолды өңдегеннен кейін және аралық терісін қараған соң, сол қол саусақтарымен сарпайды ашып қынап кіреберісінің кілегей қабығын қарайды. Қынапты және жатыр мойынын, қынап бөлігін қарау үшін қынап айнасы қажет
Қарау кезінде кілегей қабық түсіне көңіл аударады. Денісау малдарда ол біркелкі жылтыраған және қызғылт немесе ақшылт-қызғылт түсті, беткейі тегіс, жылтыр. Қынап кіреберісінің жан-жағында екі сызық бойымен төбешік пішінді көлемі түйреуіш басындай шығару безінің тармақтары орналасқан.
Іріңді экссудаттарды немесе көп мөлшерлі секреттерді анықтағанда закымдалған жерлерді мұқият қарайды. Әсіресе көңілді жатыр мойынының қынап бөлігіне аударады. Осы көлемде анықталған ауытқулар қабыну ісіктерінің туу жаракаттары салдарынан пайда болғанын білдіріп, қатты ісінулермен сипаттталады. Жатыр мойынының жан-жағына, жоғары не төмен ауытқуы патологиялық жағдай бар екенін білдіреді.
Егер, қынапта жиналған қан, ірің немесе кілегей жатырдан бөлінеді деген күмән туса, жатыр саңылаушасын корнцанг ұшына кигізілген дәке не мақта тампонымен сүртіп, сосын секреттің жаңа порциясы пайда болуын карау керек. Қынапты қарауын тік ішек арқылы жатырға жеңіл массажбен өткізу орынды.
Жатыр мойыны жабық кезінде онда буаздылыққа тән қою, кілегейлі тығынды анықтайтын вагинальды зерттеуді тоқтайды.
Жатыр мойыны ашық болса, онда гинеколог бұл көріністің себебін анықтайды. Жатыр мойыны саңылауы қынапта экссудаттың немесе кілегейдің жиналуы жатырдың патологиялық жағдайын немесе малда күйлеу феномені болганын көрсетеді.
Ірі малдардың жыныс органдарын тік ішек арқылы зерттеу барлық ішкі жыныс органдарының жағдайын білуге мүмкіндік туғызады.
Өндірушілерді андрологиялық әдіспен зерттеу. Бедеулік себептерін анықтау үшің өндірушіні әрдайым мұқият зерттеу қажет, өйткені аналықтардың төл әкелуі өндірушілерге байланысты. Әрбір мал түрі өдірушісін таңдағанда зоотехникалық және малдәрігерлік санитарлық талаптарға сүйену қерек.
Өндірушіні клиникалық әдіспен зерттеу кезінде ең алдымен аналық малдарға жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы және инвазиялы аурулардың болмауын қадағалау орынды.
Өндірушіні жеке зерттеу әдісі келесі элементтерден тұрады:
1) жалпы қарау; 2) жыныс аппаратын зерттеу; 3) рефлексологиялық зерттеу; 4) ұрықты зерттеу.
1. Жалпы қараумен өндірушінің жыныс аппаратын зерттеу.
Өндірушінің зерттеуін ашық жерде немесе жарық манежде өткізеді. Бұл жағдайда тері аурулары әсіресе қышыма, бұзаутаз тағы басқа аурулар болмауын қадағалау қажет. Сонымен бірге зерттеуші лимфа түйіндерінің, бұлшық еттердің, аяқ буындарының, тұяқтардың жағдайына көніл аударуы тиісті. Малдың терісін мұкият пальпациялайды. Қажет болса арнайы әдістерді қолданып тыныс алу органдарын, қан айналымын, ас қорыту органдарын зерттейді.
Жыныс аппаратын қарайды. Бұнда ұма, ен, күпек, жыныс мүшесі жағдайларын анықтайды, қажет болса қосымша жыныс бездерін, қуықты, шап өзегін, бүйректі зертттейді.
Қалыпты жағдайда ұма терісі толық не жартылай жүнмен жамылған, нәзік, оңай қыртыстанады. Ен мен оның қосымша бездері ұма қабырғасынан жақсы сезіледі. Олардың көлемі мал түрі мен жасына байланысты болуға тиісті. Көптеген малдарда бір ен (оң жақтағы) екінші еннен үлкендеу болады. Олардың беткейі тегіс, жылтыр және тығыз консистенциялы. Аталық жыныс бездері ұманың жоғарғы жағынан қолмен ұстағанда жоғары көтерілуге тиісті.
Ен баулары тығыз қозғалмалы, бірқалыпты енге қарай жуандалған бау ретінде сезіледі. Кәрі, сақа малдарда ен бауы айтарлықтай тығыз, көлемі сәл үлкейген. Бірақ, айғыр мен бұқа ұмасының мойынын қол саусақтарымен оңай ұстауға болады. Ұма терісінің қыртысты консистенциясы, оның қуысының флюктуациясы, аталық бездердің қозғалмауы, онда түйіндердің болуы, бір не екі ен көлемінің кішіреюі олардың патологиялық жағдайларын көрсетеді.
Жыныс мүшесінің жағдайын анықтау үшін оны күпектен қолмен шығару қажет. Бұны И.И.Воронин бойынша региональды анестезия жасап орындайды. Әдетте бұқа мен қабанның жыныс мүшелерін жыныс актісі кезінде қарайды.
Өндірушіні рефлексологиялық әдіспен зерттеу.
Жыныс рефлекстерін зерттеу үшін қалыпты жағдай туғызу қажет. Егер өндіруші қолдан ұрықтандыру орнында тұлып аркылы ұрық алуға негізделсе, онда одан тұлыпқа секіртіп жасанды қынапты қолданып ұрық алады. Жыныс актісі кезінде өндірушінің жыныс рефлекстерінің көріністерін (құшақтау, қосылу, эрекция және эякуляция) мұқият байқайды. Неғұрлым осы рефлекстер айқын байқалса, соғұрлым өндіруші қасиеті де жақсы деп саналады. Әсіресе өндірушінің шартты жағымсыз рефлекстерін анықтауға көңіл аударылуы қажет. Бос табындық жағдайларда немесе еркін шағылысуға қолданылған өндірушілер, шу, бөтен адамдар не басқа орта жерлерінен немесе, керісінше жиі шағылыстырудан жыныс рефлекстерінің әлсіреуі немесе тежелуі болатынын ескеру орынды.
Ұрықты зерттеу.
Өндірушінің сапасы жағынан негізгі көрсеткіші болып ұрықты зерттеу нәтижесі саналады. Егер өндірушіде аспермия немесе ұрық толық жарамды болмаса, онда қанның және жоғары экстерьер сапасы өзінің маңызын жоғалтады. Егер ұрық сапасыз болса, онда оны қайта зерттейді. Жыныстық үзілістен кейін (айғырларда көктемде) өндірушіден алғашқы шағылыс кезінде алынған ұрық сапасы төмен болатынын ескеру кажет
Сапалы ұрықтың құрамында қажетті мөлшерде тірі, аналық малды ұрықтандыруға қабілеті бар спермийлер, сонымен бірге сыртқы ортаға төзімді бөгде қоспалардан (қан, микроб) таза болады. Ұрықты сыртқы белгілеріне қарап және микроскоп арқылы зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет