Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Аналық жыныс түтігі әдісімен ұрықтандыру



бет32/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115
акушерство китап

4. Аналық жыныс түтігі әдісімен ұрықтандыру. Ұрықты тікелей аналық жыныс түтігіне жібереді. Бұл әдісті құстарды ұрықтандырғанда қолданады. Құстарды ұрықтандыру үшін бір рет пайдаланатын пипеткалар немесе шприц-катетерлер қолданылады. Аспапты аналық жыныс түтігінің ішіне 4-5 см тереңдікке кіргізеді. Ұрықтандырудың мақсаты инкубациялық жұмыртқа алу.
Малдарды қолдан ұрықтандыруының даму тарихы
Біздің арамызға дейінгі 800 жыл бұрын ассирийцтер бие қынабына кеуек материал тастап осы биеге айғыр артылып болғаннан кейін ұрығы бар кеуек материалды екінші биенің қынабына енгізу арқылы ұрықтандырып жоғарғы сапалы төл алды деген аңыз бар.
Арабтардың қолжазбасына сүйесек 286 жылы Солтүстік Африкадан бір бедуин (кошпелі араб) биесін ұрықтандыратын айғыр таба алмаған соң, көршісінің биесінің қынабына жылқы қылын салып айғыр артылғаннан кейін осы ұрық жабысқан қылмен өзі ұрықтандырған.
Физиологиялық эксперимент ретінде қолдан ұрықтандыруды бірінші рет 1763 жылы Стефан Якоби балықтарға, ал 1780-1782 жылдары Спаланцани Ресейде иттерге қолданды. Бірақ мал шаруашылық саласында қолдан ұрықтандыру әдісі тәжірибелік маңызын тек отандас ғалымдардың жұмыстарының нәтижесінде ие болды.
1855 жыл В.П. Врасский сига балықтарды қолдан ұрықтандыру құрғақ (орыс) әдісін ұсынды, барлық дүние жүзінде балық өсіру шаруашылықтарында кеңінен қолданылды. В.П. Врасский дүние жүзінде бірінші болып балық зауытын салды.
Өткен ғасырдың аяғында әдебиетте иттермен биелерді қолдан ұрықтандыру туралы мәліметтер шыға бастады.
Ауылшаруашылық саласында қолдан ұрықтандыруды И.И. Иванов малдардың жалпы сапасын жақсарту әдісі ретінде ұсынғаннан кейін қолданыла бастады. И.И. Иванов бірінші болып ұрық сары суын (қосалқы бездердің табиғи секреті) қолдан жасанды орталармен алмастыруға болатынын дәлелдеді. Сол кездегі бірнеше ірі ғалымдар (Е.Штейнах, Л.Камус және басқалары) мұндай мүмкіншілік болмайды деді. Осы жағдай қазіргі кездегі ұрықтарды сұйылту әдісінің негізін құрды.
1899 жыл И.И. Иванов сиырлар мен биелерді қолдан ұрықтандыруды зерттеп және оң нәтиже алып жоғары өнімді өндірушілерінің ұрықтарын тез арада малдардың тұқымдық сапасын және олардың өнімділігін жоғарлатуға белсенді қолдануы үшін ұсынды. Шәуетпен 12 және одан да көп биелерді ұрықтандыруға болатынын делелдеді: қолдан ұрықтандырудың тиімді есеп жүйесін өңдеді; өндірісте осы әдісті ұйымдастыру принципін, ұрық алуға және ұрықтандыру арналған аспаптар ойлап шығарды. Кейбір аспаптар (Иванов корнцангісі жұмсақ катетер) қазіргі кезде де қолданады.
1908 жылы қолдан ұрықтандыру туралы дәрістер мен зертханалық сабақтар жүргізілді және биелерді қолдан ұрықтандыру орындарының меңгерушілерін дайындай бастады.
1913 ж. биелерді қолдан ұрықтандыру тәжірибесі 30 губерниядан астам жерде қолданылды.
Ұлы Октябрь төңкерісінен кейін И.И. Иванов ірі қара мал мен құстарды қолдан ұрықтандыру бойынша кеңінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
И.И.Иванов малдарды қолдан ұрықтандыру әдістерінің негізгі теориялық принциптерін қалады. Қазіргі ұрықты алу, сұйылту, сақтау әдістері алғаш рет И.И.Иванов ұсынған әдістерді дамыту түрінде жүргізіледі.
Қолдан ұрықтандыру әдістерін жетілдіру кезінде көптеген техникалық тәсілдер өңделді. 1931 ж. И.В. Комиссаров, В.И. Липатов және И.И.Родин ұсынған қолдан жасанды қынап ауыл шаурашылық малдарының барлық түрлерін қолдан ұрықтандыруының маңызды жетілдірілген әдісі болды. Ұрықты жасанды қынап арқылы алу дүние жүзінің әдебиетінде орыс әдісі ретінде белгілі. Ұрықты тоңазыту әдісі өңделді. А.Д. Бернштейн және В.В.Петропавловский (1936) дүние жүзінде бірінші болып ұрықты тоңазытқанда глицеринді қолдану қажеттілігін дәлелдеді.
И.В.Смирновтың ұрықты сұйық оттекте және қатты көміртегінің қосқышқыл тотығында терең сұйыту арқылы ұсынған сақтау әдісі ұрықты сұйық азотта ұзақ сақтау әдісінің негізгі болды.
Өндіріске бірнеше аспаптар мен әдістер енгізілді.
Әсіресе қолдан ұрықтандыру әдісі қой шаруашылығында тез дамыды. Осылайынша 1930 ж 100 мыңдай қой, ал 1938 ж – 14 млн, 1939 ж – 15 млн, ал 1940 ж – 17 млн қой қолдан ұрықтанылды.
Малдарды қолдан ұрықтандыру және осы әдісті одан ары дамыту жұмыстары Ұлы Отан соғысы жылдары да тоқтаған жоқ.
Қазіргі қолдан ұрықтандыру техникасы бір өндірушінің ұрығымен 35 мың аналықты жыл ішінде және оны өндіруші ретінде қолданған уақытта 150 мың ұрықтандыруға мүмкіншілік береді.
Қолдан ұрықтандырушы техник жеткілікті түрде акушерлік, гинекология әдістерін меңгерсе, негізгі жұқпалы аурулармен және олардың сақтандыру әдістерімен таныс болса ғана қолдан ұрықтандыру жақсы нәтиже береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет