2.6. Ұрықтарды сақтау
Организмнен сыртқы ортада сұйытылмаған және сұйытылған ұрықтарды сақтаған кезде олардың плазмалары өзгеріп, акросома аппараттары бұзылады. Сондықтан неғұрлым организмнен тыс ортада ұрықтың өмірсүргіштігін ұзағырақ сақтай алсақ, соғұрлым қолдан ұрықтандыру кезінде ұрықты көлемді қолдана аламыз, сонымен қатар ұрық қорының бар болуы жылдың кез-келген мерзімінде де аналық малды ұрықтандыруға жағдай туғызады.
Ұрықтың физиологиялық қасиетін зерттегенде, ұрықты төмендегі екі жағдайды дұрыс қолдана отырып организмінен тыс жағдайда пайдалы қолдануға мүмкіндік туады.
1) Ұрықтың белсенділігі төмен жағдайда сақталынады. Неғұрлым белсенділігі төмен болған сайын, сақталу мерзімі ұзара түседі. Ұрықтың белсенділігін төмендету жолдары: а) температураны төмендету б) ұрықтың зат алмасуын тежейтін жағдай жасау (қышқыл орта) в) ұрықты тітіркендірмейтін сұйылтқыш пен жыныс қосалқы безі секретін араластыру.
2) Бактериотоксиндер, бактериолизиндермен ұрықтың улануын болдырмау. Бұл үшін ұрықты таза күйінде алып сұйылтқыштармен араластыру қажет.
Ұрықтардың негізгі зат алмасу процесіне ықпал жасайтын фактор - температура. Ұрықтарды сақтау мерзімінің сапасы олардың анабиозімен анықталады. Анабиоз толық және толық емес түрлерде кездеседі. Толық емес анабиоз кезінде ұрықтардағы зат алмасу процессі тек жай босаңсиды, бұл жағдайда ұрықтарды қысқа мерзімде сақтайды (1-3 күн). Толық анабиозда зат алмасу процесі төменгі шекке жетеді, соған байланысты ұрықтарды ұзақ мерзімде сақтайды (бірнеше жыл).
А) ұрықты үй бөлмесі температурасында қысқа мерзімде сақтау (16-200).
Қабан ұрығын сақтау үшін кеңінен хелаттық орталар қолданылады. Хелатон (трилон-Б). Осы заттар бөлме температурасы жағдайында ферменттерді жояды, сонымен ұрықтардың зат алмасу процесін тежейді. Егерде ұрықтың температурасын малдың дене температурасына жақын көтерсе, онда ұрықтар жылжи бастайды да хелатон әсері жоғалады. Осы көрініс хелаттық ортамен сұйытылған ұрықты аналық малдың жыныс жолдарына енгізгенде байқалады.
Б) ұрықты мұз еритін температурада қысқа мерзімде сақтау (2-5°). Бұл бұқа, қошқар, айғыр ұрықтырын сақтау кезінде қолданылатын әдіс. 0° таяу температурада ұрықтың өмірсүргіштігі ұзарады және зат алмасу процессі тежелінеді. Бұқа және қошқар ұрықтарының тыныс алуы мен фруктолизі малдар денесінің температурасында өтетін осы процестердің белсенділігімен салыстырғанда 20-25 есеге тежеледі.
Ұрықтарды тоңазыту үшін тоназытқыштар, термостар басқада аспаптар қолданылады (олардың температурасы 2-5° болады). Жұмыртқа сарғышын сұйылтқыш ретінде қолданғанда ол ұрықтың температурадан естен тануын (зақымдандын) төмендетеді, бірақ бір жолы оны жойып жібермейді. Сондықтан ұрықты жай біртіндеп тоназыту керек. Ұрықты сұйылтқышпен араластырғаннан кейін оны бөлме температурасында (18-20°) 20-30 минут ұстау қажет. Содан кейін ішінде ұрығы бар ампуланы, флаконды немесе пробирканы жұқа қабатты мақтамен орап полиэтилендік қапшыққа салады да ішінде мұзы бар термосқа немесе тоназытқышқа қояды.
Осы әдіс бойынша бұқа ұрығы бар қапшықты үстінде мұз қабаты жабып тұратындай қылып қояды, ол бір қалыпты температура болуын қамтамасыз етеді (2-5°).
Бұл жағдайда бұқа ұрығын 3 күн аралығында белсенділігі 7 баллдан төмен болмаса аралығында сиырды ұрықтандыру үшін қолданады.
Қошқардың сұйылтқышпен араластырған ұрығының белсенділігі 8 баллдан төмен болмаған жағдайда оны 24 сағатқа дейін саулықты ұрықтандыруға қолданады. А.И. Лопырин мен В.К. Рабочеваның дәлелдеуіне сүйенсек, жаңа алынған қошқар ұрығы саулық жыныс органында ұрықтандыру қасиетін 30 сағатқа дейін жоғалтпайды екен. Осы көрсеткіш ұрықты 0° температурада сақтау кезінде 20%-төмендейді, ал 2 күннен кейін -30%. 2 тәулікке дейін сақталынып, белсенділігі 5 баллдан төмен болмаған жағдайда айғыр ұрығын биені ұрықтандыруға қолданады.
Ұрықты әртүрлі әдістермен сақтағанда, олардың сұйыққа тоңазыту қабілеттілігі біркелкі емес екенін ескеру қажет.
Мысалы: кейбір бұқалар мен қабандардың ұрықтары 0° температурада нашар сақталады, ал 4-5° қанағаттанарлықтай нәтиже болады (И.В. Смирнов). Шаруашылық жағдайында ұрықтарды 2-5° сақтау үшін арнайы қолдан ұрықтандыруға жасалған термостарды қолданады.
Қазіргі кезде ұрықты пирамидада сақтау әдісі ұсынылды (Оңтүстік Ғылыми зерттеу институты)
Достарыңызбен бөлісу: |