Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет29/115
Дата25.09.2022
өлшемі2.58 Mb.
#461304
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115
акушерство китап

2.7. Ұрықтарды тасымалдау
Қазіргі уақытта малдарды тасып әкелетін ұрықтармен ұрықтандырады. Ұрықты қандай қашықтықтан әкелгені ешқандай рөл ойнамады, олардың малды ұрықтандырғандағы нәтижесі табиғи ұрықтандырудағыдан кем болмау керек.
Тасымалдау кезінде ұрықты қабылдап алғаннан ұрықтандыруға қолдану кезіне дейін ұрықтың тіршілігін сақтайтын тәртіпті қатаң қадағалаған дұрыс. Ұрықты термоспен тасымалдайды.
Ұрықты сұйық азотта сақтап тасу үшін арнайы тоңазытқыш жабдықтарды қажет етеді: азотты тоңазытқыш камералар, азоттық термостар. Көбінесе ұрықты сақтау үшін Дьюар ыдысы қолданылады.
Бұндай жағдайда ұрығы бар ыдыстардың істен шықпауын қадағалау қажет. Аз мерзімді уақытқа сақтауға қойылған ұрықты температураның ауытқыуынан сақтау керек.
Тоңазытылған ұрықты Дьюар ыдысымен тасымалдайды. Егер ұрық жерде жүретін көліктермен тасымалданса онда ыдысты мықтап бекіту керек, өйткені ішінде азоты бар ыдыс құлаған жағдайда жарылуы мүмкін. Егер ішінде азоты бар Дьюар ыдысын ұшақпен тасымалдаса, ыдысты азотпен жартысына дейін толтырады.
Әрбір жіберілген ұрық топтарына ордер беріледі, оған ұрықты алған тәулікті және сағатын, аталық малдың атын, ұрық бағасын және мөлшерін жазады.
Қолдан ұрықтандыруды дұрыс ұйымдастыру қатаң түрде малдардың организмінің физиологиялық ерекшеліктеріне негізделеді, ол малдардың тұқымдық құрамын жақсартуға және олардың өнімін жоғарлатуға мүмкіндік туғызады.
Қолдан ұрықтандыру өте бағалы аталық малдарды сүт, ет, жұн және басқа өнімдерді жоғарылатуда пайдалы қолданылатын негізгі шара болып есептелінеді.
Қолдан ұрықтандыру әдісімен жыл ішінде бір бұқа немесе қошқардан 60-80 бұзау немесе қозы алуға болады. Қолдан ұрықтандыру кезінде осы бұқа ұрығымен мерзім уақытында бір бұқадан 20 мыңдай бұзау алуға мүмкіндік болады.
Қолдан ұрықтандыру барлық мал өсіру және өндіру, асылдандыру кездерінде қолдандылады.
Қолдан ұрықтандыру аз уақыт ішінде аталық малдардан көп мөлшерде төл алуға және осы аталық малдарды оқып-білуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сұрыптау мен жұптау жолдарымен малдардың пайдалы жақтарын күшейтуге және бекітуге мүмкіндік туғызады.
Қой шаруашылығы саласымен айналысатын белгілі ғалым К.Д. Филянский қолдан ұрықтандыру көмегімен небәрі 8 жыл ішінде жаңа биязы жұнді кавказдық қой тұқымын шығарған. Қазақстанда қолдан ұрықтандырудың көмегімен жабайы арқар қошқарының ұрығымен биязы жүнді саулықты ұрықтандыру арқылы жаңа қазақ арқар-меринос тұқымы алынды.
Біздің шаруашлықтардың көп қырлылығы соншалық кейде мал түрлерін бір-бірімен шағылыстырып алынған буданнан будан малдарын өсіреміз.
Будандарда будандастыруға қолданылған малдарда болмайтын төзімділік, жылдам өсу және басқа да қасиеттер болады. Көбінесе Қырғыстанда, Алтайда сиыр мен қодасты (як) будандастыру арқылы алынған будандар жиі кездеседі.
Тәуелсіз мемлекеттердің кейбір аудандарында есек айғыры мен биені будандастыру арқылы алынған қашыр (мул) табылмайтын көлік. Ірі қашыр алу үшін ірі есек айғыры мен ірі биені бір-бірімен будандастыру керек, бірақ бұл өте қиын, өйткені бойы мен көлемі жағынан малдар бір-біріне сәйкес келмейді. Осы кемістіктерді қолдан ұрықтандыру әдісі жоюға мүмкіндік береді және осы әдістің ерекше маңызы ол ұрықтың сапасын сұрыптау жолымен реттеледі.
Қолдан ұрықтандыру жұмыстарының теориялары мен техникаларының дамуы және мамандардың білімдерінің өсіп-жетілуі бір аталық малдан алынған ұрықпен көп аналық мал санын ұрықтандыруға жағдай тұғызады. 1930-1931 жылдары қолдан ұрықтандыру әдісін қолданып бір қошқардың ұрығымен ұрықтандыру маусым уақытында 120-150 қозы алынды.
Қазіргі уақытта қолдан ұрықтандыру кезінде пайдаланылатын техникалардың көмегімен бір аталық мал ұрығымен жыл ішінде 25 мыңға дейін, ал өндіруші ретінде пайдалану кезенінде 150 мың бас аналық малдарды ұрықтандыруға болады.
Ауылшаруашылық малдарын қолдан ұрықтандырудың теориясымен тәжірибесі алты бөлімнен тұрады: 1. ұрық туралы ұғым; 2. ұрық алу әдістері; 3. ұрықты сұйылту және сапаландыру; 4. ұрықтарды организмнен тыс жағдайда сақтау; 5. ұрықтандыру әдістері және 6. қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет